Кәсіпорынның табыстылығын талдау
Мазмұны
Кіріспе ………………………………………………………………………………3-4
- Кәсіпорын қаржысы және оның ресурстарының қалыптасу
көздері ………………………………………………………………………………..5-14
1.1. Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметі мен принцип —
тері …………………………………………………………………………………5-7
1.2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының пайда болу
көздері …………………………………………………………………………..8-11
1.3. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі және
экономикалық қорлар…………………………………………………12-14
- Кәсіпорынның табыстылығын талдау ………………………….15-34
2.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштерін тал-
дау ………………………………………………………………………………15-16
2.2.Табыстылықтың абсолютті көрсеткішінтерін тал —
дау ………………………………………………………………………………17-25
2.3.Табыстылықтың салыстармалы көрсеткіштерін тал —
дау ………………………………………………………………………………26-34
III. Кәсіпорынның қаржылық ресурс көздерін арттыру
мақсатындағы іс – шараларды жетілдіру ……………………35-39
Қорытынды………………………………………………………………………40-41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………….42
Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігіміздің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізілді және сайып келгенде әрбір еңбектердің мүдделерін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта – ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсендігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жадайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорындарда ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес – жоспар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компонентпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай – күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Курстық жұмысым үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады:
Бірінші бөлімде қаржы, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі, кәсіпорын қаржыларының атқаратын қызметтері, кәсіпорын қаржыларын ұйымдастыру негіздері, қаржылық қатынастар, қаржы тетігі, қаржы әдістері, қаржы ресурстары, кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалануды; инвестиция, инвестор, инвестициялық процесс, инвестициялық жобаның жіктелуі, инвестициялық саясат; қорлар және оның түрлері, қорларға деген сұраным, қорлар ұсынымы қарастырылған.
Екінші бөлімде жалпы кәсіпорынның табыстылығы зерттеледі, яғни абсолютті көрсеткіші, өнімді өткізуден түскен түсімі, жалпы табысын, негізгі қызметтен түскен табысы, салық салынғанға дейінгі қызметтен түскен табысы, салық салынғаннан кейінгі қызметтен түскен түсімі, таза табысы және есептеу формулалары қаралады. Сонымен қатар 2005 жылғы кәсіпорынның жалпы табысы зерттеледі және өткен жылмен салыстырғандағы олардың қандай өзгерісте болғаны қарастырылған.
Үшінші бөлімде ресурстардың қамтамасыз етілуі, ресурстар нарқының ерекшеліктері, ресурстарға сұраныстың ерекшеліктері, ресурстарды сақтау саясаты, материалдық ресурстарды үнемдеудің халық шаруашылығындағы маңызы, кәсіпорында барлық ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігі, кәсіпорында қаржы ресурстарының құрылымы мен көздерін тиімді пайдалану мәселелері қарастырылған.
- Кәсіпорын қаржысы және оның ресурстарының қалыптасу көздері
1.1. Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері мен принциптері
Қаржы – ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне кіретіндер:
- мемлекеттік қаржылар (республикалық бюджет, халықты әлеуметтік сақтандыру қоры және бюджеттен тыс қорлар: зейнетақы қоры, халықты жұмыспен қамту қоры және т.б)
- жергілікті қаржылар (жергілікті бюджетке түсетін қаржылар).
- кәсіпорын қаржылары.
Мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің бірыңғай қаржылық саясатын жетілдіру жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне байланысты.
Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгйінде қалыптасады. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігігің 70 – 80 проценті салық түсімдері есебінен құралады.
Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері:
- бөліп – тарату;
- бақылау.
Қаржының бөліп – тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады. Қаржылардың бөліп – тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі. Демек ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етеді.
Кәсіпорын жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан тұрады. Олар өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда құрылады.
Бақылау маңызды екі мәні бар:
- бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептесулердегі қаржы көрсеткіштері;
- қаржылай ықпалдар.
Егер бұрынғы орталықтандырылған бюрократтық – жоспарлау жүйе кезінде кәсіпорынды басқару өнім шығару, пайда, өзіндік құн және басқа да көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы (салықтар, несиелер, мемлекеттік қаржылық қолдау, түрлі жеңілдіктер, сақтандыру және т.б) жүзеге асырылады.
Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері:
- қаржылық – шаруашылық қызметтегі дербестік;
- өзін – өзі қаржыландыру және басқару;
- жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік;
- қол жеткен нәтижелерді еселей түсу;
- қаржы резервтерін жасау;
- қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау;
- мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттерді бірінші кезекте орындау;
- кәсіпорын қызметтеріне қаржылықбақылау жасау.
Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына топтарымен тығыз байланыста болады:
- контрагентпен алғашқы табыстарды қалыптастыру қорларды толық белгіленген ішкі шаруашылық негізінде құру және пайдалану (жарғылық капиталы, өндірісті дамыту қор, көтермелеу, ынталандыру қорлары және т.б) жөнінде;
- кәсіпорындармен – қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы ресурстарының қозғалысы қордан тыс нысанда жүзеге асады (келісім – шарт міндеттерін бұзған жағдайда айып пұлдар төлеттіру және төлеу, әртүрлі пай жарналарын енгізу, бірлесіп тындырылған қызметтерден түскен пайданы бөлісуге қатысу, басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарын пайдалану және соның негізінде девидендтер алу және т.б);
- өнімді тұтынушылармен жасалған шарттарды орындау барысында кәсіпорында келісімдерді нысандары мен түрлерін өздері таңдайды, міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін анықтайды, өзінің өнімдері мен қызметтеріне қарай бағаны қалыптастырады және жеткізушілердің баға негіздерін де бағдарлайды;
- сақтандыру ұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша;
- банктер жүйесімен алынған соммаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған проценттерді төлеуге байланысты есеп айырысу – кассалық қызметтер көрсету, сонымен қатар банктер ұсынған нақты төлеммен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;
- мемлекетпен бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану. Ақша қатынастарының бұл бағыттағы жұмысы бюджеттік және бюджеттен тыс қорларға әртүрлі ссалықтар, алымдар, жарналар жүйесін енгізу арқылы жүргізіледі;
- бағынышты басқару құрылымдарымен ішкі салаларда қаржы ресурстарын бөлуде «тікелей» және «көлденең» өзара байланыста болуы.
- Ақша қатынастарының бұл топтары кәсіпорын қаржыларының тұтас мазмұныны құрайды. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары және жинақтарының қалыптасуына қарай, оларды банк жүйесі алдындағы міндеттерін орындау, ағымдағы шығындар және өндірістік жұмысын кеңейту, еңбеккерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету және материалдық ынталандыруларды қаржыландыру қажеттіліктеріне пайдаланады.
Қаржы механизмі – бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру, жоспарлау және тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендегі 5 элементтердің жиынтығы:
- қаржы әдістері;
- қаржы тетіктері;
- құқықтық қамтамасыз ету;
- нормативтті қамтамасыз ету;
- ақпараттық қамтамасыз ету.
Қаржы әдістері – бұл қаржы қатынастарының шаруашылық процестеріне ықпалы, яғни тигізетін әсері. Ол кезегінше мына төмендегі екі бағытта іске асырылып отырады:
- бірінші, қаржы ресурстары қозғалысын басқару жүйесі,
- екінші нарықтық қатынастар бойынша.
Қаржы тетігі – бұл қаржы әдістерін кәсіпорынның іс — әрекеттерінде қолдана білу.
Құқықтық қамтамасыз етуге:
- заң актілерінің;
- қаулылардың;
- жарлықтардың;
- басқа да құқықтық құжаттардың орындалуы жатады.
Нормативті қамтамасыз ету мыналар арқылы көрінеді:
- инструкция;
- нормативтер;
- нормалар;
- тарифтік ставкалар;
- әдістемелік нұсқаулар мен көрсеткіштер
Ақпараттық қамтамасыз етуге:
- экономикалық;
- коммерциялық;
- қаржылай;
- басқа да ақпараттар беру кіреді.
