Таразда жел әсерінен үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады (видео)

0

Тараз қаласында қатты желдің салдарынан үйлердің шатыры ұшып, ағаштар тамырымен жұлынып кеткен. Дауылдың видеосы әлеуметтік желіде тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Желідегі видеолардан тек үй шатырлары емес, ағаштардың да құлағанын аңғаруға болады. Бейнероликтердің бірінде ағаштың көліктің үстіне құлағаны байқалады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Тараз в объективе✌️ тво (@taraz_v_obektive)

«Қатты желден №16 үйдің шатыры ұшып, №14 үйге қарама-қарсы тұрған көліктердің үстіне құлады. Абай болыңыз», — дейді тұрғынның бірі желіде тараған видеода.

Tengrinews.kz-тің ақпарынша, ауа райының күрт бұзылуына байланысты жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Жайдар Құттыбаев қала тұрғындарына үндеу жасаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Тараз LIFE (@taraz_life)

«Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары қалада қатты жел соғуына байланысты көліктеріңізді ағаштар мен қауіпті аймақтарға қоймауларыңызды сұраймыз. Абай болыңыздар! Жаяу жүргіншілерден сақ болуын сұраймыз», — деген ол.