7 жастағы Тасмағамбетовтың немересі қытай болып кетті ме: «Қытайларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!» (видео)
Қытайдың ресми Chinanews.com сайтының Youtube арнасына: «Қазақтың әйгілі саясаткері және бұрынғы премьер-министр Тасмағамбетовтің немересі Си Лин Қытай халқына жаңа жылдық тілегін видео арқылы ұсынды» деген түсіндірме жазылған видео пайда болды, деп хабарлайды KzNews.kz.
Видеода бүлдіршін қыз: «Таулар мен өзендер әртүрлі, жел мен ай бір аспанда! Мен Қазақстанның Алматы қаласынанмын, барлық Қытай халқын және барлық шетелдегі қытайлықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!» дейді.
Ол сонымен бірге өзінің 7 жаста екенін, «Бір әлем, бір арман» және Қытай-Қазақ достығының мәңгілік болуын тілейтінін, қытай мәдениетін қатты жақсы көретінін жеткізеді. Ол қытай тілінде еркін сөйлей алады.
Сонда заңды сұрақ туындайды, саяси салмағы басым тұлғаның немересі қытай тілінде еркін, қатесіз сөйлеп, қытайларды мерекесімен құттықтауы нені білдіреді? Бұл Қытайдың «жұмсақ күшінің» жемісі болып отыр ма? Қазақ ұлтының жоқшысы, ел патриоты ретінде танылған тұлғаның ұрпағы қытай болып кетті ме?
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын біз Қазақстандағы 5G технологиясына Қытайдың Huawei компаниясы техникалық қолдау көрсететінін жазған болатынбыз.