Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы

0

Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

  1. Жүйке жүйесінің құрылымы.                        3
  2. Ойлаудың адамның дүниетанымындағы маңызы. 14

3.Ой процесі мен ойлау әрекеттері.                                                           18

Қорытынды                                                                                            21

Кіріспе

Курстық жұмыстың маңыздылығы. Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән- жайына қанығу үшін ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажеттті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Сондай-ақ , ол түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан айналысын реттеп, сыртқы ортаның өзгеруіне беймделіп отырады. Жүйке жүйесі  нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Нейрондардың ұзын тармақты аксон, қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тармағы бар. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, шеткі ( перифериялық) және ішкі (вегативтік) жүйке жүйелерінің өн – бойына орналасқан.

Орталық жүйке жүйесіне жұлын және ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әртүрлі шеткі нервтер жатады. Орталық жүйке жүйесінің бөліктері көп қатарлы үйдің құрылымына ұқсас, олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысының қызметі төменгілеріне қарағанда барынша күрделі болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі – жұлын жуандығы 1 см – дей омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда 45 см –ге дейін жетеді. Жұлыннан жан — жаққа 31 жұп нерв талшығы тарайды. Олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің аяқ-қолымызды жинау, керіп –созу сияқты басқа да қарапайым қозғалыстарымыздың орталығы болып саналады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Жоғары жүйке жүйесінің заңдылықтары мен қызметін және құрылымының мәнін ашу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы түсінікті қалыптастыру;
  2. Жоғары жүйке жүйесінің қызметін анықтау;
  3. Иррадиация, концентрация және индукция – жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарының мәнін ашу.

Негізгі бөлім

  1. Жүйке жүйесінің құрылымы.

Орталық жүйке жүйесінің орталық бөлігі – ми. Оның орташа салмағы – ересек адамдар да 1400 граммдай. Мұнда сопақша, ортаңғы және аралық ми – бәрі қосылып, ми бағанасын құрайды. Омыртқалы жануарлардың ми бағанасының атқаратын қызметі ерекше. Сопақша мидың сырт жағында формасы ағаш жапырағына ұқсас мишық (қарақұс) орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бір қалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады. Бұлардан жоғарырақ орналасқан мида құлақ пен көзден баратын тітіркендіргештерді, қаңқа еттерінің қалпын реттеп отыратын жүйке орталықтары бар. Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігі тор тәріздес құрылым деп аталады. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығы мен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі-афференттік (сырттан жеткізуші) талшықтардың жиынтығы болып табылады.

Миға сырттан келген әсерледі жеткіткізіп, сол әсерлерге мидың реакциясын іске асыратын бөлім – шеткі (перифериалық) жүйке жүйесі.  Бұл жүйенің түрлі қызмет атқаратын екі түрлі жүйкелік өткізгіш талшықтары бар. Оның бірі – сыртқы тітіркендіргіштерден алынған қозу толқындарын ми және басқа орталық жүйке жүйесінің бөлімдеріне жеткізетін афференттік жүйке талшықтары. Екіншісі- ми және басқа да бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізуші эфференттік (әкетуші) жүйке талшықтары.

Ішкі (вегетативтік) жүйке жүйесінің атқаратын қызметі – адамның ішкі мүшелерін әрекетін басқару. Мұндай мүшелерге жүрек, өкпе, ішек, қарын, ішкі секреция бездері т.б. жатады. Вегетативтік жүйке жүйесін симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің арасында өте күрделі қатынас болып отырады. Егер мұның бірі организмдегі белгілі бір мүшенің жұмысын қоздыратын боса, ал екіншісі сол жұмысты бәсеңдетуге, сөндіруге тырысады. Мысалы, симпатикалық жүйке талшықтарының қозуы жүрек жұмысын күшейтетін болса, ал парасимпатикалық талшықтар оны әлсіре бастайды. Вегативтивтік жүйке жүйесінің бөлімдері адамның ішкі мүшелерінің қызметін басқаруда антагонистік қайшылық тудырып отырады. Мұндай әрекет адамның сезім мүшелеріне де үнемі әсер етеді.

Адам жүйке жүйесінің құрылымы өте күрделі әрі нәзік. Ми қабығының қалыңдығы – 2 -5 мм-дей. Ми қабығында 200- дей орталықтар орналасқан және оның атқаратын қызметі де әр алуан.

Ми біздің сезім мүшелерімізге келетін сан қилы сигналдарды талдап, оларға қайтарылатын жауаптарды біріктіріп отырады. Ми қабығының рефлекторлық механизмдерінің әрекетін іске асырып, тежеп, төменгі қабаттағы бөлімдердің әрекеті мен ұштастырады. Сондай-ақ, сыртқы, ішкі әсерлерге организм қайтаратын реакцияларды даярлайды. Яғни мидың шартты рефлекс жасайтын қабілеті болғандықтан, ол өмір тәжірибесін меңгереді, оларды жинақтап, реттеп отыратын мүше ретінде танылады. Адам миының күрделілігі оның көлемінен, ішкі құрылысынан айқын көрінеді. Мәселен, ересек адамның миының қабығын сылып алып, тегістеп жайып көретін болсақ, оның ауқымы екі шаршы метрге  тең болар еді.

Салыстырмалы түрдегі бұл кестеде әрбір жануардың өзіндік салмағы мен салыстырғанда кит миының салмағы бүкіл дене салмағының  жиырма мыңнан бір бөлігіндей, маймыл салмағы денесінің жүзден бір бөлігіндей ғана екен. Ал адам миының салмағы оның жалпы денесінің салмағының қырық алтыдан бір бөлігіндей. Бұл көрсеткіш адамның ми салмағының дүние жүзінде тіршілік ететін жан-жануарлардың бәрінікінен де артық екендігін көрсетеді.

  1. Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі.

