Ойын – жан-жақты дамытушылық қасиеті

0

Мазмұны 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………….3

I бөлім Ойынның бала дамуын қалыптастыру сипаттары………………………………6

1.1Ойынның жан-жақты дамытушылық қасиеті………………………………………….6

2.2    Ойын – баланың танымын қалыптастыру  құралы……………………………..22

II бөлім Ойынның  жан жақты дамытушылық қасиетінің әдістемесі…………..35

2.1 ¥лттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық

әрекетін дамыту………………………………………………………………………………………..35

2.2 Ойын арқылы балалардың дамытушылық қасиеттерін  арттыру жолдары…………41

Қорытынды………………………………………………………………………..48

Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………..49

Қосымша……………………………………………………………………………50

Кіріспе

Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс — әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бірі — ойын. Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің танымдык және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім — тәрбиелік мыңызы осы заманғы тәлім -тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл — ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі.

Ойын — әрекеті тек адамдардың даму үрдісінде ғана емес, ол хайуанаттар дүниесінің тіршілігінде де кездесіп отыратын биологиялық фактор хайуанаттардың ойын әрекеті жаттығу мен тіршілік етуге бейімделіп даралық сипатқа ие болады. Ал жоғарғы сатыда дамып жетілген сана — сезім мен ақыл — ой иесі — адам баласының ойын әрекеті, бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан — ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірбиесінің нәтижесі болып табылады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кезінен дамып, баланың өсіп — жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.

Білім — тәрбие ғылымы мен адамның жан дүниесінің сырын зерттейтін психология пәні ойын әрекетін адамның эволюциялық даму үрдісінің белгілі бір кездегі тіршілік кажеттілігі ретінде қарастырады

Осы бағытта негізгі бір құрамды білігі және баланың үлкендердің өмірін бейнелеу, айналадағы ортаны тану жолы екендігін көрсетеді.

Ойын әрекетін бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж.Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы сияқты қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады.

Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл — қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады деп санаған.

Осы заманғы педагогикалық психология ғылымының даму барысында мектепке дейінгі баланың ойыны, ең алдымен, өзінің қатар құрбыларымен, ата — аналары және өзге адамдармен қарым — қатынас жасаудың қуатты құралы саналатын болса, екіншіден балалар ересек адамдармен қарым — қатнас жасап, әр түрлі пайдасы істермен шұғылдануға дағдыланады. Үшіншіден, ойын әрекеті баланың танымдық психикалық үрдістерін қарқынды дамыту құралы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым — қатнасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын әр алуан істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды.

Елімізге әйгілі психолог ғалым Т. Тәжібаевтің педагоикалық психология саласындағы ой — пікірлері қазіргі күннің талабына сай жалғасып табуы міндетті нәрсе. Соңғы кездегі психология ғылымы саласындағы зерттеулер нәтижесі балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Балалардың танымдық әрекеті — олардың өткен ұрпакқтың өмір тәжірбиесін, белгілі білім жүйесін меңгереді. Осыған байланысты баланың танымдық белсенділігін арттыруда ойындардың алатын орны ерекше.

Ойын — бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қатынастырады. Бала ойынында да қоғамдық ұжымдық сипат болады. Мысалы: кез — келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар — құрбылармен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір — бірімен өзара карым — қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, — деп жазды ол, — балалар өмірінде ойын да кандай үлкен маңызды. Ойында бала кандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады.»

«Оқу құралдарының мінезі -мектеп мінезінің айнасы»-деп атақты ұлы педагог-психолог, ақын М.Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолында пайдаланылатын әдістемелер мәнді, жұмыр болуы керек.Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлык, іскерлігін дамытатындай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.

Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Ойынның қозғаушы күші — баланың нақты тілегі мен кызығуы. Курстық жұмыс тақырыбы: «Ойын – жан-жақты дамытушылық қасиеті»

Курстық жұмыстың мақсаты: Ойынның  – жан-жақты дамытушылық қасиетін теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибелікте оны тексерілуін айқындау.

Курстық жұмыстың міндеті: Бала ойынының жан жақты дамытушылық сипаттарын белгілеу көрсету мен оныңтанымдық мүмкіндіктері мен баланы дамыту жолдарын айқындап көрсету

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты  психологиялық оқу құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру материалдары.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық, әдістемелік  әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау, тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру.

     Зерттеудің теориялық және практикалық  мәнділігі: ғалымдардың мәселеге қатысты психологиялық, физиологиялық тұрғыларын ашу,   даму мен қалыптасуын зерделі талдап көрсете алуымен ерекшеленеді.

Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеде, екі бөлім және әрқайсысында екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден

 

I бөлім Ойынның бала дамуын қалыптастыру сипаттары

1.1Ойынның жан-жақты дамытушылық қасиеті

Іс-әрекет дегеніміз түрлі  қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған проце-с. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі – ойын.

Ойын  — бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.

Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.

Педагогикалық ойындардың ойыннан негізгі  айырмашылығы – дәл айқын қойылған оқыту мақсатына және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында.

Педагогикалық ойындар:

Мақсатына қарай;

Ұйымдастырылу құрылымына қарай;

Олардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сай пайдалануына қарай;

Мазмұнының өзіндік ерекшелігіне қарай жеткілікті дәрежеде алуан түрлі болып келеді. Әсіресе, ойынды қолдану халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған. Соңғы жылдарға дейін оқыту үрдісінде ойынды қолдану аса кең таралмады. Қазіргі мектептерде, ересектерді оқыту барысында, мектептен тыс тәрбиелік шараларда ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып келеді. Оқу үрдісінде ойын технологиясын қолдану орнын анықтау, ойын элементтерін кіріктірудің оңтайлығы мен тиімділігі оқытушының педагогикалық ойындар қызметі мен классификасын түсінумен, қолдану шеберлігімен тығыз байланысты.

Белгілі педагог ғалым Г.К.Селевко педагогикалық ойындарды  мынадай, классификациялайды:  әрекет саласына қарай, дене, интеллектуалдық, еңбек, әлеуметтік, психологиялық.

Педагогикалық үрдіс сипатына қарай: білімділік, тренингтік, бақылаушылық, қорытындылау; танымдық, тәрбиелік, дамытушылық; қатысымдық, диагностикалық, кәсіптік бағдарлық, психотхникалық.

Ойын әдістемесіне қарай: пәндік, сюжеттік, рөлдік, іскерлік, симмитациялық, драмалық.

Пәндік саласына қарай: математикалық, химиялық, биологиялық, физикалық, экологиялық; музыкалық, театрлық, әдеби; еңбек, техникалық, өндірістік; дене шынықтыру, спорттық, әскери-қолданбалы, туристік, халықтық; қоғамтану, басқарушылық, экономикалық, коммерциялық.

Ойнау ортасына қарай: нәрселік-нәрсесіз; үстел үстінде, бөлмеде, көшеде ойналатын, жергілікті; компьютерлік, теледидарлық, ОТҚ; техникалық қозғалыс құралдарымен ойналатын ойындар деп жіктеледі.

Ойын тек баланың іс-әрекеті ғана емес, ойын – еңбек, ойын – оқу, ойын — әлеуметтік қарым – қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне жатады. Педагог және психолог ғалымдар ойын іс — әрекетін жан – жақты зерттеп, баланың дамуын, тәрбиеленуін, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырып келген.

Іс-әрекет ойын, оқу және еңбек түрлеріне бөлінсе, ойын бала үшін алғашқы рет қоршаған ортаны тану құралы болып табылады.

Ойынның атқаратын қызметтері: ойын – сауық; коммуникативтік немесе қарым – қатынастық; диагностикалық ( ойын барысында өзін — өзі тану ); коррекциялық ( өзін -өзі түзету ); әлеуметтендіру.

Ойын ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқаруымен анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын негізгі іс — әрекеттердің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды. Әсіресе, баланың өмірінде дидактикалық ойындардың орны ерекше.

С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:

Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);

Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы») әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»).

Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа  ережелердің болуы.

Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

Әлеуметтендіру қызметі.Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.

Ұлтаралық қатынас құралы қызметі. Себебі, ойын – балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын — әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.

Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.

Ойынның қатысымдық қызметін – балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.

Ойынның диагностикалық қызметі- педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.

Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Эльконин аса жоғары бағалайды.

Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу  түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.

Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.

Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын,  қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби өзінің «Бақыт жолында» атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана ойы бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқтасақ, ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, өзінің із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі-оқу, білім деп тұжырымдайды.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратында — ойын әрекеті болып саналады..

Орыс педагогы В. А. Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл — ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» десе, ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардың ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді.Мысалы: ежелгі гректерде «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында «ойын» сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды — деп, барлық халқтың ойын түсінігінің түп — тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды.   Ойын — таным процесінің дамытудың негізгі болғандықтан әрбір тәрбиеші ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек.

Сабақта ойынды дұрыс колдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әр бір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.

Ойын тек баланың іс-әрекеті ғана емес, ойын – еңбек, ойын – оқу, ойын — әлеуметтік қарым – қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне жатады. Педагог және психолог ғалымдар ойын іс — әрекетін жан – жақты зерттеп, баланың дамуын, тәрбиеленуін, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырып келген.

Іс-әрекет ойын, оқу және еңбек түрлеріне бөлінсе, ойын бала үшін алғашқы рет қоршаған ортаны тану құралы болып табылады.

