Қарастыруға уәде бермін: Асқар Мамин жердің сатылуына қатысты мәлімдеме жасады
Премьер-министр Асқар Мамин Мәжіліс депутаттарына жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салу мүмкіндігін қарастыруға уәде берді.
«Мораторий аяқталған соң Жер кодексіне жаңа нормалар енгізіледі. Сол кезде шетелдік компаниялар мен азаматтарға жер сатуға сондай-ақ шекара маңындағы жерлерді көрші ел мен оның азаматтарына жалға беруге тыйым салу бойынша депутаттардың ұсынысы міндетті түрде ескеріледі», — деп келтіреді Маминнің сөзін КазТаг агенттігі.
Еске салайық, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында жерге жарияланған мораторийдің аяқталатынын және «жердің шетелдіктерге берілмейтінін» мәлімдеген. Бірақ ауыл шаруашылық жерлерін экономикалық айналымға түсірудің қажет екенін де айта кеткен.
20 қаңтарда мәжіліс депутаты Берік Дүйсембаев үкімет басшысына сауал жолдап, халықтың жерді сатпау жөніндегі талабын заңнамаға дереу енгізуді нұсқаған.
«Жер дауының талқыға салынғанына 5 жыл болса да әлі нәтиже жоқ. Халықтың жерді сатпау жөнінде нақты шешімі, көзқарасы бар. Алайда ол талап әлі заңнамаға енген жоқ«, — деген еді депутат.