«Күйеуімнен құтылғаныма қуанам»: Елордалық әйел Сара Амангелдімен көңіл қосқан бұрынғы күйеуі туралы айтты

0

«Кешью» тобының бұрынғы солисі, актриса Сара Амангелді сүйіктісімен түскен сурет үшін талқыға түсті. Құралай Бияхмет бұрынғы күйеуі мен Сара Амангелдінің бірге түскен суретін жариялап, оларға бақыт тіледі. Айтуынша, бұрынғы жолдасы актриса Сара Амангелдімен көңіл қосқан.

«Бұрынғы күйеуімді үшінші әйел алуымен құттықтаймын. Одан құтылғаныма құдайға шүкір. Енді балаларымд алып кетеді деп қорықпайтын болдым», — деді Құралай Бияхмет желіде.

Бұған дейін Құралай Бияхмет 4 жастағы қызын бұрынғы күйеуі алып кеткенін айтып шу шығарды. 2021 жылдың қаңтар айында бұл оқиға қоғамда талқыға түскен соң іс оң шешімін тапты.

Бүгінде Құралай Бияхмет желіде күйеуі екеуінің ара қатынасын жиі жазып жүр. Бұрынғы жұбайының баласы үшін алимент төлемейтінін, сот алдында жауапқа тартылмағанын атады.

«Бұрынғы қайын атам Мәулетқазы Мәжкеновке үш бап бойынша айып тағылған. Бірақ жазаланған жоқ. Ол полицейлерге, сот орындаушыларына бұрышталған баллон шашып, қарсылық көрсеткен болатын. Полицейлер тексеріп жатырмыз, қарияның денсаулығы жоқ деумен шектелді. Содан бері бес ай өтсе де, хабар жоқ. Шамасы, бәрін ақшамен шешкен шығар», — дейді Құралай.

 

Ал актриса Сара Амангелді бұған қатысты ешқандай жауап айтқан жоқ. Көрерменге шығармашылығына қатысты жаңалығын айтып, қызықтырып  қойды.

«Баршаңызға сәлем бердім! «Неге көрінбей кеттің?» деп жиі жазып жатқандарға бір амандасып қояйын дедім. Уайымдамаңыздар. Менде бәрі тамаша. Әлеуметтік желіден демалып, әрбір сәтті бағалап, жақындарыммен біргемін. Менің көңіл-күйім желіге байланысты емес екенін бұрыннан білесіздер ғой🤗 Сондықтан қызыл-жасыл интернетке байланбай, жанның тыныштығымен өмір сүруді сіздерге де кеңес етемін.Жуырда жақсы жаңалық🥰Күтіңіздер. Қандай деп ойлайсыздар? Ойларыңызды жаза кетіңіз», — деді ол.