Ойын ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқаруымен анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын негізгі іс — әрекеттердің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды. Әсіресе, баланың өмірінде іскерлік ойындардың орны ерекше.

Педагогикалық ұжым мүшелерімен де ұйымдастырылатын ойындардың тиімділерінің бірі – бұл іскерлік ойындар деуге толық негіз бар.

      Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.

Психодраманың туып, дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морена болды. Классикалық психодрама – топтық   жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені  ол бір мезетте режиссер, терапевт және сарапшы рөлін атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші режиссер басқаруымен топ мүшелерінің арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакль қоюында.

Дәстүрлі театрландырылған қойылымдардан оның ерекшелігі- қатысушыларға бейтаныс жағдай емес, керісінше олардың өздерінің өмірлік тәжірибесі, жеке проблемалары немесе өзіндік әлеуметтік рөлдердің ойналуында болып табылады. Сондықтан сахналандырылатын қойылымның авторы қатысушылардың өздері болады. Оларға режиссер мен топтың басқа мүшелері көмектеседі. Мұнда суырып салмалық пен аяқ астынан туған, шын жүректен шыққан ойлар мен пайымдауларға ерекше мән беріледі, ал қойылымның сәтті шығуына кедергі келтіруі де ғажап емес. Әдетте, топта кәсіби актер режиссердің көмекшісі болуы міндетті емес. Психодрамалық сессияларды топтастырудың негізгі кезеңдері төмендегілер болып есептеледі.

-сергіту сәті (драмалық фазасы)

-психодрамалық әрекет фазасы (қойылымның жүзеге асуы)

-кіріктіру фазасы, қатысушылар өз пікірлері мен әсерлерімен алмасады.

Психодрамалық әрекеттер кульминациялық нүктесіне жеткенде,  топтың эмоционалдық қуаты шарықтау шегіне жетіп, «катарсис» — жан дүниесінің тазаруы жүзеге асады. Эмоционалдыққабылдау сәтінде жағдайды басқаша бағалау, қабылдау жүзеге асқандықтан, тұлға аралық қақтығыстарды жағымды шешуге ықпал етеді. Психодрамалық әрекетке режиссер, протогонист (қойылым негізіне тәжірибесі алынып отырған адам), оның әріптестері және аудитория (рөлі жоқ көрермендер) қатысады.

Психодрамаға қатысушылар әрекетке түсу барысында ішкі қайшылықтар мен маза бермейтін ойларынан арылып, емдік терапия жүреді. Сонымен қатар көрермендер де терең эмоцианалдық қоюалжуды бастан кешіретіндіктен, топ мүшелерінің өзара сезіммен бөлісуі жүзеге асады. Рөлдік ойын барысында қатысушылар өз тәжірибесін басынан қайта кешіп қана қоймайды, оны талдап, мінез-құлықтың жаңа моделін сынап көреді.

Психодрамаларда сезімге қатысты мәселелер қарастырылса, әлеуметтік драмаларда өзара қатынас деңгейіндегі мәселелер қарастырылады.

Интерактивті әдістер – қарым-қатынас пен біріккен әрекетті танудың жолдары мен тәсілдеріне меңзейді,  белсенді диалог негізінде құрылады. Қатысушылар бірігіп жұмыс жасауға үйренеді; өз ойларын ортаға салып,  пікірталасқа түседі; өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерді анықтап,  өзін-өзі бақылай,  бағалай білуге машықтанады. Олардың қатарында өзіміз тәжірибеде қолданып жүрген мынадай әдістерді атап өтуге болады: «ми шабуылы»,  «дөңгелек стол» рольдік және  іскерлік ойындар,  медитация,  дискуссия,   тренингтік жаттығулар және т.б. Білімгерлерді кең ойлауға,  шабыттандыруға негізделген тренингтік жаттығулар жеке тұлға белсенділігін және топтық даму деңгейін көтеруге бағыталған әлеуметтік – психологиялық оқыту және білімгерлерді тәжірибелік бағытта психологиялық дайындауда мүмкіндік беретін оқыту әдістерінің ең тиімдісі ретінде сабақтарда кеңінен қолданылып жүр.

Мәселен рольдік ойын элементтерін пайдалана отырып,  Абайдың он жетінші қара сөзін талдағанымызда білімгерлер  «қайрат»,  «ақыл»,  «жүрек» рольдеріне ене отырып,  пікірталасқа түсіп,  ғылымға жүгінеді. Мұнда әрбір «роль» өзінің дұрыстығын,  ақиқаттығын,  адамзат үшін қажеттілігін,  адалдығын дәлелдеп өзін жақсы тұстан көрсеткілері  келеді. Сонда ғылым жүректің әрі билеуші,  әрі әмірші екендігін айғақтап,  үшеуінің де бір кісіде табылса,  одан асқан бақыттың жоқ екендігін айтады. Мұндай талқылаулар білім құндылығы туралы түсінікті тереңдетіп,  дамытады.

Сабақтарда осы сияқты пікірталастар қызықты да тартысты өтіп жүр. Оның бірден-бір себебі: оқытушы – білімгер,  білімгер – білімгер арасында жағымды қарым-қатынастың орнауы. Жағымды қарым-қатынас — өзін-өзі және өзгені тану,  білу,  дамытуда ерекшеленіп,  эгоцентризмнен,  өзіндік ұстанымнан альтруизмге,  өзгеге, басқаға бағыталған ұстанымға көшуде көрініс береді. Ол қатысушылардың өзара түсіністігін тереңдетіп,  бірінің жан дүниесін бірі ұғынуға, жағдай жасайды.

Жағымды қарым-қатынасты іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы үлкен роль атқарады. Интерактивті оқытуды ұйымдастыруда,  біздің байқағанымыз,  жағымды қарым-қатынас орната білетін білімгерлердің психикалық денсаулығы,  мінездерінің біртұтастығы,  салмақтылығы көзге түсердей. Осы тұста негізгі міндеттердің бірі – қарым-қатынасты реттеп отыру,  қатынас мәдениетіне баулу.

Келесі кезекте психодрама жеке тұлғаның «өмір театрындағы» шығармашылық «Менін» дамытуға негізделіп ұйымдастырылды. Қатысушыларға тек өз ролін ғана емес,  басқа да адамдардың роліне еніп шығармашылық тапқырлығын көрсете алатындығы,  ойын адам өмірінің ажырамас бөлігі,  оның әдеттен озбағаны, шектен шықпағаны абзал екендігі ескертілді.

Топты екі жұпқа бөле отырып «Менің құрбым»,  «Жетім бала» атты психодраманы рольдер арқылы көрсетуді ұсындық. Мұнда ойыншылар ішкі және сыртқы дамуға,  тіл табысуға кері әсер беретін мәселелерге көңіл аударып,  баса көрсетті.

Білімгерлерге психогимнастика,  соның ішінде вербальді емес қарым-қатынасқа негізделген ойын жаттығуларын орындамас бұрын,  бір-бірімізбен сөйлемей-ақ ұғыну арқылы тіл табысуға болатындығы,  егер бізге мұндай ұғыну табылса онда тілдік қатынасқа түсу де жеңіл,  әрі  еркін сипат алатындығы түсіндірілді. Осы орайда ұйымдастырылған «арқамен – арқаға»,   «отырып және тұрып»,  «көзбен ұғыну» жаттығулары жағымды эмоциялық күй тудырып,  ойыншыларды серігітті. Бұл жаттығулар  «өзін-өзі тану»пәнінің үш «алыбы»: «қайырымды сөздер»,  «көзбен-көзге»,  «жанасу» бойынша құрылды.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге қатысты оқытудың әдістері төмендегідей болмақшы: проблемалық-іскерлік ойын; рефлексивті-рольдік ойын; педагогикалық шеберханалар; панорамалық сабақ; лекция; семинар; практикалық сабақтар; педагогикалық оқулар; педагогикалық ринг; педагогикалық идеялар, аукцион; сынақ мерзімін өткізу; бейнетаспаға түсірілген сабақтар көру; ашық сабақтарға кіру, талдау; педагогикалық тренинг.

     Рөлдік-мазмұндық ойын. Қоғам дамуының осы сатысында ойынның жаңа түрі — рольдік ойын пайда болады. Бұл ойын арқылы балалар өздерінің негізгі әлеуметтік қажеттілігін — үлкендермен бірге өмір сүруге ұмтылысын қанағаттандырады, өйткені бұл қажеттілік олардың еңбегіне қатысудың негізінде қанағаттандырылуы мүмкін емес. Өзімен-өзі жүрген балалар өзара бірігіп, қоғамдасып, үлкендердің әлеуметтік қатынасы мен еңбек іс-әрекеттерінің негізгі белгілерін қайталайтын ойын ұйымдастырып, өздері үлкендердің ролін орындауды алады. Сөйтіп, өндіріс пен өндірістік қатынастардың күрделіленуіне байланысты баланың қоғамдағы ерекше орнына олардың үлкендермен ортақ өмірінің ерекше формасы ретінде біреудің ролін ойнау пайда болады.

Рольдік ойында заттың іс-әрекеттерді жаңғырту екінші кезекке ығысады да, қоғамдық қатынастар мен еңбек функциясын жаңғырту бірінші кезекке шығады. Сол арқылы баланың үлкендермен байланыс жасауы мен ортақ өмірінің қоғам мүшесі ретіндегі негізі қажеттілігі қанағаттандырылады.

