Қазақстанда автобус жолағымен көліктің барлық түрінің жүруіне рұқсат етіледі

0
260

Қазақстанда «Bus Lane» жолағымен көліктің басқа түрлерінің жүруіне рұқсат берілетін уақыт белгіленбек.

Мұндай өзгеріс ҚР ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті әзірлеген үкімет қаулысының жобасында көзделген. Аталған жобада «Жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына «Bus Lane» жолағымен тек қоғамдық көліктердің жүру уақыты таңертең 2 сағат, ал кешке 3 сағат болып өзгерту енгізілмек.

«2. 5.9, 5.10.1 – 5.10.3 белгілерімен белгіленген маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда сағат 07:30-дан 9:30-ға дейін және сағат 17:00-ден 20:00 уақыт аралығында қоғамдық көліктердің жүруі жүзеге асырылады және аялдайды (Қағидалардың 24-бөлімінің 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда), қалған уақыттарда және демалыс күндері осы жолақта қоғамдық көліктерден басқа көлік құралдары жүру және аялдау жүзеге асырылады», – делінген жария талқылауға шығарылған қаулыда.