Home Жаңалықтар Әлем екі бөлікке бөліну қаупі бар – БҰҰ

Әлем екі бөлікке бөліну қаупі бар – БҰҰ

0
569
Фото: Bosco Conference

Әлем екі елге бөлініп жатыр, оны екі экономика басқарады: Қытай және АҚШ. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш «Давос күн тәртібі» шарасында сөйлеген сөзінде айтты.

«Үлкен алауыздықтың болуы мені үрейлендіре береді: әлем екіге бөлінуде, оны Жердегі ең үлкен екі экономикасы басқарады, екі түрлі үстем валюта, өзіндік сауда ережелері, өз интернеті, өздерінің геосаяси және әскери стратегияларымен», – деді Гутерриш. Ол әлемнің бөлінуіне жол бермеу үшін бәрін жасауға шақырды. Гутерриш сонымен қатар әлем соңғы 100 жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарысқа ұшырады деп мәлімдеді.

Сонымен бірге, БҰҰ Бас хатшысының айтуынша, үкіметтер, жеке бизнес, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамдастықтар осы мақсатқа бірге көшкен жағдайда, әлем 2021 жылы «нәзіктіктен тұрақтылыққа» ауысуға мүмкіндігі бар.

«Біздің ортақ бағытымыз тұрақты даму мақсаттарына жету болуы керек», – деді Гутерриш.

2020 жылы ҚХР пандемия жағдайында дамыған әлемдегі жалғыз жетекші экономика болды. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың ЖІӨ 2020 жылдың төртінші тоқсанында 6,5 % өсіп, жылдық өсімі 2,3 %-ды құрады. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, егер ҚХР осы өсу қарқынын сақтаса, ол 2028 жылы АҚШ экономикасынан озады.

Керімсал Жұбатқанов