Рольдік ойынның алғышарттары ерте балалық шақ бойына заттық іс-әрекетте пайда болады. Олар заттың ерекше тегінің— ойыншықтардың іс-әрекеттерін игеруден тұрады. Ерте балалық шақтың өзінде-ақ балалар үлкендермен бірлесе қимыл жасап, ойыншықтарды ұстап-тұрудың кейбір әдістерін үйренеді, ал кейінірек оны өздігінен атқаратын болады. Мұндай іс-әрекеттерді, әдетте, ойын деп атайды, бірақ дәл мына жағдайда осылайша тек шартты түрде ғана айтылуы мүмкін.

Сәбилік шақтағы балалар ойындарында кең жайылған рольдер болмаса да рольдері бар ойындардың біртіндеп қалыптасуына алғышарттардың барын байқауға болады. Ойында заттардың  баламасының пайда болуына байланысты балалар белгілі бір кісінің (мамасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, дәрігердің, шаштараздың) іс-әрекеттерін бейнелей бастайды.

Рольдік ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді. Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда бүл қазіргі баланың, әдетте, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психыкасында сапалақ өзгерістер туғызатындығынан болады.

Мәселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда (әсіресе, шынайы заттармен емес, ойыншықтармен орындалса) бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ бір әрекетімен екінші бір әрекетті, бір затпен екінші бір затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті белгілік символикалық сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілік функция қалыптасатындығы неғүрлым айқын байқалады. Белгілік функңияның ойын үстінде көрінуінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен, суреттің бейнеленген болмысқа, (шындыққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтседе ойындық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан бала таңдап алынған заттың баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оның да кейбір ерекшеліктерін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым-қатынастарын негізге алады. Мысалы, шырпының талы — қонжық, тұтас талы — кірекей (ана. аю), шырпы қорабы — қонжықтың төсек-орны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ қораптың — қонжық, шырпы талы — оның   төсек орны   болуы  керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала бұған: «Бұлай болмайды»,— деп жауап береді.

Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажыратып қана коймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рольді алады да, сол рольге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс-әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар, олардың праволары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.

Рольдік ойындар белгілі бір мақсатта,тілді меңгеруге ынтызарлыкты оята отырып орындаушылық қабілетке де жетектейді.Рольдік ойынның мәні ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда.Қажетті сөздерді үйренсем,тауып айтсам деген ойды да туғызады.Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық ерекше маңызға ие болады.Рольдік ойындар ғана үйренушінің сөздік қорын молайта түсіп,өз бетінше тілді үйренуге үлкен септігін тигізеді.

Рольдік ойындар,негізінен,тұрмыстық,қоғамдық-саяси,ғылыми,кәсіптік қарым-қатынасты ойдағыдай жүзеге асыруды көздейді.

«Жаңа таныс»ойыны.Сіз абитурентсіз.Сіздің қолыңызда емтиханға қажетті кітап болмай тұр.Сіз оны бейтаныс замандасыңыздың қолыннан кордіңіз.Енді осы сәтті пайдаланып сол кісімен танысыңыз.Кітабын сұрай отырып,әңгіме арасында тілдік әдеп формулаларын пайдалануыңызға болады.

Айналасындағыларға қатысты міндеттер — баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардық ролін орындайтын басқалардың да праволарына ие болады. Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген товарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге правосы бар. Дәрігер-өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты праволарды іске асыру болып табылады.

Ролъді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Оиын әрекетінде бала бір затты екінші затпен алмастыруға, өзіне түрліше рольдерді алуға үйренеді. Қиялды дамытудың негізіне осы қабілет жатады, Мектепке дейінгі ересек балалардың ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес. Балалар затты ойша түсінуге және олармен амал істеуге және өз қиялында жаңа жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай жағдайда ойын баланың ішкі дүниесінде өтеді. Нәзік саусақтарымен жағын сүйеп, ойға шомған кішкентай қыздың қуыршаққа қарап отырған фотографиясын алты жасар Катюша көріп тұр. Қуыршақ іс тігетін ойыншық машинаның жанына отырғызылған.  Катюшаның айтқаны: «Кішкентай   қыз өзінің   қуыршағы іс тігіп отыр деп ойлайды». Кішкене Катя өзінің түсіндіруі бойынша тек оның өзіне тән ойын тәсілін тапты. Баланың жеке басының   дамуына ойынның өз ықпалы бар.

Ойын арқылы бала ересек адамдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға қажетті қасиет болып саналатын араласа білудің ңегізігі дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре және оның өзіне алған роліндегі ережелерді орындауға итермелей отырып, сезімнің және мінез-құлықтың ерікті жігерді реттеудің дамуына себепші болады.

Баланың іс әрекетінің жемісті түрлері саналатын сурет салу мен құрастыру мектепке дейінгі балалық шақтың түрлі кезеңдерінде ойынмен тығыз байланысты. Мәселен, сурет сала отырып бала қандайда бір сюжетті ойнайды. Балалар өзара қырқысып жатқан, бірін-бірі қуып бара жатқан аңдардың, қонаққа бара жатқан және қонақтықтан қайтып келе жатқан адамдардың, соққан желден құлап түсіп жатқан алманың т.б. суреттерін салады. Текшелерден бірдеңені құрастыру ойын барысында ұштасады. Шофер ролін алған бала блоктарды құрылысқа апарады, сосын осы блоктарды машинадан түсіретін жүк түсіруші болады, ақырында ол үй тұрғызушы құрылысшы-жұмысшыға айналады. Бірлесіп ойнағанда бұл міндеттерді бірнеше бала өзара бөліседі. Сурет салуға, құрастырушылыққа деген ынталары басында тек ойын мақсатына сәйкес сурет салуға, құрастыруға бағытталған процесс ретінде болады. Тек мектепке дейінгі естияр да ересек жастағы балаларда ынта іс-әрекеттің нәтижесіне (мысалы, суретке) ауысады да іс ойын ықпалынан азат етіледі.

Ойын іс-әрекеті ішінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бала іс-әрекетінің басты түріне айналады. Оқу ісің ересек адам енгізеді, бірақ ол тікелей ойыннан пайда болмайды. Бірақ мектеп жасына дейінгі бала ойнай жүріп оқи бастайды. Ол оқуға белгілі бір ережелері бар рольді ойынның ерекше түрі ретінде қарайды. Әйтсе де осы ережелерді орындап жүріп, қарапайым оқу әрекетін меңгеріп жүргенін баланың өзі де аңғармайды. Үлкендердің оқуға көзқарасы ойынға көзқарастан бүтіндей өзгеше. Үлкендер баланың оқуға көзқарасын ақырындап байқаусыз қалыптастырады. Балада оқуға деген тілек пен бастапқы іскерліктері қалыптасады.

      Сюжеттік ойын. Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Бес-алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, колхоз әмірі, көпір салу, космос кораблін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.

Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мәселен, үш-төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, төрт-бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді.

Балалар ойынының кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке дейінгі жастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен ойындардын ойналу сипаты түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Әрбір жасқа ортақ сюжет төңірегінде болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тән. Мәселен, челюскиншілер болып ойнауда балалар дамуының түрлі сатыларын байқауға болады. Сәбилер үшін бұл ойынның ең түйінді жері— мұзжарғышпен жүзу. Жас сатысы жоғары болғанда бірінші орынға полярлық эпопеяға қатысушылардың сыртқы әлеуметтік қарым-қатынастары мен әлеуметтік сатысы (кімнің жолы үлкен), капитанның, машинистің, радистің тағы басқаларының мінез-құлық ережелері шығады. Ақырында, моральдық, асқақ сезім түріндегі ішкі әлеуметтік қарым-қатынастардың бәрі өзекті мәселеге айналады. Ұқсас ойындарды балалар кез келген жаста ойнай береді, бірақ түрліше ойнайды.

Сонымен, сюжетке нұсқау ойынды толықтай сипаттамайды. Сюжетпен қатар рольді ойынның мазмұнын да ажырату қажет. Ересектер іс-әрекетінен бала нені негізгі сәт деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны. сол болып табылады. Әр түрлі жастағы балалар тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді. Айталық, кішкентайлар ересектердің қандай да бір істерін еске түсіре отырып, тек белгілі бір заттармен белгілі бір қимылды әлденеше рет қайталайды. Заттар арқылы үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсету мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны болып табылады .Мысалы, сәбилер түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандай да бір қимылды бірнеше рет қайталай отырып, нан тіледі, ботқа пісіреді, ыдыс-аяқ жуады. Әйтсе де балалар тілінген нанды үстел басындағы қуыршақтардың алдына қоймайды, пісірілген ботқаны тәрелкеге салмайды, таза тұрған ыдыстар жуылады. Мұнда ойын мазмұны тек қана заттар арқылы жүргізілетін қимылдармен көрсетіледі.

Мектепке дейінгі кіші жастағы бала, рольді ойындағы сияқты ойын сюжетін жоспарламайды, ол қолына іліккен затқа байланысты өздігінен пайда болады. Мысалы, баланың қолында түтік болса, ол дәрігер, ал термометр болса, онда ол медсестра болады. Балалар арасындағы негізгі талас іс-әрекет жасайтын заттарды иемденуден пайда болады. Сондықтан да бір машинаны бір мезгілде екі шофер жүргізіп келе жатады, ауруды бірнеше дәрігер қарайды, түскі тамақты бірнеше ана пісіреді. Міне, сондықтан да рольдер бір заттан екінші затқа ауысуға байланысты жиі ауысып отырады.

Сонымен бірге мектепке дейінгі кіші жастағы балалар арасында ойынньщ мазмүны ретінде көбіне адамдар арасындағм қарым-қатынас көрінеді.

Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты толығынан бере білу баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдардың қоғамдық функңиясы мен олардың арасындағы қарым-қатынас ережелерін түсінуге де араласады.

Мектепке дейінгі ересектердің рольді ойынының мазмұны өзі қалаған рольден туындайтын ережелерге бағыну болып табылады. Бұл жастағы балалар ережелерді орыңдауға төтенше міншіл келеді. Ойында қоғамдық мінез-құлық ережелерін орындай отырып «не болатынына?» назар аударады. Сондықтан олар ненің болатындығы, ненің болмайтындығы жөнінде пікір таластырып: «Аналар бұлай істемейді», «Дәрігер ауруларды осылай қарай ма?» — және т. б. дейді.

Сонымен, рольді ойын сюжеті мен мазмұнының дамуы айналасындағы үлкендердің өмірін баланың барған сайын тереңірек үғына түскендігін бейнелейді.

Ойын жайындағы балалардың шынайы өзара қарым-қатынастары олар тек өздері келіскенде ғана пайда болады, бірақ байқаусыз түрде ойын барысында да өтуі мүмкін. Ойын жөнінде пайда болатын шынайы өзара қарым-қатынастар, біраз кейінірек, ойын сюжетімен анықталатын өзара қарым-қатынастарға да ауысады. Бұл жағдайда сюжетті қарым-қатынастар формаға айналады да одан шынайы қарым-қатынастар байқалады.

Балалар арасындағы шынайы өзара қарым-қатынас сюжетті байланыстарды  мүмкін болатын логикасына сәйкес келуі мүмкін. Мысалы, самолет және жол жүрісі тәртібін реттеушісі ойынын бастаушы осы ойынды ұсына отырып, өзі жол жүрісі тәртібін реттеуші болады. Бұл жағдайда ойын бастаушы өзіне тиісті роль бойынша басқа балаларға жетекші болу мүмкіндігіне ие болады.

Балалар арасындағы шынайы қарым-қатынас сюжетті байланыстың логикасына сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, ойын бастаушы өзіне бағыныңқы рольдің бірін (ол бүкіл эскадрилья самолетінің бірін бейнелейді) алады да, жол жүрісі тәртібін реттеушінің ролін алған балаға бағынады.

Егер бастаушы өзіне бағыныңқы рольді алса, бірақ ойынға нақтылы түрде жетекшілік етіп отырса, онда ойындағы өзара қарым-қатынастар шынайы қарым-қатынастар болып күрделенуі мүмкін.

Жайылған сюжетті түпкі ойын жасау бірлескен іс-әрекетті жоспарлау шеберлігін дамытумен бала өзімен бірге ойнаушылар арасында тез орнын табудың қажеттігін, олармен байланыс орнатуды, ойнаушылардың тілегін түсіне білуді, өз тілегі мен мүмкіндіктерін салыстыра білудің қажеттігін ұғына бастайды. Мұнда әр бала ойынның жалпы жағдайы мен осы топтағы балалардың құрамына сәйкес өзін-өзі соларға икемдеуге үйренеді. Ойынға кіріскенде балалар өздерінің жеке бастарының ерекшеліктерін көрсете бастайды. Біреуі талап етіп айқай салады: «Мен бастық боламын! Мен!». Балалардың бірәзы бұл тілекті үн-түнсіз қабылдайды. Бірақ арасында оның мұндай мәлімдемесіне келіспеушілердің табылуы ықтимал. Мұндайда дау-жанжал туады. Рольді бөлісуге қанағаттанбаған бала ойынға қатысудан бас тартуы мүмкін: «Сендермен ойнамаймын. Бітті!» Бірақ ол бірінші орынға ие болғысы келген баланы ығыстыруы да мүмкін: «Кәне бері келіңдер! Бұйрықты мен беремін!»

Егер балалар өзара келіспесе, ойын бұзылады. Ойынға деген қызығу, оған қатысуға деген тілек балаларды өзара келісімге де келтіреді.

        1.2    Ойын – баланың танымын қалыптастыру  құралы

Ойын — маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай — қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді.

Қызығу — танымдық іс — әрекеттің қозғаушы күші. Баланың қызығуы жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие болады.

Танымды қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.

Біріншісі — оқытудың мазмұны мұндағы балаларды қызықтыратын мазмұнының берілу түрі, жаңалығы, ғылыммен техниканың соңғы табыстары тандандыратын тарихи деректер, білімінің ғылыми іс жүзінде қолданылуға бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.

Екіншісі — балалардың таным әрекетін үйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларды қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру,проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру, ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып көрсету, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру, білімтексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

Үшінші — тәрбиеші мен бала, бала мен бала арасындағы қарым-қатнас сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Бала өзі ұнатпайтын тәрбиешінің пәнінен ешқашан қызықпайды. Балалар өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.

Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалар зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:

  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен
    материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы
    керек
  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.
  3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасызетуі керек.
  4. Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне,ойлана білуіне жетелеуі керек.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғүрлым сәйкес алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Адам уақытпен бірге адымдайды, уақытпен бірге өмір сүреді. Білім туралы заңда тәрбиешілер бас қосуларында сапалы білім, саналы азамат өсіру туралы талай пікірлер айтылады. Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі балалар. Біз оларды қалай тәрбиелесек ертеңгі Қазақстан сол деңгейде болады. Сондыктан да тәрбиешіге жүктелер міндет жүгі өте ауыр. Шәкірттерінің ертеңін ойламаған ұстаз еліміздің болашағына жаны ауырмағаны. Ісіне берілген жаңалықты жатсынбай, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, оқушының жанына нұр құя білу ұстаз парызы деп ойлаймын. Көп оқушы ұстазына ұқсағысы келеді. Тәрбиеші бақыты мен қуанышы — оның шәкірттері білімді болып, ұстаз сенімін ақтай білуі. Мұндай белеске жету үшін тәрбиеші алаңдамай жұмыс істеуі керек. Тәрбиешініңнің беделі оның жеке басының, жан дүниесінің көркемділігіне, біліктілігіне байланысты. Ағартушы Ы. Алтынсарин «Егер шәкірт бір нәрсені түсінбесе оған баланы кінәламау керек. Бұл жерде ұстаз кінәлі, сондықтан да ұстаз берер білімін жеткізе білгені жөн» деген ойды айтқан.

Тәрбиешілер мен балалардың ойын мен тәжірибе сабақтарына қызығушылығы балалар үшін әсерлі де тартымды ойын тәсілі болса,бала үшін бұл оқу үрдісін түрлендіру. Ойын түрінде өтетін сабақтар балаларды бала-бақшадан шыққаннан кейінгі өмірге дайындайды. Олар үшін тек қандай да бір жағдайда не істеу керектігін жаттап, есіне сақтаудан гөрі іс жүзінде көріп, өзін рөлге қойып, шешім қабылдау әлдеқайда қызық. Осындай ойын түрлері имитациялық деп аталады. Оқытудың имитациялық түрі арқылы оқушылардың білім сапасы мен белгілі бір пән немесе тақырып бойынша дайындығын білуге болады.

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын — оқу, еңбек іс — әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. «Ойын » ұғымына түсініктеме берсек — бұл адамның мінез — құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдык тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс — әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

  • Ойын сауық;
  • Комумуникативтік немесе қарым — қатынастық;
  • Диагностикалық (ойын барысында өзін — өзі тану);
  • Коррекциялық (өзін — өзі түзету);
  • Әлеметтендіру.

Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын — адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір — біріне деген сенімділігін арттырады.

Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, ролдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көре алады. Ал ақыл — ой ойындарында белгілі бір ережені сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зиінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерінде дамытады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: ойын — сабақ, ойын — жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалык ойын есептер, ұлттық ойындар. Мұндай ойындар баланы жан — жақты дамытып, білімді толық игеруге көмектеседі.

Оқу үрдісінде кеңінен қоладынылатын ойынның тағы бір түрі ол — дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңызы балалардың ынта — ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік дағдыны қалыптьастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап — баланың танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту. Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:

А) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;

Ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;

Б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;

В) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың қайнар көзіне жеткізу;

Г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

Ұлы Абайдың: «Ойын ойнап ән салмай өсер бала болама?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады.Бала-бақша балаларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров.

Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж.Руссо мен И. Т. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы С. П. Шацкий, В. А. Сухомлинский, Н. К. Крупская өз пікірлерін білдірген.

Педагогикалык үрдісті жетілдіру ойынның алар жөнінде Қазақстандық ғалым Н. Құлжановада зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік тәрбиелік мақсатқа пайдалану болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.

Мектеп оқушыларының негізгі әрекеті — оқу, қарым — қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу білім алу мен білік, дағдысын қалыптастырса, қарым — қатынас бұл балалардың бірін бірі дұрыс кабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын -пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек — қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңістік және көрнекі ойлауын жетілдіреді.

Ұлттық психологияның өзіндік маңызы бар және өте күрделі кұрылымдық элементтерінің бірі ұлттық сезім болып есептеледі. Ұлттық сезім халықтардың өмірінде еркше маңызды орын алады. Әсіресе адамдардың рухани келбетін қалыптастыруда және дамытуда, интернационалдық тәрбиеде зор маңызы бар.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан — жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу- ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді,білікті болуына ойынның алатын орны ерекше.

Ойындарды мектепке дейінгі балаларының оку — іс-әрекеттеріде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет. Ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс — әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. Ойындардың жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ойын сипатына, дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады. Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

  1. Ойын — саяхаттар. Олар ертегіге үқсас, фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді. Бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетеді, қарапайым жұмбақ арқылы, қимылдық — оңай жолмен, қажеттілер — қызық жолмен беріледі.

2.Ойын — тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен
әрекет, сөздік тапсырмалар кұрайды. Ойын міндеттер мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

3.Ойын — болжамдар. Бұл ойындар, Не «болар еді…?», «Мен не
істерп едім, егер…?» деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның   дидактикалық   мазмұны    балалардың    алдына

проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда қалыптастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.

  1. Ойын — жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі логикалық
    астарын болуында, олар баланың есі әрекетін белсендіреді.
    Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға   тәрбиелейді,    оқушы    қиялының
    дамуына әсер етеді.

Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ойын түрлері оқушылардың қимыл қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей — тегжейлі білуді баланың шамасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз піспек емес, жан — жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары жандандыра түседі.

Дидактикалық ойын дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс — әрекет. (1) Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.

Бала ерте жастан – ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым – қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет – сапалары туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады.

Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындардың мазмұны – қандай да болмасын ақыл – ой міндеттерін жүзеге асыру. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол күнделікті оқуға ұқсамайды, мұнда қиял – ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де,жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастықты және айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, оқушыларды еш қинамай, өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, оқушыларға білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді.

Дидактикалық ойын өзінің қызметі мен атына сай орындалуы үшін, оның арнайы құрылымы болуы шарт.

Оның құрылмы төмендегідей:

Міндеті.

Әрекет.

Ереже.

Нәтиже, ойынның аяқталуы.

Егер оның әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық:

  1. Міндеті — әрбір дидактикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол дидактикалық мақсаттан келіп туындайды. Ойынның ( мақсаттан келіп ) міндеті, оның оқу мазмұнын құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылығын оятады, олардың танымдық іс — әрекетін белсендіреді және жаңа білім, іскерлік, дағдымен байытады.
  2. Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір оқушының мінез – құлқын анықтап, ұйымдастырып, бір тұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоцияналдық қатынасын анықтайды. Дидактикалық ойында әрекет нақты анықталған және айқын түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:

а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге асырылуы шарт;

ә) ойынның аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы шарт.

  1. Ереже – дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып табылады және ерекше орн алады, сондықтан кейде дидактикалық ойындарды «ережеге құрылған ойындар» деп те атайды. Ереже ойын міндетіне бағынады. Олар іс — әрекетті ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан дидактикалық ойында іс — әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер бала ойын үстінде не істеу керек және қалай істеу керек екендігін анықтайды. Ережесіз іс — әрекет жайбарақат дамып, дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете алмайды, сөйтіп өзінің негізгі сипатынан айырылады. Дидактикалық ойынның ережесі іс — әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.
  2. Ойын нәтижесі – бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан және мұғалімнің немесе тірбиешінің көзқарасы тұрғысынан.

Егер ойын нәтижесін баланың көзқарасы тұрғысынан бағаласа, онда мұғалім ойынның балаға моральдық және рухани ләззат беру жағын есепке алады. Дидактикалық ойынның міндетін шешу баладан белгілі бір күш – жігерді талап етіп, олардың ойлау іс — әрекетіне талаптар қояды. Балалар ойын барысында ұшқырлық, алғырлық, тапқырлық танытады. Мұның барлығы балаларды моральдық тұрғыдан қанағаттандырып, олардың өз күштеріне сенімін арттырады, оларды қуаныш сезімге бөлейді.

Мұғалім мен тәрбиешіге дидактикалық ойындарды талдау кезінде міндеттің орындалғанын, әрекеттің жүзеге асырылғандығын, ойынның белгілі бір нәтижеге әкелгендігін қадағалаудың маңызы зор.

Адам өскен сайын ойын өзінің мәнін, жетекші ролін жоғалта бастайды. Бірақ ол кейбір адамдарда өмірлік іске айналады (шығармашылық, техникалық және басқа да мамандықтар). Ойын тарихы, оның еңбектен пайда болғанын көрсетеді, ендеше ол адамдар үшін еңбектің түрі болып қала береді. Сондықтан дидактикалық ойын – бастауыш сынып оқушыларын оқытудың ақыл – ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдаланудың орны ерекше.

Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені ойын мектепке келген оқушылардың әрекетін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол – мазмұнының тәрбиелік – танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы.

Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан – ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан – ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды оқып – үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс — әрекеті процесінде аса дайындықты қажетсінбейтін дидактикалық ойындарды пайдалану керек және олар оқытатын, үйрететін сипатқа ие болуы тиіс. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда, оның сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды. Оларды сабақтың әрбір кезеңіне сәйкес дұрыс пайдалану да өте тиімді. Сабақтың басында ойын баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады,сабақтың ортасында ойын тақырыпты меңгертуге бағытталады,сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде ұйымдастырылса да, қызықты, түсінікті болуы, оқушыларды іс — әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс.

Әдіскер – ғалым Ж.В.Арутюнян бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда ойынды қолдану әдістемесін жасады. Ол «оқытуда ойынды қолдану әдістемесін компоненттердің белгілі бір жүйесінің жиынтығы», деп түсінеді. Оның негізгі компоненті ретінде ойынның мақсатын алады. Оған байланысты жүйенің басқа компоненттері қарастырылады: мазмұны, ұйымдастыру формасы, ойын түрлері, ойын құралдары, сонымен бірге олардың өзара байланысы. (1)

Бұл жүйені бастауыш мектепте оқыту процесінде басшылыққа алуда мұғалімге әдістемелік талаптар қойылады.

Мұғалімге қойылатын бірінші талап – ойынның нақты мақсаттарын түсіну және білу болып табылады, ойынның негізгі мақсаттары төмендегідей:

Бастауыш сынып оқушыларына әрбір пән бойынша меңгеруге тиісті білім мөлшерін саналы түрде игеріп, оқушылардың іске икемділігін қалыптастыру;

Бала қабілетінің қырларын жан – жақты дамыту;

Ой — өрісін, дүниетанымын кеңейту;

Еңбек, дене тәрбиесін жетілдіру, оның өмірге көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру;

Есте сақтау қабілетін дамыту.

Екінші талап – ойынның мазмұнын анықтау. Мұнда қажетті шарт – ойынның көмегімен жүзеге асырылатын деректі оқушының жас ерекшеліктеріне, бағдарламалық талаптарға, нақты мақсатқа сәйкес дәл білу болып табылады.

Ойынның мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің іскерліктерін қалыптастыруғ бейнелік және логикалық ойлауды дамыту мақсаттарын да жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі ойынды және оның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады.

Дидактикалық ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар: (ұжымдық, топтық және даралық таңдау ) ең алдымен оқушылардың ойлауының даму деңгейін, коммуникативтік іскерліктерді ( оқу, жазу ), қарым – қатынас іскерлігін қалыптастыру деңгейін нақты есепке алу негізінде анықталады 6 – 7 жасар балаларға тән көрнекті — әрекеттік және көрнекті – бейнелік ойлаудың даму ерекшеліктеріне сүйене отырып, біз топтық немесе дара ойындарды пайдалану тиімді деп есептейміз. Мұндай жағдайда мұғалім әрбір оқушы арқылы ойынның мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Ол үшін ойынға қатынасушыларды қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл тапсырмалар жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар, тағы басқа сондай болуы мүмкін. Ойынды ұйымдастыру формасына, оның түріне байланысты болу керек

Ойынның құралдарына қойылатын талаптар: ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір зат ( ойыншықтар, материалдар т.с.с ) оқушыларға жақсы таныс болуы керек.

Дидактикалық ойындарды таңдап алу, оларды дұрыс өткізу мен ұйымдастыру – оның табысты болуының шешуші шарттары. Ойынды оқу әрекетіне енгізу, біріншіден сабақта қолайлы жағдайдың болуы, екіншіден мұғалімнің шеберлігін, үшіншіден оқушылардың психологиялық көңіл – күйінің болуын талап етеді.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі, олардың сабақтың кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасының мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын – ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.

Дидактикалық ойындардың қайсысын болмасын өткізу барысында оқушылар түрлі іс — әрекеттерді орындайды. Дегенмен олардың қандай да бір іс — әрекеттің басым орындалуына орай топтастыруға болады. Демек, ойын барысында орындалатын негізгі іс — әрекеттерді анықтап, оның түрлерін іс — әрекетке орай алмастырып отыруға тура келеді. Кейбір дидактикалық ойындарда оқушылардың орындаушылықпен (қайта берілген үлгіге еліктей отырып), біршамасында еске түсіруімен, (қайта жаңғыртумен) байланысты, қайсы бірінде тексеру мен бақылау, өзгерту, түрлендіру, әртүрлі мүмкін варианттарды іздестіру сияқты іс — әрекеттер орындалады. Ойын элементтерін пайдалану нәтижелі болу үшін осы сияқты іс — әрекеттерді алмастыра отырып дидактикалық ойындардың өзгермелі болуын да жүзеге асыруымыз керек.

 

 

 

II бөлім Ойынның  жан жақты дамытушылық қасиетінің әдістемесі

2.1 ¥лттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамыту

Ұлы педагог К.Д.Ушинский жас ұрпақты тәрбиелеуде халық педагогикасының талаптары терең бейнеленген халық ауыз әдебиетінің, әсіресе  ертегі жырлары мен мақал-мәтелдерінің, сонымен қатар дәстүрлі ұлттық ойындардың маңызды екенін атап көрсеткен.Ұлттық ойындар ұлт ұлт болып қалыптасқалы  халықпен бірге жасасып, ғасырлар бойы ұмытылмай, атадан балағ мұра ретінде ауысып отырған.Олар баланы пайдалы еңбекке, сөйлеуге,мергендікке, тапқырлыққа,ептілік пен күштілікке, бірлесіп қызымет атқаруға, төзімділікке және т.б. тәрбиелеудң  ұтымды құралы болған.Қаз»рде әртүрлі ұлттар ойындары,соның ішінде қазақтың ұлттық  ойындары жинақталған  кітаптар шығарылуда.

Ұлт ойындары – интернационалдық тәрбиенің құралы. Олай дейтініміз ұлтойындарының арасында өзара үндестік, тығыз байланыс бар.

Ойынға тек ойын деп қарамай,халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы,бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды.

Ұлттық ойындар халық педагогикасынаң бір саласы болып отыр.Ол-сандаған ғасырлар бойы ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеуде. Қазақтың ұлттық ойындары тек дүниені ғана емес,ойды жаттықтырушы да болып табылады. ¥лт ойындарын тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп караған жөн. Өйткені, ойын баланың дүниені танып білуге қадам жасар алғашқы басқышы. Егер баланың алғашқы өмір кезіндегі тікелей айнала қоршаған ортамен байланысын адамдармен, жолдастарымен карым — қатынасын елеп ескермей өмір тәжірбиелерінен қол үзгізіп, бірден өзіне бейтаныс дүниеге мәжбүр етсек, олардың психикалық дамуына кері әсер етуі әбден мүмкін. Оның үстіне бүл тәрбие үрдісінде жақыннан алысқа жай нәрседен күрделіге, жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген қағидаға да қайшы келмейді.

Қазақ халқының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиешісі, үлгі берершіктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. ¥лттың ойын арқылы жеке тұлғалар қалыптасып, шыңдалып халыққа танылған сол арқылы өмірге жолдама алып, ел ішінде танымал адамдарға айналған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын — сауықтарды бәсекеге түсіп жеңімпаз атанып, жүлде алу ғана емес, ата жолын куып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.

Сондықтан ұлт ойындарын бүгінгі бала-бақша және бала-бақшадан тыс оқу — тәрбие жұмысына, әсіресе балалардың туристік іс -әрекетін ұйымдастыруға енгізудің әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгілі бір ғылыми — педагогикалық алғы шарттарға бағындырылуы тиіс.

Бала-бакшадағы және бала-бақшадан тыс тәрбие үрдісін жетілдірудің алғы педагогикалық шарттарының бірі — өркениеттің бүгінгі деңгейіне негізделген әлеуметтік — педагогикалық талаптарға сай жастарға білім мен тәрбие беру, адам баласының өткен ұрпақтарының қол жеткізген жетістіктерінен бас тарту деген сөз емес, қайта сол көненің негізінде жаңа мазмұн мен мағыналарға жеткізілетін түрлерді дүниеге келтіру арқылы бүгінгі күн талаптарына сай жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндігін пайдалану.

¥лттық ойын элементтерін сабақтың барысында пайдалану балалардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын бала санасына жақындатады. Ал балалардың табиғи жағдайда өткізетін туристік іс — әрекеттерде (туристік жорықтарда, жарыстарда) ұлт ойындарын пайдалану тәрбие жұмысына оларды қызықтырып, еліктіре түседі.

¥лт ойындары балалардың іс — әрекеттерінің мазмұнын байытып, нақтылаудың нәтижесінде балалардың белсенділігін жетілдіріп, жұмыс қабілеттерін жақсартады, түрлі қиындықтар мен кедергілерді еркін игеруге мүмкіндік туғызады.

М. Павловтың рефлекстік пиериясына сүйенер болсақ, барлық оқыту, тәрбие үрдісі байланыс жүйесінің құрылымына негізделеді, ал оның қажетті шарты «Орталық ми қабығының әрекетіне» байланысты болып келеді. Олай болса, ойын қолданылған сабақ, тәрбие жүмысы балаға өзінің етене жақындығымен, түсініктілігімен ерекшеленеді.

Ойын әрекеті — өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жүмыс өз алдында жеке тұрып оқыту ұсталған бола алмайды. Ал баланың ойын үстіндегі өзін — өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шашығуы, шыңдалуы, оның ақыл — ойын, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік -қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде балалардың өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы қажеттілікке ұласады. Атап айтқанда, білім алудағы бала белсенділігі мен білімді игеруге деген санашылық (пен) ұстанымы бала дербестігін туғызып, өздігінен оқу білім алу дағдысын қалыптастырады.

Бала бала-бақша қабырғасында, бала-бақшадан тыс ұйымдарда ұжым арқылы білім айғағынан, ол әрдайым өз алдында дербес тұлға арқылы іске асқанымен, ойынға қатынасқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.

Адамның қандай әрекеті болсын коғамдық әлеуметтік қажеттіліктен туындайды. Бала өзінің қажеттігін өтеу үшін, ішкі талаптарын қанағаттандыру үшін белсенді әрекет жасайды. Баланың ойын әрекеті оның ақыл — ой, дене дамытуы үшін қажет. Баланың ойын әрекетіндегі белсенділігін дұрыс бағалап, ойын іс — әрекетінде оның белсенділігіне, білім алуға, қажетті оқумен дағдыны меңгеруге және оларды күнбе — күнгі тәжірбиеде, өмірде пайдалана білуге үйренуге баланың саналықпен істейтін әрекетіне ұластыруы шарт.

Бала белсенділігі негізінен екі түрлі: сыртқы және ішкі белсенділіктен түрады. Сыртқы белсенділігі көбінесе ойын арқылы, қимыл, қозғалысы, әсіресе өмірлік әрекетіне байланысты болып келеді. Баланың ішкі белсенділігіне оның ойлау әрекетіндегі белсенділігі жатады.

Баланың ішкі, сыртқы белсенділігін бөле — жара, бір — бірінен ажырата қарауға болмайтыны байқалады. Нақтылап айтсақ, баланың ойы, қабылдауы, дағдысы ең сақ, баланың ойы, кабылдайы, дағдысы ең алдымен сырттан болатын әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып, қабылдау белсенділігін арттырады. Егер сыртқы әсер солғын болса, ішкі әсердің де солғын болары сөзсіз. Сондықтан А. С. Макаренканың бала ойында кандай болса, өмірде де сондай болады, үлкенднрдің жұмыстағы қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі, қайраткершілігі баланың ойынымен тең деген пікірін мындықтан алшақ деп түсіну қиын.

¥лт ойындарымен бойында бүгінгі жас ұрпақтың бойына дарытарлық ұлттық жағымды қасиеттері үшан — теңіз, соның бәрі әлеуметтік педагогикалық талаптарды үнемі шыңдап, қоғам талаптарына сай жастарды тәрбиелену ісіне қосар үлесі мол екені даусыз.

Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі заман достарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына ата — бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап,жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткені мен бүгінгі байланыстыра білулеріне, сөйтіп, мәңгүрттік атаулыға тосқауыл коюларына ұлт ойындары септігін тигізеді. Балалар ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген сондықтан, халық оған тек ойын — сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қоршаған ең басты — ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қасиетін шаршы топтың алдында, баршаға тең, еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған.

Ойын тегінде адам баласының ұжымдық шығармашылығының және орындалуы да көбінесе ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым — қатынасқа әрекеттенуге тәрбиелеуге мүмкіндік мол.

Психолог ғалым Т. Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті білдіреді деген теріс қиқарысты орынды сынай отырып, олардың тәлім — тәрбиедегі, денесін машықтыру мен ақыл — ойын жетілдірудегі жеріне тоқталады. Ұлттық ойын түрлері ұрпактың көңіл көтеруі, ойын — сауық түрлерімен шұғылдануымен ғана шектелмей, олар сол халықтың салт санасын, дәстүрін, тұрмысын білдіретін әрекет екендігін көрсетеді. Кез келген ойынның түр сипаты халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін құбылыс.

Е.С. Слеповичтің «Сюжеттік-ойын» әдістемесі.  Мақсаты: Баланың өз іс-әрекетін ұйымдастыра білуін анықтау. Әдістеме арнайы іріктелген топта жүргізілген. Балаларды алдын-ала дайындалған бөлмеге алып барған. Онда келесі тақырыптарға сай ойыншықтар дайындалған: «Емхана», «Дүкен», «Отбасы», «Құрылыс». Әдістеме психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілген.