Жүйке жүйесінің қызметі жайында зерттеу жүргізіп, алғаш рет байсалды пікір айтқан – француз ғалымы Р. Декарт (1596-1654). Ол өз еңбектерінде жүйке жүйесінің рефлексі жайында өз дәуірінің талабына сәйкес құнды пікір айтып, оны дәлелдеп те берді. Ал рефлекстінң биологиялық сипатын ашып көрсеткен – чех ғалымы Иржи Прохаски (1749-1820). Ол ғалымға « рефлекс» ұғымын ендіріп, оның мәнін ашып түсіндіреді. «Рефлекс» — латын сөзі, қазақша бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Ал рефлекс терминінің нақты мағынасы – сырттан не іштен келетін тітіркендіргіштерге организмның жауап қайтару реакциясы. Рефлекстер-жануарлар мен адамдардың тумысынан пайда болатын қасиеттері.  Мысалы, электр тогы мен иттің аяғына әсер еткенде, ол аяғын жылдам тартып алады. Анасы жаңа туған нәрестені емізетін болса, бала еми бастайды. Осындай әрекеттердің бәрі – сан алуан рефлекс түрлері,

Организнің рефлекторлық қызметін ғылыми тұрғыдан жете зерттеген әйгілі физиолог ғалымдар И.М. Сеченев пен  И.П. Павлов өз еңбектерінде жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын (қозу мен тежелу, динамикалық стереотипп, бірінші және екінші сигнал жүйелері) ашып көрсетті. Организнің сыртқы әсерлерге тұтастай не жеке мүшелерімен жауап беруі (рефлекстер) жүйке клеткаларының тітіркеніп, физиологиялық процестердің туындап отыруына байланысты екендігі анықталды.

Қозу мен тежелу  — шартты рефлекстердің жасалуына психикалық әрекеттердің пайда болуына негіз болатын физиологиялық процестер. Олар бір клеткадан екінші клеткаға афференттік және эфференттік клеткалардың түйісетін жері синапс арқылы таралады. Қозу мен тежелу – организмді сыртқы ортамен теңдестіруге қатынасып отыратын негізгі физиологиялық процестер. Ми – психиканың анатомиялық негізі болса, ал сырттан келетін әсерлерге байланысты оның қабығында пайда болатын қозу мен тежелу – психиканың физиологиялық негізі.

Қозу мен тежелу – жүйке клеткаларына меншіктелген, оның негізі табиғи қалпы және жоғары жүйкелік әрекет физиологиясының күрделі проблемасы. Нейрондардың қозуы – осы клеткалармен байланысты мүшелер әрекетінің нәтижесі, ал тежелу – осы әрекеттің бәсеңдеп не мүлдем тоқырауның сипаты. Осы процестің өзара байланысынсыз организм реакциясының іске асуы мүкін емес. Рефлекстің жасалу жолы мынадай: организм рецепторына (сезгіштік жүйке аппараты : көзде, құлақта, теріде, т.б.), сыртқы әсерлердің немесе ішкі мүшелердің тітіркендіргіші әсер етеді, қабылданған сол тітіркену  жүйке  процесіне айналып, қозу пайда болады.

Ми қабығында түрлі алаптарда қозудың пайда болуы мен оның қозғалысын электроэнцефалограф дейтін аппаратпен зерттеп, өлшеп отырады. Осы аппарат арқылы қозудың барысы қағаз бетіне сызу түрінде жазылады. Мұндай сызба жазуды электроэнцефалограмма деп атайды.

Электроэнцефалограмма арқылы мидың биолотенциасының түрлі ритмдерін бақылауға болады. Ритмдер әртүрлі:

1 – бір секундта 8-12 жиілікпен өтетін альфа – ритм

2 – бір секундта 14-16 жиілікпен өтетін бета – ритм

3 – бір секундта 3,5 — 7  жиілікпен өтетін бета –ритм

4 – бір секундта 3,5 және одан да аз жиіліпен өтетін дельта – ритм т.б.

Ми қабығының функциялық қалпы өзгерсе, жазу да өзгереді. Мысалы, адам ұйықтағанда оның миындағы альфа және бета толқындар бәсеңдеп, олардың орнын солғын толқындар басады. Ал адам ояу отырғанда оның миы жарты шарлары қабығында туатын қозу эфференттік жолдар мен белгілі бір жұмыс мүшесіне келеді де, белсенді реакцияға айналады. Қозудың осындай қуатты түрінде қарама-қарсы болғанымен, онымен тығыз бірлікте өтіп жататын физиологиляқ тежелу процесінің де организмге тигізер пайдасы зор.

Тежелі процесі – жүйке клеткаларының пассивті қалпы емес екендігі ғылымда анықталған мәселе. Керісінше, тежелу – нейронның энергетикалық қуатын жаңғыртуға қатысып отыратын белсенді процесс. Шынында да, нейрон клеткаларында потенциалдық энергия беруден тежелу белсенді роль  атқарады. Тежелудің бірнеше түрі бар.

  1. Сыртқы тежелу – көлденең тітіркендіргіш әсерінен шартты реакция тоқтап қалады. Мәселен, шам жанғанда, шартты рефлекс салдарынан иттің сілекейі аға бастағаны мен, кенеттен қоңырау қағылса, сілекеій тоқтап қалады, өйткені, жүйелік рефлекторлық тежелу процесі туады. Мұндай тежелу жүре пайда болмайды, организм бойындағы жүйкеліек әрекеттің тума механизмі. Сондықтан тежелудің бұл түрі шартсыз пассивтік тежелу деп те атайды.
  2. Шартсыз тежелудің бір түрі – шектен тыс тежелу. Мұндай тежелуде жүйке клеткаларының қызметі солғындайды. өйткені, қозудың күшеюінің шегі бар. Сол шекке жеткенде ми қабығының әрі қарай қозуы тоқтайды да, оның орнын шектен тыс тежелу басады. Тежелудің бұл түрін физиологияда кейде қорғаныс шектелуі деп те атайды.
  3. Ішкі тежелу белсенді сипатта болады. Организмде жүре-бара пайда болады. Ол белгілі жағдайға байланысты. Мұны ғылымда шартты тежелу деп атайды. Оның түрі – сөнетін тежелу. Әлсін-әлсін шартсыз тітіркендіргішпен бекіп отырмаса, шартты рефлекс өшіп қалуы мүмкін. Алайда, шартты сигнал мен реакция арасында уақытша жүйкелік байланыс мүлдем жойылып кетпейді. Шартты сигнал қайта берілсе, шартты реакция жаңғырады.

Тежелудің тағы бір тобы – дифференциалдық тежелу. Бұл – ішкі тежелудің өте нәзік түрі. Ол ми қабығының өзіне келіп түскен әсерлерді жіктеп, ажыратуына байланысты. Шартты рефлекс орнатудың бастапқы кезеңінде оның бір ғана емес, бірнеше ұқсас сигналдардың көпшілігіне жауап ретінде туа берілетіндігі арнайы зерттеулермен дәлелденген. Мәселен, тамақтың сигналы ретінде белгілі музыкалық дыбысты қолданып, итке шартты рефлекс жасатсақ, алғашқыда ол сол дыбыстардың ұқсас түрлеріне реакцияланады. Бұл жайтты психологияда генерализация деп атайды. Дегенмен, итке әртүрлі музыкалық дыбыстармен қатар әсер еткенде, өзге дыбыстарға  әсерленбей, тек ми сигналына ғана сілекей ағызатын болған. Міне, осындай белгілі бір әсерге ғана реакция жасап, ал соған ұқсас дыбыстарға келгенде жауабын тоқтатуды дифференциалдық тежелу деп атайды.

Шартты рефлекстің кешігуі – тежелудің бір тармағы. Мұндай тежелу итке тамақты кешіктіріп беріп әсер ету нәтижесінде байқалған ішке тежелуге байланысты шартты рефлекстің кешігуі.

Ұйқылы тежелу. Тежелудің бұл түрін кейде жайылмалы тежелу деп те атайды. Өйткені, тежелу процесі ми қабығындағы орталықтарға түгелдей жайылғанда, ұйқы пайда болады. Ұйықтаған кезде адамның ми қабығындағы орталықтармен бірге ми  бағанасындағы орталықтар да тежеледі. Мұндай қалыпта сана болмайды, сезгіштік мүлдем бәсеңдейді, шартты рефлекстер сөніп, ми тынығады. Біз бұл жайттан тежелу мен қозудың өзара тығыз байланысты физиологиялық процестер екендігін анық аңғарып, олардың үнемі өтіп жататындығына көз жеткіземіз және бұл процестер ми жұмысының негізгі заңдарына бағынады.

Мидың талдау және біріктіру қызметі. Талдау мен біріктіру – организмнің үнемі өзеріп отыратын ортаға бейімделіп шартты рефлекс жасауы үшін қажетті жүйелі процестер. Сондай әрекеттері арқылы организм өзінің мінез-құлқын тіршілік ортасымен сәкестендіріп отырады. Сондықтан, мидың талдау мен біріктіру қызметі – организм өмірі үшін негізгі шарт.

Талдау дегеніміз – ортаның ішінен организмге әсер ететін күрделі нәрселерді талдау ажырату әрекеті. Ал біріктіру – керісінше, сол талданған жеке нәрселер мен элементтердің басын құрап біріктіру, тұтастырып комплекс жасау әрекеті. Мәселен, жануарлар үшін әрбір сыбдыр, әртүрлі көлеңке, болмашы иіс, ауадағы нәзік дірілдер т.б. сондай әсерлер – тамақтың не қауіп-қатердің алыс-жақындығын хабарлап отыратын сигналдар. Жануарлар сол сигналдар арқылы өздеріне төнген қауіпті жағдай не тамақ туралы уақытында хабар алып отыру нәтижесінде ғана, басқаша айтқанда, мидың талдау және біріктіру әрекетіне сүйене отырып, тіршілік етеді.

Талдау мен біріктіру әрекеті хайуанаттар тіршілігінде қаншалықты маңызды болса, ал осы жүйелік әрекеттердің адам өмірінде атқаратын қызметі мен алатын орны одан да жоғары. Талдау мен біріктіру әрекеттерін меңгеріп, олардың мән-жайын түсіну, күнделікті іс-әрекет пен тәжірибеде қолданып отыру – адам психологиясын жетілдіре түсудегі қажеттің шарттың бірі.

Шартты және шартсыз рефлекстер. «Рефлекс» деген ұғымды ғылыми тұрғыдан  қарастырып,  оның  табиғатын  ашып   көрсеткен  –  И.М. Сеченов   пен

И.П. Павлов. Өзінің «Бас миының рефлекстері» деген еңбегіндегі И.М. Сеченов: «Өмірдің саналы және санасыз әрекеттерінің барлығы да шығуы төркіні тұрғысынан – «рефлекстер» деп анықтайды. Ал И.П. Павловтың жоғары жүйке қызметі жайындағы идеяларының бәрі тұтасымен – рефлекторлық теория. «Рефлекс» — латын сөзі, қазақшаласақ, бұл сөздің мағынасы – бейнелеу. Рефлекс – организмнің және жеке мүшелерінің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге қайтаратын жауабы. Қозу процесінің рецептордан оталықтарға жетіп, организмнің  реакциясына дейінгі жүрген жолы рефлекс доғасы деп аталады.

Рефлекс доғасы қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекторлық доға кемінде үш нейроннан (афференттік, аралық, эфференттік) құралады. Қарапайым рефлекторлық доғаның бойымен жүріп отыратын қозу – шартсыз рефлекстің физиологиялық негізі. Шартсыз рефлекс – тума құбылыс. Оның орталықтары жұлын мен ми бағанасында орналасқан. Күрделі рефлекторлық доға бойымен жүріп отыратын қозу – шартты рефлектердің (жүре пайда болатын, қайталау нәтижесінде туатын рефлекстің) физиологиялық негізі. Бұл рефлекстің орталығы – ми қабығы. Күрделі рефлекторлық доғаның құрылуына көптеген енйрондар қатысады. Ми жұмыс органына хабар жеткізумен шектелмей, өзі жолдаған хабарлардан мағлұмат та алады. Сыртқы ортадан хабар ала алмаса, мидың  организмдегі түрлі тітіркендіргіштерге жауап беруі қиындар еді. Айналадағы құбылыстар жайында тиісті мәліметтер алу нәтижесінде ғана ми нақты мұқтажын өтеуге бағдарланып отырады.

Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің тек жасалу мен үш мүшелі доға принціпімен шектелмейтіндігі, яғни рефлекс қызметі жұмыс орнына жатумен аяқталмай, сондай-ақ миға қайтадан хабар жеткізіп отыратындығы анықталып отыр. Кибернетика ғылымының қалыптасып, жарыққа шығуынан әлдеқайда бұрын кеңестік физиолог ғалым П.К. Анохин ұсынған теория 1935 жылы белгілі болып, рефлекс жайындағы ілім шығармашылықпен дамытылғаны –ды. Ал физиолог Н.А. Бернштейн рефлекстердің доғамен емес, «рефлекс шеңбері» арқылы жасалатындығы ашып көрсетті. Бұл тұжырымның қазіргі кездегі нағыз түсінік екенін тәжірибе дәлелдеп отыр.

