Home Әлем Ерекше сұлу автобус жүргізушісі жұртты сүйсіндірді (фото)

Ерекше сұлу автобус жүргізушісі жұртты сүйсіндірді (фото)

0
449
Сурет: instagram.com/jodieleighthebusdriver_/

Ұлыбританияда ерекше көрікті автобус жүргізушісі көпшіліктің таңданысын тудырды деп хабарлайды The Sun басылымы.

Ұлыбританияның бұқаралық ақпарат құралдары 24 жастағы Джоди Ли Фоксты автобус басқарған әлемдегі ең көрікті жүргізушілердің бірі деп атаған.

Эссекс графтығындағы Брентвуд қаласында тұратын аруға жергілікті жұрт жұмысын ауыстыруды талай рет ұсынған екен. Бірақ ол өз жұмысын жақсы көретінін алға тартты. Бала кезінде автобусқа мінгенде, Джоди үнемі жүргізушінің қасына жақынырақ орын таңдайтынын есіне алды.

Ол автобус жүргізушісі болуды кішкентайынан армандаған екен. Бұған дейін науқас жандарға қараушы болып жұмыс істеген ару үш жыл бұрын армандаған жұмысына ауысыпты. Енді ол зейнеткерлікке шыққанға дейін автобус жүргізуді жоспарлап отыр.

Джоди өзінің жасы мен сыртқы келбетіне бола, оған әріптестерімен достасу қиынға соғып жүргенін, десе де жолаушылардан әрдайым көптеген мақтаулар еститінін алға тартты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Jodie Leigh Fox (@jodieleighthebusdriver_)

«Автобусқа ер адамдар кіргенде, олардың дені «сіз сондай әдемісіз» немесе «мен мұндай сұлу автобус жүргізушісін өмірімде көрген емеспін деп жатады», – дейді Джоди. 

Әйел жолаушылар болса, Джодидің маникюрін, шашын, макияжын ұнатып, мақтау жаудырады екен. Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар екіқабатты автобус сатып алып, оны ерекше сәнді үйге айналдырғаны туралы жазған едік.