Қаржылық ақпараттарда:
- қаржы тұрақтылығы жөнінде мәліметтер;
- әріптестер мен бәсекелестердің төлем қабілеттілігі, бағасы, курсы, дивиденттері;
- тауарлар мен қорларда және валюта нарығындағы проценттері;
- биржалық жәен биржадан тыс нарықтағы істері жөнінде;
- шаруашылық субъектілерінің қаржылық және коммерциялық қызметтері жөнінде хабарлар болуы керек.
Ақпаратты иемдену нарықтағы жағдайды анықтауға бірден – бір пайдалы септігін тигізеді.
1.2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының пайда болу көздері
Қаржы ресурстары – бұл кәсіпорынның өз қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ағымдағы шығындар мен өндірісті кеңейтуге жұмсалған шығындарды өтеу, қаржыға қатысты міндеттерді және еңбеккерлерді экономикалық жағынан ынталандыру ісін жүзеге асыру мақсатында құрылады.
Сонымен қатар қаржы ресурстары:
- өндірістен тыс саланың объектілерін дамытуға;
- тұтыну;
- жинақтау;
- арнайы резерв қорларын толықтыруға жұмсалады.
Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы кәсіпорынның мекеме болып құрылған, яғни жарғылық капитал жинаған кезіне сай келеді.
Жарғылық капитал – бұл құрылтайшылар үлесінің негізінде құрылған кәсіпорынның мүлкі.
Қаржы ресурстары негізінен пайданың есебінен қалыптасады. Сонымен қатар:
- тозығы жеткен (істен шығарылған) мүліктерді сатудан түскен түсімдер;
- тұрақты пассивтер;
- әр түрлі мақсатты түсімдер;
- ұжым мүшелерінің әртүрлі жарналары мен үлестерінен құрылады.
Тұрақты пассивтерге қатыстылар:
- жарғылық, резервтік және т.б капиталдар;
- ұзақ мерзімді қарыздар;
- кәсіпорынның айналымдағы несиелік қарыздар.
Қомақты қаржы ресурстары:
- кәсіпорынды құру немесе оны қайта құру кезеңінде;
- акция, облигация және басқа да құнды қағаздарды сату;
- құнды қағаздар және басқа да эмитенттердің дивидендтері мен проценттерінен;
- қаржы операцияларынан түскен табыстар мен несиелерден пайда болады.
Кәсіпорын қаржы ресурстарын:
- өздері мүше ассосиациялары мен концерндерден;
- өздері бағынышты ұйымдардан;
- мемлекеттік басқару органдарынан бюджеттік жәрдем түрінде;
- сақтандыру ұйымдарынан алуы мүмкін.
Қайта бөлу кезінде қалыптасқан қаржы ресурстарының бұл топтарында сақтандыру қорынан түскен төлемдердің көлемі барған сайын артып отырады, ал түсімнің шығындар тізімі қатаң шектелетін бюджеттік және салалық көздері азайып отырады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану мына бағыттарда жүзеге асады:
- өнімдерді (жұмыс, қызмет) өндіру мен сатуға қатысты ағымдық шығындар;
- өндірісті ұлғайтуда және оны техникалық жағынан жаңғыртуда, материалдық емес активтерді пайдалануда инвестицияланған қаражаттарды капиталға қосу;
- құнды қағаздарға қатысты қаржы ресурстарын инвестициялау;
- қаржылық, банктік төлемдер, бюджеттен тыс қорларға тиісті жарналар төлеу;
- әр түрлі ақша қорларын және олардың резервтерін құру, сыйлықтар беру және басқа сол сияқты әлеуметтік сипаттағы төлемдерді жасау;
- қайырымдылық мақсаттағы демеушілік көмектер беру.