Шартсыз рефлекстер мен шартты рефлекстердің мән жайын жалпы рефлекторлық теория тұрғысынан қарастырғанда, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсеткен ұтымды болмақ. Шартсыз рефлекстің мынадай ерекшеліктері бар: 1) Шартсыз рефлекс – тума; 2) шартсыз рефлекстер жұлында, ми бағанасында жасалады; 3) рефлекстің бұл түрі тума болғандықтан, тұрақты; 4) рефлекстің жасалуы үшін ешқандай шарттың қажеті жоқ (мысалы, тамақ ауызға түсісімен, сілекей пайда болады). Ал шартты рефлекстер организмде жүре-бара, ми қабығында жасалады; ол уақытша; шартты рефлекстер жасалу үшін мида шартты және шартсыз екі түрлі тітіркендіргіш мезгіл жөнінен ұтасып, соның нәтижесінде уақытша жүйкелік байланыс орнауы қажет. Сондықтан шартты рефлекс жасалу үшін организмнің сыртқы ортамен уақытша байланысы орнығып, атқаратын қызметіне орай ол сигналдық сипатта болады.

Осындай ерекшеліктеріне орай рефлекстің екі түрінің арасында ешқандай байланыс жоқ екен деген қате түсінік тумауы керек. И.П.Павлов пен оның ғылыми қызметкерлерінің ұзақ жылдар бойы жүргізген тәжірибелері шартты рефлекстердің сыртқы жағдайдың өзгеруіне сәйкес және  сол жағдайларға бейімделу нәтижесінде шартсыз рефлекстерге ауысып отыратындығын дәлелдеп береді. Сөйтіп екі түрлі бұл рефлекстердің арасында өзара байланыс болып отыратындығы нақты мысалдырмен анықталды. Шартты рефлекстердің жасалуы негізінен  организімнің сыртқы тітркендіргіштерге әсерленіп, мидың белгілі алабында қозу процесінің пайда болуы және сол тітіркендіргіштердің қайталануы мен жүйкелік байланыстар нәтижесінде нығаяды. Мұны И.П.Павлов ми  қабығындағы уақытша жүйкелік байланыс деп атады. Осындай байланысты зерттеу үшін жарық жағылып, итке тамақ берілген. Кейін бұл тәжірибеде қайталанбаса да , ит сілекей шығара берген. Жеке алғанда оған мүлдем қатыссыз, бейтарап тітіркендіргіш болып саналатын жарық тамақпен бекіндірілу нәтижесінде ит үшін биологиялық маңызы бар тітіркендіргішке айналып отыр.  Организмге қажетті осы тәрізді құбылыстарды білдіретін әртүрлі сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болатын ми қабығының қызметі сигналдық қызмет деп аталады. Шартты рефлекстер табиғи жағдайда да, сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына да байланысты жасалады. Мысалы, жабайы аңдардың кейбірі адамды алғаш көргенде сескенбеуі мүмкін. Бірақ, адам оларды ұстай бастаса, жануарлар өз мінез-құлқын өзгертеді, адам көрісімен тығылады, не қашуға тырысады. Демек, мұндай жағдайда жасалған рефлекс аңдар тіршілігі үшін өте пайдалы шартты рефлекс болып табылады.

Бірінші және екінші сигнал жүйелері. Жоғары жүйке қызметіне жүргізген ұзақ жылғы зерттеулерінде физиолог ғалым И.П. Павлов мидың қызметінде екі түрлі сигналдық жүйе болатындығын ашып көрсетті. «Сигнал» — латын тілінде – «сигнум» — қазақша – белгі, таңба деген сөз. И.П. Павлов осы сигналдарды жүйке жүйесінің қызметіндегі ерекшеліктерді білдіретін шартты белгі ретінде алып қолданады да, оның табиғи мән-жайын тәжірибелік зерттеулер арқылы түсіндіреді.

Мидың қызметінде екі сигналдық жүйе бар. Оның бірі – заттармен бетпе-бет кездескенде тері, көз, құлақ т.б. мүшелер арқылы түйсіну, қабылдау, елестету. Бұл – жануарларға да, адамдарға да тән бірінші сигналдық  жүйе. Жануарлар мен жәндіктер үшін айналадағы дыбыс, жарық толқындары, қысым, заттың химиялық құрымы, табиғи ортадағы физикалық, химиялық сипаттар сигналы болады. Бірінші сигнал жүйесі еңбек процесінің түрлерінде де маңызды орын алады. Сондай-ақ, ол – суретшінің, сазгер мен жазушының, ақын мен әрістің шығармашылық қиялының сыртқа шығуы үшін қажетті шарт. Тағылым мен тәрбие істерінде, оқыту процесінде көрнекілікті кеңінен пайдаланып отырудың психалогиялық негізі – осы бірінші сигналдық жүйе болып табылады. Айналадағы болмыс пен шындық жайында дұрыс елес тудыру да бірінші сигнал жүйесінің қызметіне байланысты.

