Ләйлә Сұлтанқызы ұлын босану үшін перзентханаға көлікпен өзі келген

0

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы кенже ұлын туған күнімен ерекше құттықтап, оны дүниеге қалай алып келгенін есіне алды. Ақпарат өкілі екінші перзентін босанған кезіндегі қызықты оқиғасымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Ләйлә Сұлтанқызы ұлының 12 жасқа толуына орай, Instagram желісінде оған жазба арнады. Тележүргізуші кенже баласына аналық тілегін жолдап, қалың көпшілікке оны қалай босанғанын айтып берді.

«Әрбір әйелде босанған кезіндегі қызық оқиға болады. Сардарымды босанған күнді еске алғым кеп отыр. 17 ақпан күні Алматыдағы «Ана мен бала» орталығына көлікпен өзім бардым. Толғақтың алғашқы белгілері басталды. Шыдай алмайтын болған соң жамбас омыртқасына эпидуралка (эпидуралка — босанудың ауырсынуын басатын эпидуралдық анестезия) салдырып алдым. Партнер боп кірген жеңгем оны көріп ана жерде талып жатыр. Оның қауіпі бар екенін ескертті, бірақ мен қорықпадым.

Содан не керек, толғатып жатырмын, толғатып жатырмын. Эпидуралка салдырған соң басылғандай болды. Уақыт өтуде, біз күтіп жүрміз. Сағатқа қарасам, 23:30. 12-ге дейін босанбасам, 19 ақпан боп кетеді деп қоям. Сондағы ойым 19 деген цифр ұнамай тұр. 18 деген жұп сан, әдемі ғой деп өзімше ойлап қоям.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

Сонымен он екіге 15 минут қалғанда Алия Робертовна мен Нағима Мусралиевна босандырып алды. Құдайдың бұйыртып тұрғаны ғой бұл балаға. 18 ақпан күні дүние есігін ашты. Міне, бүгін сол балам Сардарым 12 жасқа толып жатыр! Туған күніңмен, құлыным! Асқақ армандарың орындалсын» , — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.