Бекшин Рамазан қарсаңында алматылықтарға үндеу жариялады

0
27

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Рамазан айының қарсаңында алматылықтарға үндеу жариялады.

– Біз Қасиетті Рамазан айының қарсаңында үндеу тастаймыз. Былтыр Ауызашардан кейін бізде науқастар саны күрт өсті. Біз өз азаматтарымыздың ұсыныстарын естіп жатырмыз. Әрине, біздің азаматтар осы жылы да ұжымдық іс-шараларға қатысты ұсыныстарымызды естіп, соларға құлақ асса дейміз. Тіпті, отбасылық жиындарды жиі өткізбесе болар еді. Отбасылық жиынға тек бір отбасы мүшелері ғана қатыса алады.

Біз бұқаралық ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салдық, оны есте сақтау керек, – деді Бекшин.

Еске салсақ, 2 сәуірде Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету