«Әлихан Бөкейханов Цойды көрсе көрге қайтып кіріп кетеді» — Уәлибек Әбдірайымов (видео)
Белгілі әртіс Уәлибек Әбдірайымов қазақ елінің болашағына алаңдайтындығын жеткізді. Ол өз сөзінде елдің, ұлттың құндылықтарының сақталуы жастармен тікелей байланысты екенін баяндады. Бұл туралы ол «Қасқа жол» бағдарламасында айтты.
— Менің айтарым, бұл ел қандай ел, кімнің елі? Жоқ әлде бұл елді бізге біреулер сыйлыққа берді ме екен? Ресей, Қытай, Америка сыйлыққа берді ме!? Сендер осы жерде тұрыңдар деп. Бұл сенің ата-бабаң қорғап алған жерлер. Осы идеология онша көтерілмейді-ау деп ойлаймын.
Егер осы идеологияны елді басқарып отырған кісілер жүргізетін болса бірінші тіл мәселесін көтеруі керек еді. Ата-бабаның тілі ғой осы. Осы үшін жан пида болған Қабанбай, Әбілқайыр, қай қайсысы болсын тіріліп кеп қалса не болады? Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар кеп қалды дейік. Біздің Парламенттің тілін көрсе. Кешегі Цойдың ұсыныстарын көрсе не дер еді олар.
Олар өздерін қайта бауыздап кетіп қалады-ау. Өйткені, оны тыңдайтын адам жоқ қой. Танымай қалуы да мүмкін ғой. Қазіргі идеологияға айтарым, ең бірінші елді қандай ел екенін біліп, қандай елдің идеологиясын жүргізу керек дегенді ойланып, ажыратып алса деймін. Сосын Батысқа қарай еліктей бермесек.
Құнды нәрсемізді жоғалтуға болмайды. Келешекте қазақ елін елестетемін. Өйткені, жастар бар қазір. Сол шын жастар келсе екен деймін — деді Уәлибек Әбдірайымов.