Адамның әлеуметтік ортада тіршілік етіп, өзін қоршаған ортадан қажетті мәліметтер алып, елестерін, танымдық әрекеттерін неғұрлым тереңдете түсуіне мүмкіншілік тудыратын тағы  бір жағдай бар, ол – екінші сигналдық жүйе. Сөз, сөйлеу және соның негізінде туатын уақытша байланыстар екінші сигналдық жүйеге  жатады. Сигналдың бұл түрі  тек адам баласына ғана тән. Бұл – бірінші сигналдың сигналы. Мұның мәнісі мынада: адам өз сезім мүшелері арқылы танып білгендерінің мазмұны мен түр –сипатын қабылдап қана қоймай, дыбысты тіл мен сөйлеу әрекеті нәтижесінде оларды айнытпай бейнелейді. Ол шартсыз тітіркендіргіштерге сүйенбей-ақ, дыбысты сөйлеу мен сөз арқылы уақытша жүйелік байланыстар жасауға қабілетті. Мұндай ерекшеліктің болуы адамның жоғары жүйкелік әрекетінің жәндіктер мен жануарлар әрекетінен сапалық айырмасының бар екендігін дәлелдейді. Дыбысты сөз бен сөйлеу әрекетіне сәйкес заттар мен құбылыстарды белгілеп қана қоймай, оның сипат – қасиеттерін ажыратуға да, абстракциялауға да, дерекссіздендіруге деадамның күші жетеді. Сөйтіп, сөз шартты тітіркендіргіштердің рөлін атқарады. Ал жануарлар дүниесінде шартты рефлекс биологиялық мәні зор бұрынғы бейтарап тітікендіргіштермен байланысуы қажет. Екінші сигналдық жүйені бірінші си гналдық жүйеден бөліп алуға болмайды. Олар бірімен – бірі өзара тығыз байланысты. Екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйеге сүйеніп қызмет атқарады. өйткені, адамның екінші сигналдық жүйе арқылы алынған білімі шындықты дұрыс бейнелеуі мүмкін.

Біз жоғары да, адамдарға да тән құбылыс екенін атап көрсеттік. Алайда бірінші сигналдың адам мен жануарларда бірдей болуы оның тек физиологиялық механизміне ғана байланысты. Дегенмен, бұл екі сигналдық жүйенің іске асуы мен қалыптасуын танымдық рөлі жағынан қарастыратын болсақ, онда екеуінің айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық адам өмірінде қоғамдық, әлеуметтік факторлардың басым болуынан тыңдайды.

Динамикалық стереотип. Бұл ғылыми физиологиялық терминнің мәнісі «динамикос» — қазақша – қозғалыс жағдайында болу, «стресс тупос» — қазақша – қаттың таңба деген грек сөздерінен шыққан. Динамикалық стереотип белгілі тітіркендіргіштерді бір қалыппен ұзақ уақыт бойы қайталап отыратын болса, ми қабығында қозу мен тежелудің тұрақты, бір ізге түскен жүйелері қалыптасады. Соның салдарынан рефлекстердің бекіген жүйесін қайта жаңғыртып отыру көп күш жұмсауды талап етпейді. Мысалы, итке күрделі тітіркендіргіштердің жиынтығы ретінде бірнеше рефлекстер туғызылса (қоңырау, жарық, метроном т.б.) және олар жеткілікті түрде белгілі ретпен қайталанып болса, кейін осы тітіркендіргіштердің біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы жауап реакциясын түеглдей қайта жаңғыртады. Осы секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмдердің төселуін және соның нәтижесінде  ми қабығында қозу мен тежелу процесінің жасалуын динамикалық стериотип деп атаймыз. Қозу мен тежелудің осындай бірқалыпты стериотиптері сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіштердің бірсыдырғы тұрақталған жағадайында ғана жасалады. Динамикалық стериотиптер сыртқы ортаның өзгеруіне қарай жаңадан жасалып, ал сол ортаға сәйкес келмеген жағадйларда қайтадан жаңғырып тұрады. Адамның әр алуан дағдылары мен әдеттері, мінез-құлқы бітістерінің бірқалыпты көріністері осы динамикалық стериотиптерден тұрады және адамның бірсыпыра психалогиялық ерекшеліктерінің табиғи-ғылыми негізін құрайды. Динамикалық стериотипті тауып, зерттеген – И.П. Павлов.

 

 

 

Адамның өз өмір – тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді. Соған орай, біз дүниенің сыр-сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді, оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз. Міне, осындай мақсат — мүдделерге жету жолында әрбір  адам өзінің іс-әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз қасиеттерін, ерекшеліктерін кездестіріп отырады, өзінің бұрынғы тәжірибесі мен білімінің, шама-шарқының жеткіліксіздігін аңғарады. Өйткені, әлем шексіз, соған орай дүниені танып білу де шексіз. 0адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын білуге бағытталады. әрбір адам ойланып-толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердің сырын ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, оқушы оқу материалының мәнін түсініп, есеп шығаратын болса, мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып көрінеді.

Сонымен, ойлау дегеніміз — әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнелеуі. Бұл бейнелеу адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөбен айтқанда, ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.

 

2.Ойлаудың адамның дүниетанымындағы маңызы

 

Дүниетану тікелей сезімдік процестер – түйсіну, қабылдау, пайымданудан басталып, одан әрі ойлануға қарай өрбиді. Таным процестерінің барлығы да тікелей сезімдік процестер – түйсіну, қабылдау, елестетумен байланысты. Елес – заттардың нақты бейнесін көз алдымызға келтіретін тікелей таным процесі – сезімдік танымнан абстрактылы ойға көшу аралығындағы көпір сияқты. Адамдардың сыртқы дүниені танып білуінің шындығы және оның санамызда бейнелеуінің теңдігі мен ақиқаттығы тәжірибе, сондай-ақ, адамдардың табиғат пен қоғамға ықпал етіп, оларды өзгерту жолындағы іс-әрекеттерінің нәтижелері арқылы тексеріліп отырады.

Тікелей сезімдік процестер барысында адам нәрселер мен құбылыстардың дара қасиеттерін, сол қисиеттердің жиынтығы арқылы нәрестелердің тұтастығын бейнелейді, көз алдында жоқ заттың да бейнесін елестетеді. Дегенмен, адам тікелей сезім арқылы танып білген нәрселердің белгілі-қасиеттері мен мән-жайына терең бойлап, жете танып біле алмайды. Мұндай ерекшеліктерді білу тек ойлау  және де заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын, бір тектес нәрселердің жалпылық белгілерін дерексіздендіру арқылы жанама жолмен жүзеге асырылады. Мысалы, заттардың, әсер еткен нәрселердің жылылығын, оның температурасын тек жанама әдіспен , термометр арқылы ғана анықтауға болады. Ал ондай жылылықты тері түйсігі арқылы не қолмен сипап анықтау оңайға түспейді.

