Вакцинациядан кейін қайтыс болған екі қазақстандық: Ресми өкіл түсініктеме берді

0

Коронавирусқа қарсы вакцина алған екі қазақстандық қайтыс болды.

Мұндай ақпарат қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Лаура Мырзағалидің қатысуымен Алматыда вакцинациялау жылдамдығы туралы онлайн-брифинг барысында жарияланды.

Лаура Мырзағали бұл фактілер бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын және олардың өлімінің нақты себебі вакцинация болды деп айтуға ерте екенін айтты. Қорытынды осы жылдың маусым айында дайын болуы керек деді өкіл.

Марқұмдардың бірі — 1979 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны Бақытжан Нұртазин, екіншісі — Алматы перзентханасының қызметкері екені белгілі.