«Күйеуіммен ажырассам ба деп ойладым»: Блогер Сабира кәсібі, отбасы мен табысы жайлы айтты
Көпшіліктің көзайымына айналып үлгерген блогер Сабира Жарасқызы отбасы мен кәсібі, табысы жайлы сөз қозғады. Отбасында әкесінің жалғыз қызы болып өскен ерке қыз өзін күйеуі тәрбиелегенін айтады. Стоматолог кәсібін оқыған ол өнер әлеміне өз қалауымен келген.
Бұл туралы Сабира Тимур Балымбетовпен болған сұхбатында айтты.
Сабира Жарасқызы әлеуметтік желіде белсенді. Өзіндік оқырманы бар. Табыс көзі де негізінен желіден келеді. 19 жасында махаббатпен тұрмысқа шыққан қыз бүгінде үш баланың анасы.
«Мен жастайымнан мансап қуамын, қызмет етемін, содан кейін ғана тұрмыс құрамын деп өскенмін. Бірақ қалай болғанда да 19 жасымда тұрмысқа шығып кеттім. Мен махаббатта осалмын. Басқа нәрседе қаттымын, мықтымын. Бірақ махаббатта осалмын. Өйткені шығармашылық адаммын. Бәрін жүрекке жақын қабылдаймын. Күйеуіммен танысқан сәтімде бәрінің қалай болғанын білемін. Жаным шығармашылыққа жақын. Оқу оқып жүргенде театрда актриса болдым. Бала күнімнен актрисалықты өзім қалаған секілдімін. Бірақ дәрігер мамандығын, оның ішінде тіс дәрігері мамандғын оқыдым», — дейді блогер.
Айтуынша, блогер қыз өз кәсібімен қызмет етіп үлгермеген. Ерте жастан тұрмыс құрып, бала күтіміне қараған. Кейіннен желіде вайндар түсіре бастады. Алайда өнерден кетсем, өз кәсібіммен жұмыс істей алатынын айтады.
«Күйеуім өзімнен алты жас үлкен. Бастапқыда жиі ұрысатынбыз. Тіпті ажырасамын деген де уақыттар болды. Көп ұрысатынбыз. Қазір оның бәрі қалпына келгендей. Көп жағдайда мен кешірім сұрап, өзімдікі дұрыс емес екенін түсінемін. Себебі, ер адамдар көп жағдайда бекерге ұрыспайды. Соны түсіндім. Сондықтан ұрысымыз да азайды. Мен әкемнің қызы болдым, ерке болып өстім. Сондықтан жоқ дегенді түсінбейтінмін. Күйеуім мені тәрбиеледі десем де болады», — деді блогер.
Сабира ән айтқанды, билегенді, рөл сомдағанды жақсы көреді. Алайда кәсіби маман емес. Дегенмен өз аудиториясы бар. Желіде шығып жатқан вайндарын күйеуі дайындап береді.
«Күйеуімнің ақшасы, менің ақшам деген әңгіме жоқ. Бөліп-жармаймыз. Күйеуім менен аз табады деп айта алмаймын. Оның жеке емханасы бар. Ол да тіс дәрігері, қайын атам да тіс дәрігері. Мен қайда түсірілімге барсам, жолдасым менімен бірге. Оның бәрін бағалаймын, қорғап, көмектесіп жүреді. Желіде ішімдікті, темекіні, өзім ішіп көрмеген дәріні, құмар ойындарды жарнама жасамаймын. Тіпті қанша қомақты қаражат ұсынса да. Бір-екі рет сондай ұсыныстар болды. Тіпті бас кетуге болады. Бірақ бұл Алланың сынағы. Бұдан бас тарттым. Маған абыройым керек», — деді Сабира.
Айтуынша, тұрмыс құруға қарсы болған әкесі қызымен бір айдай уақыт сөйлеспей қойған екен.
«Әкем менің тұрмыс құруыма қарсы болды. Тіпті ерте шыққаныма рұқсат береді. Егер рұқсат бермесе, мен қашып кететінімді айттым. БІр ай менімен сөйлеспеді. Солай әрең кеттім. Мені қатты жақсы көреді. Екеуміз қатты жақынбыз», — деді Сабира Жарасқызы.