Е.С.Слепович және оның шәкірттері жүргізген әдістемеде анықталғандай, қарастырылып отырған топтағы балалар өздігінен ойын бастамайды. Олар кейде ойыншықтарды алып, оларды қарап заттық-ойындық іс-әрекеттеттер    жасаған. Не істеп жатырсыңдар деген сұраққа,

олар: «машинаны жүргізіп жатырмын», «қуыршақты киіндіремін» деп жауап берген. Тағы бір жағдайларда балалар іс-әрекеттерді өздерінің қиялынан шығаратыны байқалған. Егер эксперимент жүргізуші ойын шартын ұсынбай жатып, ойынды бастауға итермелесе бұрынғы көрсеткіштер қайталанып отырды, яғни өздігінен ойын бастамады. Алайда, уақыт өте келе ойынды ұйымдастыруға деген талап арта түсті. Сонымен бірге топтың бір бөлігі ауыр түрдегі ПДТ балалар ойын бастауға ықыласы болмай, бөлме ішінде жүгіріп жүрді немесе басқа іспен айналысты. Кейде үлкен адам ойынның нақты тақырыбын берсе де, балалардың тек жартысы ғана ұсынылған ойынның шарты бойынша ойынды бастаған. Сонымен қатар жан-жағына қарап қасындағы баланың немен айналысып жатқанымен жұмысы болмады. Қарастырылып отырған топтағы мектепке дейінгі балаларда ойыншықтарға деген көзқарасы өзгеше. Эмоционалды қатынасының төмендігі сүйікті ойыншығының болмауынан байқалады. Бұл жағдай зерттеу жүргізгеннен ғана емес, ата-аналарымен сұхбаттан кейін де мәлім болды. Олардың айтуы бойынша, балаларының белгілі, ұнататын ойыншығы жоқ.

Бұл әдістемені жүргізу барысында балалардың қоршаған орта туралы білімін, үлкендердің іс-әрекеті туралы білімін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты түсінуін, жинаған білімін ойын шартында қолдана білуін, өз ролін түсініп және басқалармен қатынас жасауын байқаған. Ойында сонымен қатар, балалардың өз әрекеттеріне және құрбыларының әрекеттеріне эмоционалдық қатынасы байқалған.

Психикалық дамуы тежелген балалардың ойыны жайында жалпы айтсақ: оларға бірқалыптылық, шығармашылықсыздық, жеткіліксіз эмоция тән. Қалыпты дамудағы балаларда 6 жаста сюжеттік ойын өзінің даму шыңына қол жеткізеді. Ал, қарастырылып отырған ПДТ балаларда ойыншылардың өз міндеттерін дұрыс бөлмеуімен, ойын ережелерінің сақталмауымен ерекшеленеді. Мұндай ерекшеліктер қалыпты дамудағы мектепке дейінгі жастағы балаларға тән.

Ойынды дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дәреже кореді. Баланың осы тілегін қолдау керек. Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше «ойын» болып сақталғанымен, баланың барлық күш-жігерін, зейінін озіне аударып отыр. Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру — ой-орісінің, өмір тәжірибесінің жан-жақты қалыптасуына байланысты жүргізілетін жұмыстардың басты бір бөлегі.

Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (семья, магазинге бару т. б.) көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі — мүғалімнің, қалғандары оқушының рөлін атқарады. Ойында мектеп өмірінің бейнелеуі екінші сынып балаларында біртіндеп кеми бастайды, оның орнын творчестволық ойындар басады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір-бірімен қатынасын, сезімдері мен көңіл-күйлерін көрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптары, көрген кинолары, үлкендерден естіген өңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.

 

2.2 Ойын арқылы балалардың дамытушылық

 қасиеттерін  арттыру жолдары

      Ойын — оку үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен   оқу   әрекетінің   өзара   байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті — ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ  барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын —  оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да бастауыш, дайындық сыныптарында оқущылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенген жөн. Олай болса ойынды пайдаланудың, маңызы зор. Ойынды математика сабағында қолдана отырып, балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орныңды тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық», «Жапырақ жинаймыз», «Шырша безендіру» ойындарын ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен бері кұштастыруға қолайлы.

Мысалы: математика сабағында балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойыны. Оның басты ерекшелігі — баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі.

Бір дегенім — білім,

Екі дегенім — егеу т.б.

Оқушылардың ой белсенділігін,  саналы ойлана білуін дамыту,  жетілдіру — мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын түрлі дағдымен  шеберлікті меңгеруге қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланын жақсы өз дәрежесінде меңгеруіне әкеледі. Дайындық сыныптарда сауат ашу сабағында әріптермен, дыбыстармен танысу барысында балалар  бірнеше ойын түрлерін ойнайды. Мысалы: «Сөз ойла,тез ойла», «Балықшы», «Сәйлемді жалғастыр», «Жоғалған буынды тап», «Кім тапқыр?», «Кім көп біледі?» т.б.

Бірнеше ойындар ойнатуға болады. «Сөз ойла, тез ойла» ойынында доп лақтырып ойнатылса, «Балықшы» ойынында аквариумнен балықты, магниттік кубиктерді қармақпен аулап (қармақ басында,балықтың астыңғы жағында магнит болады), сонымен балықты алып, ондағы сұраққа жауап беруге болады. Ойын — адамның өмір танымының алғашқы қадамы.

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», — деп өлеңде айтылатындай, бала өміріңде ойын ерекше орын алады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезініп, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет танытып, түрлі психологиялык түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала шынайы өмірдегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Ұлттық ойын ойнау арқылы оқушылардың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады. Сондықтан мен өз сабақтарымда мынандай ұлттық ойын түрлерін ойнатамын. «Бәйге», «Хан талапай», «Орамал тастамақ» т.б. ойындар.

Бәйге ойынында екі топтан екі оқушымен ойналады. Екеуі келіп сұрақтар алады, Кім тез жауап берсе, сол дереу тақтадағы өз жорғасын мәреге жеткізеді.

Хан талапай, Балаларды үш топқа бөліп, алдыларына асық шашамыз. Олар асықтағы нөмірмен сұрақтарға жауап береді.

Орамал тастамақ ойынында ойын ұжыммен ойналады. Ойынды алдымен өзім бастап кез келген өрнекті дауыстап айтып (2+3), орамалды бір оқушының алдына қоямын. Сол окушы бөгелместен 2 мен 3-тің қосындысы 5-ке тең деп айту керек. Ары қарай балалар ойынды өздері жалғастырады. Міне, осындай ойындарды өз сабағымда пайдалана отырып, балаларға дәріс беремін.

Ойын — баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.

Ойын — тиімді тәсіл.

Жалпы бастауыш сынып оқушыларының мектепке дейінгі ең негізгі ісі ойын болғандықтан оқып үйрету барысында олар біртіндеп ойын әркетінен таным әрекетіне турлі ойындарды ойнау барысында бейімделуі тиіс.

Я.А.Каменский: «Ойын     айналадағы дүниені танудың тәсілі», — деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен-ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады.

Ойынның нәтижесінде, баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, тапқырлық, белсенділік, шыдамдылық қалыптасады.

          Жаттығулар мен спорттық ойындар. Бұл кезеңнің ерекшеленетін себебі:  Бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, сабақтардан тез шаршайды, бұрынғыдай қимылдай бермейтін болады. Өйткені бұған дейін балалар үнемі қозғалыста болады, ойнайды, жүгіреді, ертеден ұйқыға жатқанға дейін 6 сағаттан аса қозғалыста болады. Ал мектеп табалдырығын аттағаннан кейін жүріс-тұрысы, қозғалысы таза ауада болатын уақыты әлде қайда азаяды, тіпті ұйқысы да бұзылады. Бұл олардың ден саулығының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей мектеп оқушыларының 80 пайызының организмінде ақау болатыны — осының дәлелі. Әрине аптасына 3-ақ рет болатын дене шынықтыру сабағы организмнің күнделікті қозғалыс қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Мектеп табалдырығын аттаған 1 – сынып оқушысы мектеппен қалай танысса дене шынықтыру сабағымен де солай танысуы керек . Ал мектептегі жалпы дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарының басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға, алаңға арнайы спорттық киіммен ғана шығуы тиіс десек, бұл – оларға қойылатын алғашқы талап. Бастауыш сыныптарда оқушыларға дене шынықтыру пәні бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар меңгеріледі. Сауықтыру шаралары ағзадағы физиологиялық өзгерістерді жақсартумен денені шынықтыруды көздейді. Бұған таң ертеңгі бой жазу жаттығулары, сабақ үстінде өткізілетін сергіту сәттері, үзіліс күні жасалатын жаттығулар мен ойналатын ойындар, сабақтан тыс уақыттағы ойындар мен жаттығулар жатады. Таң ертеңгі бой жазу жаттығулары оқушылар дене шынықтыру сабығында орындап, үйреніп, оларды үйде өз беттерімен қайталап жаттығады. Бұған оқулықтағы жалпы дамыту жаттығуларымен мұғалімнің өз қалауы бойынша іріктеп алынған жаттығуларды пайдаланады. Бой жазу жаттығулары музыка ырғағымен неше түрлі спорт құралдарын қолданып өткізсе оның құндылығы арта түседі. Қазір мектептердің көбінде үзіліс кезінде таза ауаға шығып бой жазып сергуіне мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан оқушылар үзілісте азда болса ойнап, жаттығулар орындау арқылы, өздеріне керекті қимыл қозғалыстар жасау мақсаты үшін оқулықта шағын ғана орынды қажет ететін ойындар көрсетілген.

Сабақтан тыс кездері жасалатын жаттығуларды мұғалім көбінесе әрбір дене шынықтыру сабағы сайын үйге тапсырма ретінде беріп отырады, және тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, тексеріп отыру керек.Таң ертеңгі бой жазу жаттығулары мазмұнына қарай 4 топқа бөлінеді:

Алғашқы жаттығуларды ұйымдастыру

Керіліп – созылу жаттығулары

Тыныс алу мүшелері мен организмінің қан айналымына әсер ететін жаттығулар

Аяқ қолдың бір мезетте қозғалуына, денені дұрыс ұстауға арналған жаттығулар.

