Ойлаудың адам өміріндегі маңызы
Кіріспе
Адамның өз өмір тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді. Соған орай, біз дүниенің сыр-сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді, оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз. Міне, осындай мақсат-мүдделерге жету жолында әрбір адам өзінің іс-әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз қасиеттерін, тәжірибесі мен білімінің, шама-шарқының жеткіліксіздігін аңғарады. Өйткені, әлем шексіз, соған орай дүниені танып білу де шексіз. Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын білуге бағытталады. Әрбір адам ойланып-толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердің сырын ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, оқушы оқу материалының мәнін түсініп, есеп шығаратын болса — мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып көрінеді .
Сонымен, ойлау дегеніміз — әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілімен тығыз байланысты психикалық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау — сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практиқалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім үрдісінің шеңберінен әлдекайда асып түседі.І. Ойлау туралы жалпы түсінік
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтыңн заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы. Сөз — ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі онын танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен керінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л. Леви-Брюль т. б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мәселен, атом бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр. Тағы бір нақты мысал. Белгілі АҚШ этнопсихологы Маргарет Мид (1901-1975) тынық мұхит аралдарының бірінде, өзге дүниемен ешқандай қарым-қатынас жасамай өмір сүріп келе жатқан, бір тайпа ел бар екенін анықтады. Бұл тайпаның тіршілігіндегі көп ерекшеліктің бірі балалар да, үлкендер де қуыршақ дегеннің не екенін білмейді екен. Осы айтылғандар ғалымның Мәдениет эволюциясындағы сабақтастық (1964) сутегінде айтылған.
Ғалымның әкеліп таратқан қуыршақтарына ер балалар да, қыздар да қатты қызығып, өздерінше бөпе қылып әлдилеп, киіндіріп, ұйықтатып ойнай бастаған. Бұған қарап қыз балаларда биологиялық аналық түйсіктің оянғаны, ал ер балалар соларға еліктеген ғой деуге болар еді. Шынында да, балалардың біразы қуыршақтармен бір сәт қана ойнап, кейін жайына кетті, ал басқалары қуыршақтардың қасынан кетпей, ойындарын түрлендіре түсті. Ал, бір ғажабы, ер балалар қуыршақпен ойнауларын жалғастыра бергенде, бұл ойыннан тез жалыққан қыздар болды. Арал тұрғындары тұрмысының бір ерекшелігі де осындай еді, баланы күтіп-бағумен неғұрлым қолы бос еркектер айналысады екен.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының акиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логиканық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы — адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижсеі. Ойлау-заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындықка айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін — объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын — оның қажеттері.
Ойлау — өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық- түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау-сұрақка жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Мәселен, «Сырдария Арал теңізіне құяды» деген сөйлемде ой туғызуға негіз боларлықтай түрткі жоқ. Мұнда біреуден естіген, не көріп білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты не құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небір көріністерін байқауға болады.
Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетгі тез анғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан «ауытқитын кездері де болады». Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Ғылыми-техникалық прогресс «ойлайтын» машинаналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) өз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да «ойнайды». Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін, Бірақ оқып үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам өзін машинаға ұтқызбас үшін, өз өнерін жетілдіріп отыруы тиіс. Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын қусырып, әзір асқа ие болып қарап отырады дегенді айтады.
1.1. Ойлау тәсілдері
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау – түйік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез – бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс.
Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне, құрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясының, күрделі түрі — абстракция мен жалпылау.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сөздерді «төрт бұрыш» деген сөзбен белгілесек соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде «ақшыл» деген сөзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.
Астракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетін болсақ, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияга қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жеке мысал, көрнекті құрал — нақтылаудың түрлі формалары.
Жалпылау дегеніміз біртекті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мәселен, алма, өрік мейіз, алмұрт т. б. ұқсас белгілері жиналып келіп, «жеміс» деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеудің жоғары түрі -классификация. Мәселен, жануарлар — типке, типтен – класқа, кластан — отрядқа, отрядтан — отбасыға, отбасыдан — текке, тектен — түрге т. б. жүйеленеді. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық әлементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады. Осы айтылған ой тәсілі мал шаруашылығының қыры мен сырын жақсы білетін қазақтарда ерекше дамыған. Мәселен олар шөпті ащы (көкпек изен, жусан т. б.), тұщы (қияқ боз т.б.), құрғақ сулы деп бірнешеге бөледі. Шөптерді қай малдың жейтініне қарай да топтастыруға болады.
