Джо Байденнің әйелі: «Мұғалім болып қала беремін»

0

АҚШ-тың 46-шы Президенті Джо Байденнің әйелі Джилл Байден ханым өзінің бұрынғы істеп жүрген жұмысы бойынша мұғалім болып қала берем депті.

Бұған дейін Ақ үйді мекен еткен «АҚШ-тың бірінші ледилерінің» ешқайсысы мұндай әрекетке бармапты. Сондықтан бұл тосын жаңалық америкалықтарды қатты таңғалдырып отырған сияқты.

Джилл ханым соңғы сегіз жылда Солтүстік Вирджиниядағы қоғамдық колледжде ағылшын тілінен сабақ беріп келіпті. Енді Америкадай алпауыт елді басқарған Президенттің әйелі болса да сол баяғы қарапайым жұмысын одан ары жалғастырып, мектептегі «ми ашытудан» ләззат ала бермек.

Біздің елде ше? Үкімет мүшелерінің нақсүйерлерін айтпағанда, етектегі елде тұратын аудан әкімдерінің үйіндегі сұлулар арасында мұғалім болып, оушылармен, олардың ата-аналарымен жұмыс істеп жүргендер бар ма?!

Әй қайдам! «Ауданның білдей әкімінің әйелі мұғалім боп жүр» деген сөзден арланатын шығар.

Көрсемәлі Сәттібай, Facebook парақшасынан