Сөйтіп, тікелей таным процесі арқылы танып білуге болмайтын нәрселерді ойлау арқылы біле аламыз . ойлаудың өрісі кең. Түйсіну арқылы қозғалыс жылдамдығын қамту мүмкін емес. Мысалы, бір секунтте 300 000 км шапшаңдықпен таралатын жарық қозғалысын түйсіну арқылы қамту мүмкін болмаса да, ой арқылы пайымдап түсінуге болады. Біз 1 секунтта 50 000 км шапшаңдықпен ұшатын планетааралық ғарыш кемесін ойлау арқылы түсіне аламыз, өйткені, ол жарық жылдамдығынан 6 есе кем. Ал мұндай шапшаңдықты, әрине, елестету арқылы білу мүмкін емес. Әрбір адамның шындықты танып білуі тікелей сезім мен ойлау арқылы бір-біріне ауысып, өзара байланысты түрде адам танымын толықтырып отырады. Осы ретте де біз ойлаудың нақты нәрседен абстрактылы нәрсеге ауысқанда ақиқаттан алыстамай, қайта оған жақындай түсетінін аңғарамыз. Сөйтіп, нақты пайымдаудан абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыру ақиқатты танып білудің диалектикалық жолы болып табылады.

Ойлау мен сөйлеу. Адамның ойлау әрекеті тікелей сезімдік таным процестерімен ғана емес, тілмен де, сөйлеу мен де тығыз байланысты. Міне, осындай ерекшелік адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық өзгешілігін көрсетеді. Жануарлардың қарапайым ойы  нақты әрекетке байланысты, ол жанама, абстракты ой бола алмайды.

Адам сөйлеу, дыбысты тіл нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың мәнді, тұрақты белгілерін ой арқылы бейнелей алады. Бұл ретте, тіл адам ойының заттық қабыршағы болып табылады. Адамның ойы әрбір нәрсенің сипаты мен қасиеттерін сөз арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтіп, заттар мен құбылыстарды әртарапты танып білуге мүмкіндік туады.

Адам тілдік материалдар негізінде ойланады. өз ой-пікірлерінің жүйесін, нәрселер жайындағы нақты түсініктерін жасайды. әрбір ойдың ақиқаттығы ой талқысы арқылы қарастырылады. Адам ойының жүйелі болып, оның нәрселердің мәнін түсініп білуі сөйлеу арқылы жүзеге асып, өзгелерге жеткізіледі. Адамның ойы тілмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлау осы тілдік материал арқылы өзінің шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады.

Ойлаудың қоғамдық мәні. Ойлаудың тілмен тығыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәні адам ойлауы дамуының қоғамдық-тарихи сипаты болатындығын көрсетеді. Адамның дүниетанымы, білімі және өмір тәжірибесінен жинақтаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ауысып отырады. Бұл – тарихи факторк. Адам ақыл – ойының дамып жетілуі мен білімнің өсуі әрбір ұрпақ жасаған білім қорын меңгеріп, оларды әлеуметтік өмір қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға пайдаланады. Сөйтіп, тарихи даму адам баласының қоғам өміріндегі қарым-қатынасын нығайтады.

Адамның дүниетанымы қоғамдық-тарихи даму нәтижесінде өрістейді. Ол табиғатқа әсеретіп, қоғамды өзінің белсенді әрекетімен байытады. Сөйтіп, азаматтың ғылыми білімі дамып, белгілі бір жүйеге түседі. Басқаша айтқанда, адамдардың танып білу процесінде тіл арқылы жинақталып қорытылған білімі мен оның нәтижелерәі жүйеленіп, ғылым салаларына бөлінеді. Мысалы: физика, химия, биология, тарих, социология, психология т.б. Танымдық процестердің осы тарихи дамуы және олардың ғылым жүйелеріне жіктеліп бөлінуі дүниетану теориясын немесе гносеологияны құрайды. Гносеология  — философия мен логиканың дүниетану теориясын құрамдас бөлігі, танып білудің теориялық негізі.

Ұғым – болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың жалпы, мәнді және өзіндік белгі-қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы. Мысалы, «адам» деген ұғымның мәні оның өндіріс құралын жасап шығаратын қабілеті бар, дыбысты тіл арқылы сөйлесетін ақыл иесі екендігін білдіреді. Ал «емтихан» деген ұғымның мәнісі – оқушылардың, студенттердің білім деңгейін анықтап, олардың дәрежесін тиісті белгілермен анықтайтын оқу процесі. Ұғымдардың мазмұны пікірлер арқылы ашылады. Мұнда нәрсе мен оның қасиет-белгілері арасындағы байланыстар ашып көрсетіледі. Мысалы, металдарды қыздырса, олардың көлемі ұлғаяды. Бұл пікірдің формуласын – S дегеніміз P, не S дегеніміз Р емес деп жазып көрсетеміз. Пікірлер сапаларына қарай қостаушы, терістеуші болады. Мәселен, Жер Күнді айналады — S дегеніміз P; Су метал емес — S дегеніміз Р емес. Пікірлер ақиқат және  жалған болып келеді. Алматы – Қазақстанның астанасы (S дегеніміз Р) . пікірлер сан жөнінен жалпы, ішінара, дара болып бөлінеді. Сапа мен сан жағынан біріктіріліп, оларды мынадай таңбалармен белгілейміз: А, Е, I, О. Пікірлер екі түрлі тәсілмен құралады: а) Тікелей қабылдау арқылы құралатын пікірлер. Мысалы, «Мына бала сабақты нашар даярлады». ә) Жанама жолмен не ой қорытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын пікірлер. Логика ғылымында пікірлер бұдан басқа да негіздерге сүйене отырып, түрлі-түрлі болып бөлінеді.

Ой қорытындылары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен пікірлердің байланысынан жаңа пікірлер аламыз не ой қорытындысын шығарамыз. Мәселен,  үлке алғы шарт: барлық металдар электр тогін өткізеді; кіші алғы шарт: сынып та – металл. Қорытынды: олай болса, сынып та электр тогін өткізеді. Ой қорытындыларының мынадай үш түрін ажыратамыз: дидукциялық ой қорытындысы, оған металдардың электр тогін өткізетіні туралы жоғарыдағы мысалды келтіруге болады. «Дидукция» —  латын сөзі, қазақша мағынасы – шығару. Ой қорытындысының бұл түрі бойынша ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, дара жағдайға қарай өрбиді. Индукциялық ой қорытындысы – ой қорытындысының жекеден жалпыға қарай дамып отыратын түрі. Мысалы, Алматыда өткен жетіде дүйсенбі күні ауаның температурасы 200 С-тан асқан жоқ. Сейсенбі, сәрсенбі күндері де солай болды. Жұма, сенбі күндері 18-190 С болды. Жексенбі күні 190С болды. Демек ауаның температурасы өткен жетіде Алматыда 200С-тан асқан жоқ. Ой қорытындысының үшінші түрі – традукция деп аталады. Оған аналогия арқылы жасалатын ой қорытындылары жатады. Бұл – жеке –дара жағдайдан жекеге қарай өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысының кең тараған түрі – силогизм. Формальдық логикада зерттелетін мәселелер – дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары қолдана отырып, нәрселер мен құбылыстардың ақиқаттығы мен шындығын танып білуді мақсат етеді.

