Қазақстандағы 5G-ға Huawei компаниясы техникалық қолдау көрсетеді

1
379

2021 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан қаласында 5G желісін сынақ негізінде ашу жоспарланып отыр.

5G елорданың алдымен Назарбаев университеті, Экспо қалашығы, әуежай мен Нұрлы-Жол теміржол вокзалын және үлкен демалыс орындарын қамтиды.

Бұл туралы Премьер-Министрінің ресми сайты жазды.

Енді бір қызығы, қытайдың CCTV жаңалықтар қызметі Нұр-Сұлтан қаласындағы осы 5G қызметіне Huawei компаниясы техникалық қолдау көрсетеді деп жазған.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек: «2022 жылдың соңына қарай 5G желісін республикалық маңызы бар қалаларда іске қосуды жоспарлап отырмыз. 2025 жылға қарай барлық облыс орталықтарын қамту көзделген. Біз өз тарапымыздан 5G үшін жиіліктерді конкурстар немесе аукциондар арқылы бөлуге мүмкіндік беретін заң жобасын іске қостық, бұл нарықты айтарлықтай ырықтандырады және бәсекелес негізде операторларға осы жиіліктерді өзара алып, оларды пайдалануға мүмкіндік береді» дейді.

Бұл деген сөз елдегі хабар-байланыс технологиясының келесі буыны түгелдей дерлік қытайлық компанияның бақылауына өтпек.

KzNews.kz