1- сурет Қаржы ресурстары
Жалпы қоғамдық өнім |
|||||||
С | v | М | |||||
Материалдық шығындар | Қажетті өнім | Қосымша өнім
|
|||||
Өзіндік құн (шығындар) | |||||||
Амортизация-
лық аударым- дар
|
Айнал-
ымда- ғы қа-ражат- тары
|
Мате-
риал- дық шығын- дар құ- рамын- дағы тө-лемдер
|
Ұлттық табыс
|
||||
Әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар
(әлеуметтік салық) |
Таза табыс
|
||||||
Халықтан алынатын салықтар
Қарыздар мен лотореялар Ерікті жарналар
|
Жанама салықтар
( қосылған құнға салынатын салық, акциздер, басқалары)
|
||||||
Роялти, бонустар
Табиғи ресурстар үшін төлемдер Баждар, лицензиялар үшін төлемдер Тіркеу алымдары Табиғатты қорғау қорына төленетін төлемдер
|
Сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер
|
||||||
|
Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер
|
||||||
Сыртқы көздерден түсетін түсімдер | |||||||
Кәсіпорындарда қаржы ресурстарының құрылымы
2 — сурет
Кәсіпорынның қаржы ресурстары |
Меншіктік және басқа да қаржылар негізінде келтірілгендер | Қаржы нарығында жұмылдырылғандар
|
Қайта бөлу ретінде түсетіндер | ||
— негізгі қызметінен түскен пайда
— кеткен мүлікті сатудан түскен пайда — өткізуден тыс операциялар пайдасы — орнықты пассивтер — мақсатты түсімдер — ұжым мүшелерінің үлестік және басқа да жарналары
|
— меншікті құнды қағаздарын сату
— дивидендтер және құнды қағаздар проценті — несие |
— сақтандыру өтемі
— концерн, ассоциация, салалық құрылымдардан түсетін қаржы ресурстары — үлестік жарналарды қалыптастырудағы қаржы ресурстары — бюджеттік демеу қаржысы |
3 – сурет Кәсіпорындарда қаржы ресурстарының құрылымы мен көздері.
Қаржы ресурстарының көздері қоғамдық өнім құнының барлық 3 элементі: «с», «v», «м», болып табылады (1-суретте көрсетілген), бірақ олардың әрқайсысының қатысу дәрежесі әртүрлі. Мысалы, өндірісті кеңейту үшін, «С» элементін кеңейту үшін қосымша қаржы ресурстар тарту керек. «V» элементі қызметкерлердің жеке табысы, әдеттегідей жалақысы бола отырып, қаржы ресурстарының көзі ретінде үш бағытты көрінеді: салықтар (еңбекақыдан төленетін); сақтық төлемдері (сыйақылар); басқадай төлемдер (ерікті жарналар, арнаулы қорларға аударылатын жарналар). «М» элементі табыс, өнімдер мен импортқа салынатын салықтар нысанындағы қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылады.
Қаржы ресурстарының көздері макродеңгейде және микродеңгейде іс — әрекет ететін көздер болып бөлінеді:
Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері болып:
- Жалпы ішкі өнім
- Ұлттық байлық
- Тартылған ресурстар
Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері болып:
- меншікті қаржы ресурстарының көздері
- өнім өткізуден түскен табыс (кәсіпорын ресурстарын қалыптастыруға мүмкіндік береді).
1.3. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі және экономикалық қорлары
Инвестиция – алуан түрлі күрделі қаржы бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тура және портфельді болып негізгі материал мен тауар – материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға, тұрғын – үй құрылыстарының қызметтеріне бөлінеді.
Инвестициялау (инвестициялық процесс) – бұл қарапайым және өндіріс қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры, машиналар мен құрал – жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, олар өндірістік процесс барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтану және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.
Инвестициялық процестің өзіне тән кешенді сатылары бар. Олар:
- капитал салымын қаржыландыру;
- инвестициялау объектілерін анықтау;
- аталғандардың орындалуын бақылау.
Инвестициялық жобалар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Жобалау класына қарай:
- мегожоба;
- мультижоба;
- моножоба деп бөлінеді.
Мегожоба, бұл үлкен көлемдегі жоба, бірнеше жобалардың өзара байланыстарын, ресурстарды бөлу және орындалу уақыттарын шектеуден тұратын мақсатты бағдарлама. Бұл жоба мемлекеттік басқару деңгейінде қалыптасады және басқарылады. Мысалы:
- халық шаруашылығының құрылымдық реформа жасау;
- нарыққа өту және нарық үлгілерін таңдау;
- сондай – ақ экономиканың жекелеген секторлары мен түрлі өрістерін дамыту бағдарламалары.