Ойлау – дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз – оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психологиядетерминизм принціпіне сүйене отырып, ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді

 

3.Ой процесі мен ойлау әрекеттері.

 

Ойлау процесінде талдау мен біріктіру әрекеттері болады. Талдау  дегеніміз – ой арқылы әрбір  объекті мен болмыстың ерекшеліктерін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде айқындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру (синтез) деп аталады. Талдаудың физологиялық негізі – мидың жоғарғы бөлігіндегі қозу мен тежелудің өзара байланысты қызметі. Ал біріктірудың физиологиялық негізі – мидың жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың түйісіп қосылуы. Талдау мен біріктіру — өзара байланысты әрекеттер. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы салыстыру арқылы танылады және сол тәсілден анық көрінеді. Салыстыру тәсілі жалпылау әрекетіне қарай ойысады. Мұнда заттардың жалпылық және мәнді белгілері ашып көрсетіледі. Ойлау әрекетінде абстракциялау, нақтылау, жүйелеу тәсілдері де жиі қолданылады. Ондай тәсілдер белгілі мәселелердің түйінін шешуде адамның психологиялық толғаныстарының түр-сипатын бейнелейді.

Ойлау әрекетіндегі әрқилы тәсілдер мен амалдардың бәрі де жеке адамның ниет-тілегіне, мұқтаждығы мен қажеттілігіне тәуелді болып отырады. Ойланудың кез-келген әрекетінің туындауы белгілі бір ынта-ниетке байланысты. Психологияда ойланудағы ниеттің пайда болу себебінің мынадай екі түрі бар:

  1. Арнайы танымдық ойлану. әдетте, бұл белгілі тілек-мақсатқа сәйкес пайда болады. 2. Арнаусыз ой. Ойлаудың бұл түрі сыртқы жағдайдың әсеріне орай туады. Мысалы, оқушының сабаққа дайындалуы жайында ойлануын арнаусыз, әрі оның өміріндегі үйреншікті, дағдылы ой деуге болады.

Ойлау және мәселені шешу. Адам белгілі бір мәселенің түйінін шешу барысындағы түрлі  амал –тәсілдер қолданылып, алға қойған мақсат-міндетін орындап шығу үшін  ойланып, толғанады. Сол мәселені шешудің жолын іздестіреді. Ойланудың бұл түрі міндет-мақсатқа сәйкес жүзеге асады.

Проблемалық ойлау – түрі мақсат — міндеттерді шешуді шиеліністі жағдайларды сезіп біліп, олардың мән-мағынасын түсінуді қажет етеді. Сөйтіп, неше түрлі  еленісті жайттардың белгілі себептермен байланысын, олардың құпия сырларын ашып көрсетуді көздейді. Ойлану әрекетінде ең әуелі сол мәселенің өзін анықтап алу – бірінші кезектегі міндет. Екіншіден, мұны анықтауға адамның білімі мен өмірлік тәжірибесі қажет. Үшіншіден, оқу барысында балалар өздігінен ойланып-толғанып, келелі мәселелерді шешуде әралуан қиындықтарға кездеседі. Олардың бұл кедергілерді жеңуі ойлану әрекетінде жаңалық ашумен бірдей.

Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері.

Біріншіден, ойлаудың түрі нақтылы іс-әрекет пен қимыл-қозғалыс жайындағы практикалық іспен ұштасқан. Бөбектердің ойы осы іс-әрекеттерімен байланысты. Екінші, бейнеліойлау мектеп жасына дейінгі балаларда қарқынды дамып, олардың заттарды ұстап-тұтынуы нәтижесінде қалыптасады. Олар сол заттардың бейнесін көрнекі түрде қабылдап отырады. Үшінші, абстрактылы ой. Ойлаудың бұл түрі бойынша адамның ұғымды меңгеруі нәтижесінде пайымдау әрекеттері дамып, ғылыми түсініктері өрістейді.

Ойлаудың даралық ерекшеліктері адамның танып білуінің  сапалық сипаттары мен ерекшеліктерін қамтитын ақыл-ойдың қызметі болып саналады. Ондай салаларға өз бетінше ойлау, оның оралымдылығы, ойдың тездігі мен ұшқырлығы сияқты қасиеттер жатады. Барлық ойлау әрекетіне тән басты қасиет – дара адамның әрбір  нәрсенің мәнді қасиеттерін өздігінен ажыратып, олардан жаңа қорытындылар жасай білуі. Ойлау әрекетіндегі адамның мұндай сапалық қасиеті – нәрселердің мән-жайын дұрыс ұғынып., олардың жалпы заңдылықтары мен  өзара байланысын ашып беруге қабілетті болатындығы. Мұндай әрекет ойлау жүйесін жетілдіріп, адамның ақыл-ойын өрістетеді. Адам ойлауының дамуына ықпал етудегі бір мақсат – ойлау әрекетінің жасам паздық қасиетін арттыру, сөйтіп адам ойының мүмкіндіктерін толық пайдалануды жүзеге асыру болып табылады.

Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу.

