Екібастұзда көпқабатты үй ауласында ер адамды атып тастады, кісі өлтіру видеоға түсіп қалған

0
8186
Фото: Новый Вариант

Екібастұзда көп қабатты үйдің ауласында ер адамды атып өлтірді, деп хабарлады ҚазТАГ.

«2021 жылы 23 ақпанда сағат 08.00-08.10-да Екібастұз қаласының Сәтпаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз адам белгісіз қарудан оқ атты. Оқ тиген кісі оқиға орнында қайтыс болған», – деді Павлодар облыстық полиция басқармасының басты Нұрлан Мәсімов.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыс жасады деп күдікті тұлғаны анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Бұған дейін әлеуметтік желіде марқұмның қоқысты қалай қоқыс жәшігіне лақтырып, қылмыскер жылдам қадаммен оны айналып өтіп, артқы жағына екі рет атқаны жайлы видео жарияланды. Мұның бәрі өтіп бара жатқан адамдардың көз алдында болды.

Полиция осы факт бойынша кез-келген ақпараты 102-ге хабарлауды сұрайды. Анонимдік кепілдік беріледі.