Бағдарламалар:
- халықаралық;
- салалық;
- салааралық;
- аймақтық болуы мүмкін.
Мультижоба – ұйымдар мен кәсіпорындар шеңберінде жүзеге асырылатын жоба.
Моножоба – бұл нақты міндеттерді жүзеге асыратын әр түрлі:
- техникалық;
- ұйымдық;
- экологиялық;
- әлеуметтік жобалар.
Ивестициялық принциптер:
- салым қаржысын әрбір бірлігіне келетін пайданың артып отыруы;
- инвестициялау тәуекелін азайту;
- шығынды өтеу мерзімін есепке алу.
Инвестициялық шығынның өтелуі – бұл салынған қаржыны қайтару мерзімі. Қаржы салымдарының шығынды өтеу мерзімі мемлекеттің инвестициялық саясатына тікелей байланысты.
Инвестициялық саясат – бұл халықшаруашылығын дамыту мақсатында қабылданған бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін экономика өрістерінде капитал салымдарын пайдаланудың негізгі бағыттарын сипаттайтын ұстаным.
Шығынды өтеу мерзімі – бұл капитал салымдарының нәтижелі болуына қажетті уақыт, яғни инвестициялық жобаларды табыс табу тұрғысында жүзеге асыру. Ол мына формуламен айқындалады:
Т ш.ө = К/П
Т ш.ө — шығынды өтеу мерзімі
К — капитал салымы
П — жылдық табыс
Мәселен жоба бойынша 12млн. тг көлемінде инвестиция тарту көзделген. өндірілген өнімдерді сата бастаған кезде күтілетін жылдық табыс 35 млн. тг. Сонда салымдар неше жылда өтті?
Тш.ө = Алғашқы инвестиция / жылдық табыс = 120 млн.тг / 35 млн. тг = 3,4 ж
Сонда инвестициялық шығын 3 жыл 4 айда өтеледі екен.
Қорлар – бұл экономикалық игіліктерді өндіруде пайдаланылатын қажетті құндылықтар. Экономикалық қорлар өндірістер мен атқарылатын қызметтерде қолданылатын табиғи және адамдар өндіретін қорлардан тұрады.
Капитал немесе инвестициялық қорлар кәсіпорынның барлық жұмсалған қаражаттары, өндірісте тауарлар мен қызметтерді пайдалану және оны түпкі тұтыну деңгейіне жеткізу (ғимарат, құрылыс, құрал – жабдықтар).
Қорларға сұранымның ерекшеліктері:
- Ол дайын өнімге деген сұранымды, пайдаланылатын қорларды іске асыру болып табылады. Сондықтан біреуінеің өзгеруі екіншісіне де әсер етеді.
- Қорларға деген сұраным еңбек өнімділігімен тікелей байланысты. Еңбек өнімділігінің артуы экономикалық қорларға сұранымның өсуінің кепілі.
- Қорларға деген сұраным сұранымның басқа да қорларға өсуімен байланысты, яғни қосымша қорлар мен қорлардың орнын толтыратын элементтер бағаларының өзгеруі.
Өндірісте қорлар орнын толтыру процесінде кәсіпорын тиімділіктің мына екі түрімен кездеседі:
- орнын басатын тиімділік, өйткені бір қорды ауыстыру екіншісінің бағасы мен сұранымын өзгертеді;
- өндіріс көлемінің артуынан туындайтын тиімділік. Капитал шығынның өсуі өндіріс көлемін арттырудың негізі, ал бұл, сайып келгенде, қорларға деген сұранымды азайтады.
Жалпы қорытынды ретінде мыналарды атап көрсктуге болады.
Қорларға деген сұраным негізінен мына жағдайларда артады:
- өнімге деген сұраным артса, тұтынуға дайын өнімді өндіруде еңбек өнімділігі жоғарыласа;
- қорларды ауыстыру жұмысының бағасы төмендеп немесе көтерілсе;
- қосымша қорлардың бағасы төмендесе.
