Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдайды — Қуаныш Еділхантегі
Қуаныш Еділхантегі желідегі парақшасында Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияны мақұлдайтынын алға тартып жазба қалдырды.
«Еуроодақ алдымыздағы дүйсенбіде Ресейге қарсы санкцияны мақұлдайтынын хабарлады. Яғни санкция дайын болғаны ғой. Я сәт, қанды басың бері тарт дейміз! Ресейден басқа дым көрмегендер, Еуропада дербес экономика бар ма еді өзі, Ресейден теріс айналғандар бәрібір сол Ресейге тізерлеп қайтып келетін еді ғой деушілердің іштері күйіп тұз жаласын!
Айтқандай, АҚШ конгрессмендері мем. хатшыдан «СП-2»-ге санкцияны қашан енгізгелі жатырсыңдар, жоспарын айтыңдар деп талап етіп жатыр. «Біз Ресейдің газ құбыры арқылы Еуропаға қысым жасауына төзіп отыра алмаймыз» — дейді конгрессмендер», — деп жазды ол.