Сара Амангелді: Ұнатқан жігітім үшін қатты арықтап, анорексияға шалдыға жаздадым

0

Отандық танымал әнші әрі актриса Сара Амангелді бір ай ішінде 15 келі салмақ тастап, қатты арықтап кеткен кезін есіне алды. Әншінің мұндай қадамға баруына сүйген жігітінің сөзі әсер еткен болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Сара Амангелді ғашығының қалауын орындаймын деп өз денсаулығын құртып ала жаздаған. Өнер иесі аз уақытта көп салмақ тастап, анорексияға шалдығуға аз қалған екен. Бұл туралы ол «НТК» арнасындағы «Ревю» бағдарламасында айтып берді. «Сегіз жыл бұрын, 16 жасымда толық едім. Ұл секілді болатынмын. Бір күні мен ұнатып жүрген жігітпен кездестім. Онымен сөйлессем екен дейтінмін. Кейін өзі жазды. Мен түскен киноны көріпті. Кездесуге шақырды. Кездесуде маған арықтау керек екенін айтты.

«Егер сәл арықтасаң, ең әдемі қыз боласың» деді. Мен бұған ренжідім. Үйге барып жүгіре бастадым. Тамақ ішпей қалдым. Тіпті анорексия ауруына шалдыға жаздадым. Анам ұрысты. Психолог мұндай аурудан адам өліп кететінін айтты. Сол кезде өзімді қолға алып, тамақ ішіп, өз-өзіме келдім», — деді Сара Амангелді. 

Сонымен қатар, актриса өзіне сезімін білдіріп жүрген жігіттер көп болғанымен, өзі ұнатқан жігітті әлі кездестірмегенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Исабекова жеке өмірі жайлы ашылып сұхбат беріп, болашақ жолдасын не себепті жасыратынын айтқан болатын. Әншінің сөзінше, оның күйеужігіті мүлдем өнер адамы емес. Соға байланысты ер адам көпшілік назарынан тыс болғанды қалайтын көрінеді.