Бұл айтылғандардан қорлар сұраным икемділігі деген түсінік туындайды, ал оны анықтайтындар:
- Дайын өнімге сұраным икемділігі неғұрлым көп болса, соғұрлым қоларға сұраным икемділігі жоғары (тауарларға баға жоғарыласа, оған деген сұранымның төмендеуіне әкеледі, қорларды тұтыну да төмендейді).
- Қорлардың алмасымдылығы: оған деген сұраным икмділігі жоғары болса, егер баға өскен жағдайда, олардың орнын қосатын басқа қорларға мүмкіндік берілсе немесе жақсы жетілген технологиялар енгізілгенде жүзеге асады.
- Жалпы шығында қорлардың үлесі: егер қорлардың үлес салмағы жалпы шығындарда көтеріңкі болса, онда қорларға деген баға өседі, бұл сұраныстың төмендеуіне әкеліп соғады.
Демек өндірістің жалпы шығындарында қорлар үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сұраныс икемділігі де жоғары болады.
Кәсіпорынның өндірістік қорлары
1- кесте
Материалдық заттық нысанда | Ақшалай нысанда | |
Есептесуді қабылдауда | Нарықтық экономика жағдайында | |
Еңбек құралдары (техника,құрал жабдық)
Еңбек заттары (шикізат, материалдар) Дайын өнім (тауарлар запасы)
Өндірістің табиғи жағдайы (жер, пайдалы қазбалар) Қорлар |
Еңбекке ақы төлеу қоры
Негізгі қор
Айналыс қоры Айналымдағы ақшалар (есеп айырысу шоттары, есеп айырысу, касса)
Жарғылық |
Өзгермелі капитал
Негізгі капитал
Айналым капиталы Айналыс жүйесіндегі айналым капиталы
Ақшалай нысандағы айналым капиталы
Негізгі капитал |
- Кәсіпорынның табыстылығын талдау
2.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның таабыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы – директивті экономика жағдайында оның рөлі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болыпқалыптасады, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық аяқталуын және кәсіпорынның өндірістік – техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаожы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерізмді ссудаларымен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелермен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай – ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелердің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
- Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай – ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнының төмендеуін ескеруі қажет.
- Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
- Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
- Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да салынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорын табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылық жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
- табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
- таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
- табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
- табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
- табыстың өсу резервтерін анықтау;
- кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
- табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
2.2. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с салықтар мен міндетті төлемдер, сондай – ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы – материалды құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы – материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
2 — кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспарының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.
«АЗ АГАМ» АҚ — ның өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының
негізделуін тексеру
№ | Көрсеткіштер | Есептік бағасы бойынша мың тг |
1. | Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл басындағы нақты қалдығы |
8360 |
2. | Тауарлы өнім шығару | 29000 |
3. | Өткізілген өнімнің жыл аяғындағы қалдығы | 15940 |
4. | өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс
(1 қатар + 2 қатар – 3 қатар) |
21420 |
5. | Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын табыс |
20850 |
6. | Ауытқуы (4 қатар – 5 қатар) | 570 |
2 — кесте
Ақпарат көзі «Қаржы Қаражат» 2005ж № 3
Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. өнімді өткізуден түскен табыс 20850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құрылады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып – түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқы ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты – заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай – ақ солардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергия, көлік, байланыс салаларына да қатысты.
Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың келіп түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жұмыс жасауы керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:
- біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
- екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
- үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санын алуы мүмкін (мысалы, тоннамен немесе басқаша өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатыап алу жүргізілген уақытта).
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші — жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады. Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендеті. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың шикізат пен отын – энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражатының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника – экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсартуымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін құруға болады. (3 — кесте).
3- кесте 2005 жылғы «АЗ АГАМ» АҚ – ның жалпы табысы мың теңге
|
Көрсеткіштер
|
Жоспар бойынша
|
Нақты өткізілген өнімге
жоспар бойынша
|
Нақты |
1. |
Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыс
|
20850 |
19745 |
23179 |
2. |
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіедік құны
|
16435 |
15741 |
16996 |
3. | Жалпы табыс
(1 қатар – 2 қатар) |
4415 |
4004 |
6183 |
Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге көп.