1.2. Ойлау формалары
төртінші сынып оқушысында «құс» туралы ұғым толық қалыптасқан деуге болады. «Құс», »балық» ұғымдары балаға бұрыннан да таныс нәрселер. Сондықтан да оқушылар мүмкіндігінше (қай сынып оқушылары болсын) осы ұғымдардың негізгі, мәнді белгілерін білуге ұмтылады. Таблицадағы цифрлар бойынша оқушыларда ұғымның мәнсіз белгісіне нақты көңіл бөлу біртіндеп азая түсетіндігін көрсетеді. Мәселен, төртінші сыныптағылар осы ұғымның мәнсіз, екінші қатардағы белгілерінен тек 11 пайызын ғана атап өткен. Төртінші сыныптағылар заттардың жалпы белгілерімен қатар жеке белгілерін де жақсы ажырата алады. Осы сыныптағылар арыстанды сүт қоректілер тобына жатқызғанда оның басты белгісі -жыртқыш аң екенін көрсетіп береді.
Ұғымда заттардың өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың бір-бірімен байланыстары мен қарым-қатынастары (себеп-салдарлық кеңістік пен уақыттық, функционалдық т. б.) бейнеленіп отырады. Мәселен, жоғары-төмен, жақын-алыс, көп-аз секілді жеке, нақтылы заттардың өзара байланысын оқушылар қиналмай ұгады. Бірінші, екінші сынып оқушыларына заттың кеңістікке қалайша орналасқандығы жайлы ұғымдарды меңгеру қиынырақ соғады. Өйткені бұл оқушылар кеңістіктің негізгі өлшемі — ұзындық екенін бірден ажыратпайды. Мәселен, «метр» ұғымын көбінесе «бұл сызғыш» деп заттың түрімен шатастырады. Балаға түрлі өлшемдер туралы ұғымдарды (метр, километр) меңгертуді тәжірибемен (балалардың өздеріне өлшетіп үйрету) ұштастырып отырған абзал. Мәселен, бала ұзынды-қысқалы заттардың түрлі бөліктерін көзімен көріп, қолымен ұстап, бұлардың белгілі тұрқы бар екенін аңғарады. Үшінші, төртінші сынып оқушыларының кеңістік жөніндегі ұғымдары жоспар, масштаб, шартты белгілер сияқты ұғымдармен толыға түседі.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір — бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мәселен, «Астана — Қазақстан Республикасының орталығы десек, бұл шындыққа сай ақикат пікір болады да, ал «Атом — заттың бөлінбейтін және өзгермейтін бөлігі» десек бұл жалған пікір болып табылады. Әрбір пікірде үш бөлім болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мәселен, жоғарыда келтірілген пікірде: «Алматы» — логикалық бастауыш. «Қазақ республикасының орталығы — логиқалық баяндауыш. Байланыс сөздер («деп», «дегеніміз», «айтамыз» т. б.) пікір де көбінесе айтылмай, тек ойға алынып отырады. Пікір грамматикада сөйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу. Пікірлердің түрлері көп. Оны логика ғылымы жан-жақты қарастырады.
Бұлар да шындықтағы әр түрлі нәрселер, олардың түрлі қасиеттері, сондай-ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді. Төменгі сынып оқушыларын дұрыс пікір айта білуге тәрбиелеу зор педагогикалық мәні бар іс. Сөйлеудің грамматикалық формаларын меңгеру балалардың пікір қабілетін өсіре түседі. Бірінші сыныптағылардың пікірлері кесімді болып келеді. Өйткені ол құбылысты жан-жағынан қарастырмайды. Мәселен, «Асан бүгін неге сабаққа келмей қалды?» деп мүғалім кезекшіден сүрайтын болса, «ауырып қалды» деп бірден жауап береді. Ал екінші сынып оқушылары жорамалды пікірлер айтуға талаптанады. Мәселен, сабаққа келмеген Асан жөнінде олар: «мүмкін ол ауырып қалған шығар», «не ұйықтап қалған болуы мүмкін», «сабағын оқымады ма екен, кім білсін?» дсп түрді жорамалдар жасайды. Бірақ олар өз пікірлерін дәлелдеп жатуды мақсат етпейді. Өйткені мұндай қабілет тек үшінші, төртінші сынып оқушыларында ғана қалыптаса бастайды. Бүған оқушыларда білім көлемінің өсуі және оның жүйелене түсуі үлкен себеп болады.
