Жаңатаста 20 мыңнан астам адам жылусыз қалды: аудан әкімі қызметінен кетті

0

Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі блыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылды. Бақытжан Жақсылықов бұл лауазымға өткен жылдың 4 шілдесінде тағайындалған еді.

Еске сала кетсек, 9 ақпанда Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласында орталық қазандық істен шығып, 20 мыңнан астам адам үш күн бойы жылусыз және ыстық сусыз қалған болатын. Нақтырақ айтқанда, барлығы 92 көпқабатты үй және 40-тан астам бюджеттік мекеме жылудан ажырады.