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
- Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
- Өнім бірлігінің бағасы;
- Өткізілген өнімнің көлемі (саны);
- Өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі:
- Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:
H H H Ж
П s = ∑ Q i · S i — ∑ Q i S i
Qi — өткізілген өнімнің нақты көлемі;
Si- өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
Si- өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорын тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
Өткізілген өнімнің өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы табыс көлемін 1255 мың теңгеге төмендетті (16966 – 15741).
- Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:
H H H Ж
П ц = ∑ Q i · P i — ∑ Q i P i
Мұндағы : Рi және pi — өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады. Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге ( 23179 – 19745 ) өсті.
- Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Жалпы табысқа тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің әсері келесі есеп арқылы анықталады:
Sн
- Nж = * 100
Sж
Nж — өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көлемі жоспарының орындалу
деңгейі;
Sн,Sж — өткізілген өнімнің сәйкесінше нақты және жоспарлы өндірістік
өзіндік құны.
- Пп = Пж*Nж/100
Мұндағы: Пп – тауарлы өнімді өткізу көлемінің табысқа тигізген әсері;
Пж – жоспарлы жалпы табыс.
Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспарды 3,4% — ға асыра орындады ( 16996 : 16435 * 100 ) – 100, нәтижесінде жоспарланған жалпы табыстан 150 мың теңгеге артьқ алынған ( 4415 * 103,4 : 100 ) – 4415.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:
1) «өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша» есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентінде түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы;
2) « өткізу көлемінің өзгеруі » факторының әсер ету сомасын «өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінген және алынуға тиісті табыстың көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық тәсілі).
Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. «Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінген, алынуға тиісті жалпы сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.
Біздің мысалымызда есептеулер келесіні көрсетеді:
- 4004 – 4415 = — 411
- – 411 +(- 150) = — 561
Құрылымдық өзгерістер нәтижесінде жоспармен салыстырғанда жалпы табыс кем алынған.
Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өніммен жоспар бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құрылым жағдайында алынған табыспен салыстыру арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.
Есептің мұндай әдісі әлдеқайда ыңғайлы әрі дәл болып табылады. Есептеулер келесідей түрде болады:
4004 – (4415 * 103,4 : 100) = 4004 – 4565 = — 561
Біздің мысалымызда құрылымның өзгеруі жалпы табыстың ауытқуына теріс әсерін тигізді, яғни оның мөлшері 561 мың теңгеге азайды. Жалпы табысты талдау нәтижелері 4 – кестеде көрсетілген.
№ | Көрсеткіштер | Сомасы
мың тг |
Жоспарлы
табысқа % |
1. | Өткізілген өнімнің өзіндік құнының өсуі |
— 1255 |
+ 28,4 |
2. | Келісілген бағалар деңгейінің өсуі | + 3434 | + 77,7 |
3. | Өнімді өткізу көлемінің артуы | + 150 | + 3,4 |
4. | Өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер |
— 561 |
— 12,7 |
Жиыны: | + 1768 | + 40,0 |
«АЗ АГАМ» АҚ — ң жалпы табыстың ауытқуына негізгі
факторлар
4 – кесте
Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу мен көлемінің өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеген болса жене де бизнес жоспармен салыстырғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 1816 мың теңгеге (1255+561) өсетін еді. Жалпы табыстың өндірістік өзіндік құнының өсуі нәтижесінде азаюын – кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшіліктерге 2005 жылы талданып отырған кәсіпорынның өткізген өнімінің құрамында болған құрылымдық өзгерістер жатады. Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнім сұрыпталымы мен өндірілетін және өткізілетін өнімдердің құрамында болатын құрылымдық өзгерістерін талдауға басты назар аударуы қажет. Егер әрине нарықта оларға деген сұраныс болса, кәсіпорынға өнімнің жоғары рентабельді түрлерін өндіру мен сату тиімді болады.
