300 мың адам енді ЦОН-ға келмейді: Министр ХҚКО-дағы зор өзгеріс туралы айтты

0
789

Енді қазақстандықтар мекенжай анықтамасын алу үшін ХҚКО-ға барып әуре болмайды. Бұл туралы министр Бағдай Мусин айтты.

«Мемлекеттік қызмет бойынша қызықты кейс. Қазақстандықтар Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру және мекенжайын жою туралы анықтаманы жылына 3 млн рет алады екен. Стандартқа сай ұсынылатын электрондық қызмет. Бір қарағанда, таңқаларлық ештеңе жоқ сияқты, бірақ көңілге қонбайтын бір жайт анықталды. Мемлекеттік мекемелер бұл анықтаманы ХҚО-дан алдырады екен. Осы жерде заңды сұрақ туындайды: алынып жатқан жылжымайтын мүлік немесе жер туралы ақпарат базада бар болса, онда неге азаматтардан анықтама сұрайды? Оның үстіне бұл анықтаманы алу үшін азаматтар 6 күн сабылады екен.

Ведомствоаралық комиссияда бұл қызметті тізімнен алып тастау ұсынылды, есесіне тұрақты мекенжай (код) берілетін болады. Жер учаскесі алғашқы рет ресімделген кезде код беріліп, бұл жайлы ақпарат 2ГИС сияқты платформада қолжетімді болады. Ал бұзу актісінің аясында жүргізілетін техникалық тексеріс кезінде мекенжайды жою туралы мәлімет енгізіледі.

Нәтижесінде қажетті ақпараттардың барлығы жүйеде көрініп тұрады да, азаматтар 3 млн рет анықтама алу мәжбүрлігінен құтылады. Сөйтіп, ХҚО-ға баратын адамдардың санын 300 мыңға дейін азайтуды жоспарлап отырмыз» дейді министр.