Қызылордада14 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп қайтыс болды

0
575
Фото: psyhosoma.com

Қызылордада 14 жастағы жеткіншек қыз бесінші қабаттан секіріп көз жұмды. Бұл туралы БАҚ.kz жазды.

7 наурызда Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2007 жылғы жасөспірім қыздың секіріп кеткені белгілі болды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының айтуынша, жас қыз өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Кәмелетке толмаған жеткіншек медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.