Таң ертеңгі бой жазу жаттығуларының ойдағыдай өтуі, оның     ұйымдастырылуына байланысты. Бастауыш сыныптарда өтетін спорт сағатының мақсаты – оқушыларды дағдылы қозғалыс түрлеріне (жүру, жүгіру, секіру,т.б.) спорттық жарыстарға қатысуға дайындау. Таң ертеңгі бой жазу жаттығуларын үйде орындауға бақылау жасау және т.б. Бала алғашқы кезде далаға шыққан бетте жаттығулар орындайтын жерге жеткенше тез жүгіріп барып, одан соң жүгіруді бастап, бара-бара жылдамдықты үдете беруі қажет. Ең әуелі жүгіруден бастаудың мәні қан айналу процесімен ішкі мүшелерді тиісті жүктемелерге дайындайды. 5 – 10 минут жүгіріп, одан кейін керіліп-созылу жаттығуларын орындайды. Кеудені кере дем алу, иық, кеуде және белді қозғау жаттығуларын орындап бірте-бірте күрделендіре береді. Бастауыш сыныптарды дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене жағынан даму процестері баса ескерілуі қажет. Сабақтың мақсатына қарай арнайы іріктеліп алынған жаттығулар мен ойындарды, оқушылар орындай алатындай болуы керек. Баланың өз құрбыларының арасында жүргенде көпшіл бола білу мінез-құлқын қалыптастыратын бірден-бір құрал ойын екені даусыз. Әрбір баланың мінез-құлқы ойын үстінде қалыптасады. Яғни біреуі әділ ойнайды, екінші біреуі алдайды, үшіншісінің жаттығуды орындауға шамасы келмейді, енді бірі жігерсіздік танытады. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері ойын тәрбие құралының негізі ретінде пайдалану керек. Адамның жеке басының қасиеттері дененің қалыптасуымен байланысты. Денені жүйелі түрде шынықтыру мен ден саулықты нығайту. Адамның ойын өсіріп, шығармашылық қабілетін арттырады. Органзм шамасы келетін жаттығуды және дұрыс ұйымдастырылған жұмысты орындағанда ғана дамып, нығайып жетіледі.

Қазіргі мектептерде бір ауысымда оқитын оқушыларға күніне бір сағат;  ден саулық сағаты; өткізіліп жүр. Денсаулық сағаты 2 немесе 3 сабақтан кейін барлық оқушылардың қатысуымен 45 минут бойы өткізіледі. «Денсаулық сағаты» жергілікті жағдайға және оқушылардың санына байланысты оқу күнінің басқа бір уақытында өткізуге де болады.

Бұл үлгі 6 сабақ кестесі бойынша беріліп отыр. «Денсаулық сағатын» үшінші сабақтан кейін қойғанда да осы уақыт кетеді. Бұрын бір ауысымда оқитын мектептерде 6 сабақ 14 сағат 25 минутта бітетін. Таңертеңгі бой жазу жаттығуларын орындау үшін, оқушылар мектепке 8 сағат 15 минутта келіп, 8 сағат 30 минутқа дейін таңертеңгі бой жазу жаттығуларын орындап, содан соң сабақ басталатын. Ал қазір оқушылар 8 сағат 15 минутта сабаққа отырады. Сонымен бұрынғы 30 минуттық, болмаса 20 минуттан екі рет өткізілетін ұзақ үзіліс уақыты денсаулық сағатына пайдаланылады.

Осылайша мектептегі бұрынғы қалыптасқан сабақ кестесі өзгермейді. Демек таңертеңгі бой жазу жаттығулары мен ұзақ үзіліс уақытынан күнде өткізіліп тұратын денсаулық сағаты шығады. Бұл сабақ тек далада өткізіледі. Күнделікті «денсаулық сағатын» өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырып, денсаулығын нығайтады, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Әсіресе ақыл-ойына, мидың қабылдау процесіне әсер етеді. Демек мидың белгілі бір уақытта тынығуына жағдай жасайды.

Гимнастикалық жаттығуларды үйретіп, меңгертудің мақсаты – баланың бұлшық еттерін, күш – қайратын өз уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп-бүгілгіштігін дамытуға жағдай жасау. Сондай-ақ оқушы өз қимыл-қозғалысын соған сәйкес музыка ырғағымен үйлестіруге үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық жаттығулардың элементтерін орындауға дағдыланады.

Ал жеңіл атлетиканың жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының техникасын жетілдіргенде нәтижесі жақсарады. Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану оқушының шапшаңдылық, күштілік, төзімділік қасиеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытып жетілуіне, күш-қайратының молаюына ықпал етеді. Жалпы дамыту жаттығулары – мойын, иық, кеуде, арқа және аяқ бұлшық еттерін дамытуға пайдасын тигізеді.

Дене тәрбиесі мен адам психологиясы өзара тығыз байланысты. Балалар өмірінде оның ой әрекетінен тыс ешбір процесс болмайды. Адамның жан-дүниесіндегі әрбір түйсік, қозғалыс түрінде білінетіндігі және керісінше әрбір қимыл-қозғалыс көңілге тікелей байланысты екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Сөйтіп ақыл-ойға қозғау салмайтын бірде-бір қимыл жоқ, ой қызметі қимыл түрінде көрініс табады.

Ойынға баланың дене мүшелері түгел қатысады, ойын оның барлық рухани әрекетіне қозғау салады, сөйтіп жеңіл және гимнастиканың, дене тәрбиесінің барлық түрлерінің міндетін атқарады. Осылайша бастауыш мектеп оқушыларының күнделікті тіршілігіндегі қозғалыс белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстары дұрыс жолға қойылғанда ғана біздер денісау ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Дене тәрбиесінің негізі – жеке тұлғаның өз қолында. Мысалы, әр күні дағдылы жаттығулар жасап, тазалықты қастерлеуді қалыптастырса, екіншіден, түрлі сауықтыру қимылдарын міндетті түрде (парыз) жасап, дене қимылдарын шынықтырса, онда ол денсаулығын, ой парасатын таза сақтай алады.

Дене тәрбиесі түрлі жаттығулар арқылы жеке тұлғаның бойындағы қимыл анализаторларын іске қосып, қимыл жүйесін, сымбатын, симметриялық салмағын қалыптастырады, оның ұстамдылығын, төзімділігін, еңбекке бейімділігін арттырады. Дене тәрбиесі сабақтар арқылы, спорттық жарыстар арқылы, түрлі дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары арқылы жүргізіледі.

Қосымшалар:                                                                                                                                                                                                 

                                        Ойын

           Мақсаты
Бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау
             Міндеті
Баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру

 

Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттыруды құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.

                              Ойын

Сабақтың басында
Өткен сабақты еске түсіреді
Сабақтың соңында
Тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Сабақтың ортасында
Көңіл күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады

 

 

   Баланың бойында

                                                 Ойынның нәтижесі.

Ойлау
Ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады
       Тапқырлық
           Белсенділік
       Шыдамдылық

 

                        ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Кішібаева Д.  ¥лттық ойындардың пайдасы     /УБастауыш
    мектеп, 20041. -Б. 52-56
  2. Бүркітбаев Ә. Спорттың ұлттық түрлері және оның тәрбиелік мәні.

— Алматы: 1985ж.

  1. Тұрыскелдина М.Т. Дене шынықтыру оқыту әдістемесі (3 сынып)

– Алматы: Атамұра, 1999ж.

  1. Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі. – Алматы:  Рауан,

1994ж.

  1. Мухина С., «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы». Алматы, «Мектеп»-1986
  2. Жарықбаев Н. «Жалпы психология» Алматы – 2004.
  3. Арутюнян Ж.В «Взаимосвязь учебной и игровой деятельности в обучении математике младших школьников». Афтореф.дисс.канд.пед.наук – М,1988 – 15 с
  4. Ахметов С. «Бастауыш кластарды білім берудің тиімділігін арттыру жолдары». – Алматы: Рауан, 1994 – 84 с
  5. Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко. «Игры и упражнения по развитию умственных способностей у детей дашкольного возраста».– М: Просвещения, 1989 – 212
  • Микитинская М.И. «Игровые ситуации как средство повшения эффективности обучения младших школьников математике». Афтореф.Дисс.К.п.н – Киев, 1980 – 25 с
  1. Болдырев И. С.Класс жетекшісі.- Алматы :Мектеп, 1980.-Б.

 

12  Кішібаева Д.  ¥лттық ойындардың пайдасы     /УБастауыш
мектеп, 2004, №1. -Б. 52-56

13  Нұрғаева Г. Ойын сабақ // Бастауыш мектеп,2001, №7. -Б. 40-
46

  1.   М.Жайлауова,З.Сексенбаева.  Дидактикалық  ойындар  жэне
    оларды пайдалану // Бастауыш мектеп, 2004, №6. -Б. 28-30

15.Қаженбаева А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту //Отбасы
және балабақша, 2002, №1.-Б. 9-10

16.Қоянбекова.С. Ойын мақсатын талдау жэне оның мәні //
Қазақстан мектебі, 2002, №1-2.-Б. 45-49

17.Қазақстан мектебі №9. 2002 23-30 6.

18.Байжұманова. Б. Оқушылардың танымдык кабілетін дамыту
//Қазақстан мектебі, 2000, №2.-Б. 29-31