Ой болжамы ғылымда гипотеза деп аталады. Гипотеза дегеніміз — әртүрлі деректер негізінде объектілер мен құбылыстардың байланысы, олардың себебі туралы қорытынды жасау. Бұл – ойлаудың дамуындағы өзіндік тәсіл. Алайда, мұндай шешім – ой болжамын анықтау жолындағы алғашқы қадам. Ал мәселенің шындығына жету үшін ой болжамының ықтималдық сипатын әлі де тексеріп, оны дәлелдеу керек болады. Осындай тексеруден кейін ғана ой болжам анықталса, ол ғылыми теорияға айналады. Егер тексеруде теріс нәтиже алынса, онда ол өзгертіледі не теріске шығарылады. Біріне-бірі қайшы ой болжамдары бір объектінің әрқилы қырларымен байланыстарын түсіндіргеннен кейінгі басқа жағдайларды, екеуі бірдей ақиқат бола алмайды. Қазіргі кездегі позитивистер, эмпириттер т.б. ой болжамдары ғылыми объективтік дүниенің заңдылықтарын қарастыруға міндетті емес, деректерді тек қана нақтылап тіркеп отыруы қажет дейді. өйткені олардың пікірінше, ой болжам тек «жанама» рөл атқарады да, оның маңызы болмайды. Осы заманғы ғылыми эксперименттік зерттеуледің күрделене түсуі әралуан әдіс тәсілдерді қолдану арқылы құпиясы ашылмаған мәселелердің сырын ашып отыр. Осы орайда, ғылыми тұрғыда құрылған ой болжамы адамның ойлау процесін дамытуға зор ықпал ететін қуатты күш болып саналады. Ойлау әрекеті – тек ғылыми болжам ғана емес, жұмбақ мәселелердің мән- жайын ұғыну үшін күнделікті тәжірибеде қолданылып отыратын күрделі психикалық процесс және адамның ақыл-ойының жемісі.

Жүйке жүйесінің күші дегеніміз – оның клеткаларындағы физиологиялық заттардың қоры. Клеткада қор мол болса, қозу мен тежелу процестері де күшті, ал қор тапшы болса, әлсіз болады. Процестері теңдес болса, қозу мен тежелу де тепе-тең, ал шамалас болмай, екеуі екі дәрежеде болса, онда бірінен-бірі алшақ, тең емес болады. Ми қабығының бір бөлігіндегі қозуды сол бөліктегі тежелу, керісінше, тежелуді қозу оңай ауыстырып отырса, онда жүйке жүйесі қозғалғыш, ал оңай ауыстырмай, керенаулап қалса, онда жүйке жүйесі енжар болады. Демек, жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу процесі тең емес, бірінен-бірі алшақ. Қозғалғыш болса, оны шыдамсыз тип, ал күшті, теңдес болса, оны сергек тип дейміз. Күшті, теңдес, енжар болса – тыныш тип, егер жүйкесі шыдамсыз, күшсіз болса, әлсіз тип делінеді.

Жүйке жүйесінің типтері  өзгеріп, дамиды. Бұл жайтты И.П. Павлов өз еңбектерінде ерекше атап айтқан болатын. Жүйке жүйесі  іс- әрекетінің дамуы мен өзгеруі тек  оның табиғи типтерін ғана билеумен шектеліп қоймай, организм тіршілігі өзгерістерінің бәріне дерлік әсер етеді. Жоғары жүйке қызметінде адамның шексіз-шетсіз жаңа байланыстар жасауға күшті қабілеті және пластикалық төзімді қасиеті болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта айтқанда жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Сондай-ақ , ол түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан айналысын реттеп, сыртқы ортаның өзгеруіне беймделіп отырады. Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән- жайына қанығу үшін ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажеттті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған. Адам жүйке жүйесінің құрылымы өте күрделі әрі нәзік. Ми қабығының қалыңдығы – 2 -5 мм-дей. Ми қабығында 200- дей орталықтар орналасқан және оның атқаратын қызметі де әр алуан. Ми біздің сезім мүшелерімізге келетін сан қилы сигналдарды талдап, оларға қайтарылатын жауаптарды біріктіріп отырады. Ми қабығының рефлекторлық механизмдерінің әрекетін іске асырып, тежеп, төменгі қабаттағы бөлімдердің әрекеті мен ұштастырады. Сондай-ақ, сыртқы, ішкі әсерлерге организм қайтаратын реакцияларды даярлайды. Яғни мидың шартты рефлекс жасайтын қабілеті болғандықтан, ол өмір тәжірибесін меңгереді, оларды жинақтап, реттеп отыратын мүше ретінде танылады. Адам миының күрделілігі оның көлемінен, ішкі құрылысынан айқын көрінеді. Мәселен, ересек адамның миының қабығын сылып алып, тегістеп жайып көретін болсақ, оның ауқымы екі шаршы метрге  тең болар еді. Адам миының салмақ құрылысының аса күрделі және кемелденіп жетілегн материа екендігін мынадай салыстырмалы мысалдан да айқын аңғаруға болады.

Пайданылған әдебиеттер

  • Жарықбаев Қ. Қазақ этнопсихологиясының әдіснамасын жасаудың кейбір өзекті мәселелері // Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика.

–Алматы, 2005. №4 , -Б.41-44

  • Кожахметова К., Таубаева Ш., Джанзакова Ш. Методология общей и этнической педагогики в логико-структурных схемах. – Алматы, 2005.

-174с.

  • Тажибаев Т. Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева. -Алма-Ата, 1957. -80с.
  • Тажибаев Т. Педагогическая мысль в Казахстане во второй половине ХІХ века. -Алма-Ата, 1965. -164с.
  • Храпченков Г.М. Школы Казахстана в начале ХХ века (1901-1917).

-Алматы, 1964. -135с.

  • Арғынбаев А.Х. Қазақ халқындағы семья мен неке.-Алматы, 1973. -328б.
  • Актаев С.Н. Культ предков у казахов и его этнические и историко- культурные истоки: автореф…. канд. ист. наук: -Алматы, 1991. -24с.
  • Ақтаев С. Қазақ ханымдары. Тарихи эсселер. –Алматы, 2001. -104б.
  • Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы: автореф… пед. ғыл. докт.,

— Қарағанды,  2002. -50б.

  • Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. –Алматы, 2004. -304б.
  • Төлеубаев А.Т. Реликты доисламских веровании в семейной обрядности казахов //ХІХ-начало ХХв.в.// -Алматы, 1991. -214с.
  • Сарсенбаев Н. Обычаи и традиции в развитии. -Алма-Ата, 1965. -430с.
  • Жакипова А. Развитие семейно-брачных отношении в Казахстане.

-Алма-Ата, 1971. -179с.

  • Кунантаева К.К. Некоторые вопросы нравственного воспитания.

–Алматы, 1992. -10с.