Осы жастағы балалар өз пікірлерін жап-жақсы дәлелдей алады, түрлі нәрсенің себебін тауып қана коймай, оған тиісті жауапты өзінше бере алатын болады. Математика сабағында мәселе есептерді шығару, грамматикада сөйлемдердің күрделі түрлерін меңгеру — олардың пікірлерін дамытады. Әрине, төменгі сынып оқушыларының пікірлері шындықтағы заттардың объективтік байланыстарын жан-жақты көрсете алмайтыны белгілі. Мәселен, олардың «жылқы — жануар», «гүл — өсімдік» деген пікірлері негізінде дұрыс болғанмен, осы ұғымдардың мәнін жеткілікті көрсете алмайды.
Ойлаудың күрделі формаларының бірі — ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Мәселен, »Барлық дельфиндер — жануар», «Барлық металдар электр өткізеді» деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуінен үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес.
Ой қорытындыларының үш түрі болады. Біріншісі – дедукциялық, екіншісі – индукциялық, ал үшіншісі – аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен, біз тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытын.дыға келеміз.
Индукция – жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы, мәселен, оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ оттегі жоқ ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды десек осы айтылғандардан жалпылай оттегі жоқ ауада «барлық тірі организмдер тіршілік ете алмайды!» деген қорытындыға келеміз. Индукцияда жеке жағдайлардан жалпы ереже, фактілерден қорытындылар жасалады. Мәселен, Д.И.Менделеев химия элементтерінің периодтық заңын индукция тәсілімен ашқан. Анализ бен синтез операциялары бір-бірімен қандай тығыз байланысты болса, индукция мен дедукция да сондай байланыста болады.
Аналогия дегеніміз — ұксастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытыңдысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе, құлауы мең аспан денелерінің козғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтірді. Аналогия осындай ғылыми гипотезаның бастамасында елеулі рөл атқарады. Оқушыларда ұғымдар мен пікірлердің біртіндеп қалыптасуы, соған сәйкес ой қорытындыларының дамуына мүмкіндік туғызады. Өйткені, ойлаудың формалары бір-бірімен байланыса дамып отырады. Бірінші, екінші сыныптағылар ой қорытындыларын тікелей байқауға сүйеніп жасайды. Ал үшінші, төртінші сынып оқушылары жеке құбылыстардың себеп-салдар байланыстарын байқай келіп, одан жалпы қорытындылар жасап отырады. Тәжірибе үстінде құбылыстарды тікелей байқап көру индукциялық ой қорытындыларын жасауға жағдай туғызса, жалпы заңдар, ережелер мен принциптерді меңгеру дедукциялық ой қорытындыларының пайда болуына қолайлы әсер етеді. Дедукциялық ой қорытындысында бала өзі білетін нақтылы фактілерді, байланыстарды, қатынастарды сол жалпы заңдылықтарға негіздей ұғуға тырысады. Мәселен, ұрықтың ішінде дәні болатындықтан, помидорды да ұрық тұқымдас өсімдікке жатқызу оқушының дедукциялық ой қорытындысын жасай алатындығын жақсы дәлелдейді.ІІ. Ойлау процесінің адам өміріндегі маңызы
2.1. Ойлаудың сезімдік таныммен және тілмен байланысы
Дүниетану тікелей сезімдік үрдістер – түйсіну, қабылдау, пайымдаудан басталып, одан әрі ойлануға қарай өрбиді. Таным үрдістерінің барлығы да тікелей сезімдік үрдістер — түйсіну, қабылдау, елестетумен байланысты. Елес-заттардың нақты бейнесін көз алдымызға келтіретін тікелей таным үрдісі — сезімдік танымнан абстрактылы ойға көшу аралығындағы көпір сияқты. Адамдардың сыртқы дүниені танын білуінің шындығы және оның санамыздағы бейнелеуінің теңдігі мен ақиқаттығы тәжірибе, сондай-ақ, адамдардың табиғат пен қоғамға ықпал етіп, оларды өзгерту жолындағы іс-әрекетінің нәтижелері арқылы тексеріліп отырады. Тікелей сезімдік үрдістер барысында адам нәрселер мен құбылстардың дара қасиеттерін, сол қасиеттердің жиынтығы арқылы нәрселердің туғастығын бейнелейді, көз алдыңда жоқ заттың да бейнесін елестетеді. Дегенмен, адам гікелей сезім арқылы Танып білген нәрселердің белгі қасиеттері мен мэн-жайын тереқ бойлап, жсте танып біле алмайды. МҰндай ерекШеліктерді білу тек ойлау жэне де заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын. бір тектсе нәрселердің жалпылың белгілеріи дерексіздендІру арқылы жанама жолмен жүзеге асырылады. Мысалы, заттардың, әсер еткен нәрселердің жылылығын, оның температурасын тек жанама әдіспен, термометр арқылы ғана анықтауға болады. Ал ондай жылылықты тері туйсігі арқылы не қолмен сипап анықтау оңайга түспенді.
Ойлау арқылы танып білу тікелей сезімдік үрдістерге негізделінгенімен, олардың көптеген срекшеліктерін тікелей сезім арқылы тану мүмкін емес жэне олардың мэн-жайы айкын беинеленбейді. Мысалы, осы заманғы физика ғылымдағы аса күрделі мәселедердің бірі — өте ұсақ қарапайым бөлшектер жайындағы теория. Мұндай өте майда типті, жай көзге көрінбейтін бөлшектерді микроскоппен де көре қою қиын. Біз осы бөліктерді тек ойлау арқылы ғана пайымдап білеміз. Абстрактылы дерексіз және жанама ойлану нәтижесінде сондай өте ұсақ бөліктердің бар екендігіне көз жеткіземіз, олардың өзіндік қасиеттері болатыңдығын аңғарамыз.
Сөйтіп, тікелей таным үрдісі арқылы танып білуге болмайтың нәрселерді ойлау арқылы біле аламыз. Ойлаудың өрісі кең. Түйсіну арқылы қозғалыс жылдамдығын қамту мүмкін емес. Мысалы, бір секундте 300000 км шапшаңдықпен таралатың жарық қозғалысын түйсіну арқылы қамту мүмкін болса да, ой арқылы пайымдап түсінуге болады. Біз 1 секундта 50000 км шапшаңдыңпен ұшатын планета аралық ғарыш кемесін ойлау арқылы түсіне аламыз, өйткені, ол жарық жылдамдығынан 6 есе кем. Ал мұндай шапшаңдықты, әрине, елестету арқылы білу мүмкін емес. Әрбір адамның шындықты танып білуі тікелей сезім мен ойлау арқылы бір-біріне ауысып, өзара байланысты түрде адам танымын толықтырып отырады. Осы ретте де біз ойлаудың нақты нәрседен абстрактыны нәрсеге ауысқанда акиқаттан алыстамай, қайта оған жақындай түсетінін аңғарамыз. Сөйтіп нақты пайымдаудан абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыру ақиқатты танып білудің диалектиқалық жолы болып табылады.
Ойлау мен сейлеу. Адамның ойлану әрекеті тікелей сезімдік таным үрдістерімен ғана емес тілмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты. Осындай ерекшелік адам психикасының жануарлар психикасыиан сапалық өзгешелігін көрсетеді. Жануарлардың қарапайым ойы нақтыны әрекетке байланысты, ол жанама, абстракты он бола алмайды.
Адам сөйлеу, дыбысты тіл нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың мәнді, тұрақты белгілерін ой арқылы бейнелей алады. Бұл ретте тіл — адам ойының заттық қабыршағы болып табылады. Адамның ойы әрбір нәрсенің сипаты мен қасиеттерін сөз арқылы ажыратын көрсете алады. Сөйтіп заттар мен құбылыстарды әртарапты танып білуге мүмкіндік туады.
Адам тілдік материалдар негізінде ойланады. Өз ой-пікірлерінің жүйесін, нәрселер жайындағы нақты гүсініктерін жасайды. Әрбір ойдың ақиқаттығы ой талқысы арқылы карастырылады. Адам ойының жүйелі болып, онын нәрселердің мәнін түсініп білуі сөйлеу арқылы жүзеге асып, өзгелерге жеткізіледі. Адамның ойы тілмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты жэне ойлау осы тілдік материал арқылы өзінін шындығы мен ақикаттығын бейнелей алады.
Ойлаудың қоғамдық мәні. Ойлаудың тілмен тығыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәні адам ойлауы- дамуының қоғамдық-тарихи сипатта болатыңдығын көрсетеді. Адамның дүниетанымы, білімі және өмір тәжірибесінен жинақтаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ауысып отырады. Бұл — тарихи фактор. Адам ақыл-ойының дамып жетілуі мен білімнін өсуі әрбір урпақ жасаған білім қорын меңгеріп, оларды әлеуметтік омір қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға пайдаланады. Сөйтіп, тарихи даму адам баласының қоғам өміріндегі қарым-қатыңасын нығайтады.
2.2. Ойлау үрдісінің психологиялық және логикалық негіздері
Адамның дүниетанымы қоғамдық-тарихи даму нәтижесінде өрістейді. Ол табиғатқа әсер етіп, қоғамды өзінің белсенді әрекетімен байытады. Сөйтіп адамзаттың ғылыми білімі дамып, белгілі бір жүйеге түседі. Басқаша айтқанда, адамдардың танып білу үрдісінде тіл арқылы жинақталып қорытылған білімі мен онын нәтижелері жүйеленіп, ғылым салаларына бөлінеді. Мысалы, физика, химия, биология, тарих, социология, психология т.б. Танымдық үрдістердің осы тарихи дамуы және олардың ғылым жүйелеріне жіктеліп белінуі дүниетану теориясын немесе гносеологняны құрайды. Гносеология — философия мен логиканың дүниетану теориясын құрайтың құрамдас бөлігі, танып білудің теориялық негізі.
Таным теориясы — гносеология — философиялық пән. Ол дүниетанудың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Адамзат тарихының дамуында қалыптасқан «болмыс», «материя», »сана», «сан», «тартылыс» тәріздес басқа да ұғымы кең дәрежеде қарастырылады. Осындай таным теориясы мен философиялық принциптерге негізделетін ойлау үрдісі өзара байланысты және бір-бірін толықтырып отыратын жеке ғылыми пәндер — формалдық логика мен психология арқылы да зерттеледі.
Логика ғылымы ойлаудың формаларын, ұғымдар мен пікірлерде, ой қорытыңдыларын және ойлау заңдарын зерттейді.
Ұғым — болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың жалпы, мәнді және өзіндік белгі-қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы. Мысалы, »адам» деген ұғымның мәні оның өндіріс құралын жасап шығаратын қабілеті бар, дыбысты тіл арқылы сөйлесетін ақыл иесі екендігін білдіреді. Ал «емтихан» деген ұғымның мәнісі оқушылардың, студенттердің білім деңгейін анықтап, олардың дәрежесін тиісті белгілермен анықтайтын оқу үрдісі. Ұғымдардың мазмұны пікірлер арқылы ашылады. Мұнда нәрсе мен оның қасиет-белгілері арасындағы байланыстар ашып көрсетіледі. Пікірлер екі түрлі тәсілмен құралады: а) Тікелей қабылдау арқылы құралатын пікірлер. Мысалы, (мына бала сабақты нашар даярлады». ә) Жанама жолмен не ой қорытыңдысы, ой талқысы арқылы жасалатын пікірлер. Логика ғылымында пікірлер бұдан басқа да негіздерге сүйене отырып, түрлі-түрлі болып бөлінеді.
Ой қорытыңдылары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен пікірлердің байланысынан жаңа пікірлер аламыз не ой қорытындысын шығарамыз. мәселен, үлкен алғы шарт: Барлық металдар электр тоғын өткізеді; кіші алғы шарт: сынап та — металл. Қорытынды: олай болса, сынап та электр тоғын өткізеді. Ой қорытыңдыларының мынандай үш түрін ажыратамыз: дедукциялық ой қорытыңдысы, оған металдардың электр тоғын өткізетіні туралы жоғарыдағы мысалды келтіруге болады. «Дедукцня» — латың сөзі, қазақша мағынасы – шығару. Ой қорытыңдысының бұл түрі бойынша ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, дара жағдайға қарай өрбиді. Индукциялың ой қорытыңдысы — ой қорытындысының жекеден жалпыға қарай дамып отырған түрі. Ой қорытыңдысының үшінші түрі — традукция деп аталады. Оған аналогия арқылы жасалатың ой қорытындылары жатады. Бұл — дара жағдайдан жекеге қарай өрбіп отыратың ой қорытыңдысы. Дедукциялық ой қорытыңдысының кең тараған түрі — силлогизм. Формальдық логикада зерттелетін мәселелер — дұрыс ойлаудың формалары мен заңдарды қолдана отырып, нәрселер мен құбылыстардың ақиқаттыны мен шындығын ғанып білуді мақсат етеді.
Ойлау эрекетінің ерекше мәнді тағы бір жағы бар. Ол — ойлау үрдісінің өзі. Психология ғылымы эрбір дара адамда осы ойлау үрдісінің қалайша дамын, өрістеп отыратыңын зерттейді. Оқыту үрдісінде ойлаудың дамуы, білімдерді ойлау әрекеттері арқылы меңгеру, ойын, оқу, еңбек үрдістерінде ойлауды дамыту мәселелері — психология ғылымы қарастыратың жайттар. Әрбір жеке адамда ойлау үрдісі қалайша пайда болып, дамып жетіледі деген мәселенің мән-жайы психологияда осы бағытта қарастырылады. Ал логика ойлауды таным үрдісі деп санап, шындықты, ақиқатты әр түрлі әдістер арқылы танып, білуге болатыңдығын анықтауды көздейді. Қорыта айтқанда, логика — ойлаудың жемісті болу жолдарын іздестірсе, психология — сол үрдістің даму заңдылықтарын зерттейді.
Ойлау — дербес үрдіс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз — оның ішкі, танымдық құпия мэнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерминизм принципіне сүйене отырып ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Ой үрдісі мен ойлау әрекеттері
Ойлау үрдісінде талдау мсн біріктіру әрекеттері болады. Талдау дегеніміз — ой арқылы әрбір объекті мен болмыстың ерекшеліктерін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде айқындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру (синтез) деп аталады. Талдаудың физиологнялық негізі — мидың жоғары бөлігіндегі қозу мен тежелудің езара байланысты қызметі. Ал біріктірудің физиологиялық негізі мидың жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың түйісіп қосылуы. Талдау мен біріктіру — өзара байланысты әрекеттер. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы салыстыру арқылы танылады және сол тәсілден анық көрінеді. Салыстыру тәсілі жалпылау әрекетіне қарай ойысады. Мұнда заттардың жалпылық және мәнді белгілері ашып көрсетіледі. Ойлау әрекетінде абстракқиялау, нақтылау, жүйелеу тәсілдері де жиі қолданылады. Ондай тәсілдер белгілі мәселелердің түйінін шешуде адамның психологиялық толғакыстарының түр сипатын бейнелейді.
Ойлау әрекетіндегі әр қилы тәсілдер мен амалдардың бәрі де жеке адамның ниет-тілегіне, мұқтаждығы мен қажеттілігіне тәуелді болып отырады. Ойлаудың кез келген әрекетінің туындауы белгілі бір ынта-ниетке байланысты. Психологияда ойлаудағы ниеттің пайда болу себебінің мынандай екі түрі бар. 1. Арнайы танымдың ойлау. Әдетте, бұл белгілі тілек мақсатқа сәйкес пайда болады. 2. Арнаусыз ой. Ойлаудың бұл түрі сыртқы жагдайдың эсеріне орай туады. Мысалы, оқушының сабаққа дайындалуы жайында ойлануын арнаусыз, әрі оның өміріндегі үйреншікті, дағдылы ой деуге болады.
Ойлау және мәселені шешу. Адам белгілі бір мәселенің түйінін шешу барысында түрлі амал-тәсілдерді қолданып, алға қонған мақсат-міндеттерін орындап шығу үшін ойланып-толғанады. Ойлаудың бұл түрі міндет-мақсатқа сәйкес жүзеге асады.
Проблемалық ой — түрлі мақсат-міндеттерді шешуде шиеленісті жағдайларды сезіп біліп, олардың мән-мағынасын түсінуді кажет етеді. Сөйтіп неше түрлі шиеленісті жайттардық белгілі себептермен байланысын, олардың құпия сырларын ашып көрсетуді көздейді. Ойлау әрекетінде ең әуелі сол мәселенің өзін анықтап алу — бірінші кезектегі міндет. Екіншіден, мұны анықтауға адамның білімі мен өмірлік тәжірибесі қажет. Үшіншіден, оқу барысында балалар өздігінен ойлачып-толғанып, келелі мәселелерді шешуде әр алуан қиындьтқтарға кездеседі. Олардың бұл кедергілерді жеңуі — ойлану әрекетінде жаңалық ашумен бірдей.
Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері
Біріншіден, ойлаудың түрі нақтылы іс-әрекет пен қимыл-қозғалыс жайындағы практикалық іспен ұштасқан. Бөбектердің ойы осы іс-әрекеттермен байланысты. Екініші, бейнелі ойлау мектеп жасына дейінгі балаларда қарқынды дамып, олардың заттарды ұстап-тұтынуы нәтижесінде қалыптасады. Олар сол заттардың бейнесін көрнекі түрде қабылдап отырады. Үшінші, абстрактылы ой. Ойлаудың бұл түрі бойынша адамның ұғымды меңгеруі нәтижесінде пайымдау әрекеттері дамып, ғылыми түсініктері өрістейді.
Ойлаудың даралық ерекшеліктері адамның танып білуінің сапалық сипаттары мен ерекшеліктерін қамтитың ақыл-ойдың қызметі болып саналады. Ондай салаларға өз бетінше ойлау, оның оралымдылығы, ойдың тездігі мен ұшқырлығы сияқты қасиеттер жатады. Барлық ойлау әрекетіне тән басты қасиет — дара адамның әрбір нәрсенің мәнді қаснеттерін өздігінен ажыратып, олардан жаңа қорытыңдылар жасай білуі. Онлау әрекетіндегі адамның мұндай саналық ңасиеті — нәрселердіқ мән-жайын дұрыс ұғынып, олардың жалпы заңдылықтары мен өзара байланысын ашын беруге қабілетті болатындығы. Мұндай әрекет ойлау жүйесін жетілдіріп, адамның ақыл-ойын өрістетеді. Адам ойлауының дамуына ықпал етуге бір мақсат — ойлау әрекетінің жасампаздық қасиетін арттыру, сөйтіп, адам ойының мүмкіндіктерін толық пайдалануды жүзеге асыру болып табылады.
Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу
Ой болжамы ғылымда гипотеза деп аталады. Болжам дегеніміз — әр түрлі деректер негізінде объектілер мен құбылыстардың байланысы, олардың себебі туралы қорытыңды жасау. Бұл -ойлаудың дамуындағы езіндік тәсілі. Алайда, мұндай шешім — ой болжамын анықтау жолыңдағы алғашқы қадам. Ал мәселенің шындығына жету үшін ой болжамының ықтималдық сипатың әлі де тексеріп, оны дәлелдеу керек болады. Осындай тексеруден кейін ғана ой болжам анықталса, ол ғылыми теорияга айналады. Егер тексеруде теріс нәтиже алынса, онда ол өзгертілед: не теріске шығарылады. Біріне-бірі қайшы ой болжамдары бір объектінің әр қилы қырлары мен байланыстарын түсіндіргеннен кейінгі басқа жағдайларда, екеуі бірдей ақиқат бола алмайды. Қазіргі кездегі позитивистер, эмпириктер т.б. ой болжамдары ғылыми объективтік дүниенің зандылықтарын қарастыруға міндетті емес, деректерді тек қана нактылап тіркеп отыруы қажет дейді. Өйткені, олардың пікірінше, ой болжам тек «жанама» рөл атқарады да оның маңызы болмайды. Осы заманғы ғылыми эксперименттік зерттеулердің күрделене түсуі әр алуан әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы құпиясы ашылмаған мәселердің сырын ашып отыр. Осы орайда, ғылыми тұрғыда құрылған ой болжамы адамның ойлау үрдісін дамытуға зор ықпал ететін қуатты күш болып саналады. Ойлау әрекеті — тек ғылыми болжам ғана емес, жұмбақ мәселелердің мән-жайын ұғыну үшін күнделікті тәжірибеде колданылып отыратың күрделі психикалық үрдіс және адамның ақыл-ойының жемісі.
Қорытынды
Ойлау мәдениеті
Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасауының нәтижесінде, оның өмір тәжірибесімен қосақталып дамып отырады. Мәселен, бір жасар бала әжесінің саусағындағы жараға жағылған иод ерітіндісіне көз салады. Он бес айлық бір бала өзі сүйрей алмаған жәшіктің ішіндегі нәрселерді көріп, біртіндеп оларды азайта бастайды, сонан соң оны жылжытатын болады.
Тілдің шығуы бала ойлауының дамуында елеулі кезең болып табылады. Мектепке түскенге дейін бала ойлауы дамудың ұзақ жолынан өтеді. Ойлау бұл кезеңде нақтылы — бейнелі болып, әрекетпен әлде де тығыз байланысып жатады.
Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші рөл атқарады. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы қалайша дамып отыратыңдығы өткен параграфтарда айтылды. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты шаралардың кейбірі мына төмендегілер:
- Балаларды белгілі ережелер (грамматиқалық, математиқалық) жөнінде өз бсттерінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін мүғалім сабақта мүмкіндігінше эвристикалық әдісті жиі пайдаланып отыруы қажет. Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас өзгешеліктерін ескере отырып ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндіктер туады.
- Балалардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді (бұл жөнінде толығырақ мағлұмат оқулықтың келесі тарауында беріледі).
- Ойлау қабылдаулар мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан оқушының сабақты мүмкіндігінше жақсы қабылдай алуына, елестердің тиянақты қалыптасуына мүғалім айрықша қамқорлық жасамаса болмайды.
- Мүғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағьгттауы тиіс. Бұдан оқу процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
- Оқушылардың өз беттерітше жасаған ой операцияларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру (тапқыштық пен зеректік) ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығару, шығармалар жаздыру — бала ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолдары.
- Ойлауды тәрбиелеу бала психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, тану қызығуларын, көзқарасы мсн сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Мәселен, қораш сөз, солғын сезім ойдың айқын болуына бөгет жасайды, ал ақылға қонымды жақсы сөз жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге жетелейді, қысқасы, ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады деген пікірді жақсы дәлелдейді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- М.Жұмабаев Педагогика. Алматы. «Рауан» 1993ж.
- Т.Н.Ушаков. Речь человека в мышлении. М., 1984.
- Гейдебарнд К. «Бала жанының мәні жайында» — Алматы, 1993ж.
- Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. Алматы, 2002.
- Н.Айғабылов. Бастауыш класс оқушыларының абстракты ойын дамыту. “Қазақстан мектебі”, 1964, №11, 51-бет.
- Педагогикалық ізденіс. Алматы, «Рауан», 1990 ж.
- А.В. Петровский «Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы» -Алматы «Мектеп» 1987ж.
- Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алмат, «Рауан», 1992 ж.
- Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. М.: Педагогика, 1989.
- И.А.Васильев, О.К.Тихоморов. Эмоции и мышление. М., 1980.
- Ж.И.Намазбаев. Психология. Алматы, 2005.
- Ә. Алдамұратов. Жалпы психология. Алматы, 1996.
- К.К.Платонов. Структура и развитие личности. М.: наука, 1986.
- И.П.Павлов. Мозг и психика. М., 1996.
- Е. Климов. Основы психологии. М., 1997.
- В.В.Петухов. Психология мышления. М., 1987.
- Джемс У. Психология. М., 1999.
- Т. Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы, 1993.
- А. Горбатенко. Общая, прикладная психология. М., 2002.
- Ю.М. Оролов. Самопознание и самовоспитание характера. М.: Просвщение, 1987.