АҚШ қылмыс әлемінің серкесі қырғыз Камчыбек Кольбаевтың «басына» $5 млн тағайындады

0
30

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті қырғыз Камчыбек Кольбаевты ұстауға көмектескен адамға берілетін сыйақының көлемін арттырды деп хабарлайды «Азаттық Рухы» сайты.

Бұған дейінгі сыйақы мөлшері 1 млн АҚШ долларын құраса, қазір ол 5 миллион долларға жетті.

Сондай-ақ, дәл осындай сыйақы Кольбаев құрған және әліге дейін басқаратын заңсыз қаржы ағымын тоқтатуға көмектескен адамға да беріледі.

АҚШ билігінің айтуынша, Кольбаев өз басшысын өлтірмек болғаны үшін және бірнеше адамды өлтіргені үшін 2000 жылы 25 жылға сотталған. Алайда, түрмеде 6 жыл отырғаннан кейін ол қашып құтылып, 2008 жылы Мәскеуде «вор в законе» мәртебесіне ие болды. 2011 жылы Барак Обама әкімшілігі Кольбаевты есірткі мафиясының жетекшісі деп таныса, 2012 жылы оның «басына» сыйақы тағайындады.

Еске салайық, 2020 жылы Қырғызстандағы митингілерден кейін Камчыбек Кольбаев ұсталып, қамалған болатын. Алайда, биыл 2 наурызда сот оны ешқайда кетпеу қолхатымен қамаудан босатты.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету