Полицейлер қолында бала мен ауыр жүгі бар әйелді үйіне жеткізді

0

Әлеуметтік желі арқылы Балқаш ауданының тұрғыны Аят Қыраубаев жергілікті Полиция бөлімінің басшылығына өз алғысын жолдаған. Ол жас баланы жетектеп, дүкеннен азық-түлік алып келе жатқан жұбайын үйге жеткізіп тастаған тәртіп сақшыларына өз ризашылығын білдірген, деп хабарлайды Zakon.kz сайты. 

Оқиға 17 ақпан күні Бақанас ауылында болған.

Әкімшілік аумақты автопатрульдеу кезінде патрульдік полиция инспекторы полиция лейтенанты Біржан Сейткер көше бойында кішкентай баланы ертіп, ауыр жүк алып келе жатқан әйелді байқаған. Тәртіп сақшылары күннің күрт жылынғанына байланысты еріген қар баланың жүруін қиындатқанын байқаған. Ауыр жүк пен бүлдіршін ыңғайсыздық тудырған ана көмекке зәру еді.

Бізге жергілікті тұрғыннан 278-борт құрамындағы полицейлердің игі әрекеті үшін алғыс түсті.

«Қадамдық қолжетімділіктегі полиция» қағидатына сәйкес әр тәртіп сақшысынан ашықтықты, тұрғындарға жақын болуды және қолдан келгенше көмек көрсетуді талап етеміз. Полицияға деген халық сенімін арттыру мақсатында тиісті жұмыстар жасауды жалғастырамыз, — деді Балқаш АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы полиция майоры Азамат Аскарұлы Әбдрахманов.

Аудандық Полиция бөлімінің басшылығы әлеуметтік желіде тікелей эфирде онлайн кездесу кезінде тұрғындар полицейлердің жұмыстарына жоғары баға беріп, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шараларының жоғары деңгейде екенін атап өтті.