Денесінде бөртпе пайда болған: Қызылордада төртінші сынып оқушысы қайтыс болды

0

Қызылордада төртінші сынып оқушысы қайтыс болды , деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

«2010 жылы туылған бала. Баланың денесінде бөртпе пайда болды, ауырсыну басталды. Бастапқыда емдеу үй жағдайында жүргізілді. Дәрігерге барғаннан кейін бала жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Коронавирустың үлгісі алынды. Нәтиже теріс болды. Сондықтан, 19 қаңтарда олар көпсалалы балалар ауруханасына ауыстырылды. Республикалық мамандардың кеңестері алынды. Өкінішке орай, 24 қаңтарда оқушы қайтыс болды. Оның басты себебі — жүрек пен өкпенің жұмыс істемеуі. Әрі қарайғы жұмыс үшін біз қосымша комиссия құрамыз», — деді Сәбит Пазилов РСК-да өткен брифингте.

Бала Қызылордадағы Осипенко атындағы No8 мектепте оқыды. Ол ағымдағы оқу жылының басынан бастап қашықтықтан оқыды, деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

«Балада оқу үлгерімінде айтарлықтай проблемалар болған жоқ. Қашықтықтан оқытуға байланысты балаға электронды жабдықтар берілді. Мұғалімдер тарапынан баламен кері байланыс жүргізілді », — деді ол.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 89258 оқушы (53%) қашықтықтан, 80 636 оқушы (47%) дәстүрлі түрде оқиды.