Ендігі кезекте, жалпы табыстың өзгеру себептерін өткен жылмен салыстырып өтейік.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда баға индексі 1,05 – ті құрайды. Бағаның өсуі жалпы табысқа әсер етуі тиіс.
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі өзгерістер жатады:
- өткізілген өнімдердің бағасының өзгеруі;
- өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;
- өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі.
Олардың есепті жылы алынған жиынтық табыстың өткен жылмен салыстырғандағы ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі аналитикалық 5 – кестені құрайық.
«АЗ АГАМ» АҚ — ң жалпы табыстың өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардың тигізетін әсерін анықтау үшін қажетті алғашқы мәліметтер
5 — кесте мың теңге
№ | Көрсеткіштер | Өткен жылғы | Есепті
жылғы |
1. | Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден түскен | 24392 | 23179 |
2. | Өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өндірістік өзіндік құны |
20689 |
16996 |
3. | Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар) | 3703 | 6283 |
4. | Баға индексі | 1,00 | 1,05 |
5. | Өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) түскен табыс, салыстырмалы бағамен |
24392 |
22075 |
Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық :
1.Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылуы бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін (өскендігін немесе кемігендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.
Есепті жылдағы өнімді өткізуден түскен табыс өткен жылғы бағамен:
23179 : 1,05 = 22075.
Бағалардың өзгерісі және оның жалпы табысқа әсері :
23179 – 22075 = 1104 мың теңгені құрады.
Кәсіпорынның еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы қосымша табыс 1104 мың теңгені құрайды.
- Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.
Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда өнімді өткізуден түскен табыс 9,5 % — ға (22075 : 24392 * 100 = 90,5); 100 – 90,5 = 9,5 % — ға азайды. Нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыстың кемуі есебінен жалпы табыстың азаюы 352 мың теңгені [3703 * (-9,5) : 100] құрайды. Есептеуді, былтырғы өнімді сатудан түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы жалпы табысты, өнімді сатыдан түскен табыстың артуы немесе кемуіне көбейту арқылы жүргізуге болады:
[3703 : 24392 * (22075 – 24392)] = 0,1518 * (- 2317) = — 352 мың теңге.
- Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы өткізілген өнімнен түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кемуі есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді. Есептеу:
[(16996 : 22075) – 20689 : 24392)] * 22075 = (0,7699 – 0,8482) * 22075 =
— 0,0783 * 22075 = — 1728 мың теңге.
Өткізілген өнімнен алынатын табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың азаюы нәтижесінде жалпы табыс 1728 мың теңгеге өсті. Жалпы табысқа шығындардың тигізетін ықпалының дәл осы нәтижесін, есепті жылдағы нақты шығындардың өнімді өткізуден алынған табыстың өсу (кему) индексіне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады.
1696 – [ 20689 – (20689 * 9,5 : 100)] = 1696 – 16996 – (20689 – 1965) =
16996 – 18724 = — 1728 мың теңге.
Өнімнің өзіндік құны осы сомаға кеміген және сәйкесінше бұл жалпы табыстың өсуіне әкеледі.
Үш фактордың ықпалы нәтижесінде жалпы табыс 2480 мың теңгеге (+ 1104 – 352 + 1728) = 2480 өсті.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:
Д = Д – Р .
Мұндағы: Д – негізгі қызметтен алынған табыс;
Д – жалпы табыс;
Р – кезең шығындары.
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай – ақ маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет.
Кәсіпорын табыстылығын бағалаудың абсолютті көрсеткіші
6 – кесте
№ | Көрсеткіштер | Есептеу формуласы |
1. | Абсолютті көрсеткіштер:
өнімді өткізуден түскен түсім (табыс) |
ҚҚС, акционерлерді және басқа да міндетті төлемдер мен салықтарды және де қайтарылған тауарлардың құнын, сауда шегермелерін есептегендегі өнімді өткізуден түскен барлық табыс саласы |
2. | Жалпы табыс | Өнімді өткізуден түскен түсім мен негізгі қызмет нәтижесінде өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма |
3. | Негізгі қызметтен түскен табыс | Жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма |
4. | Негізгі емес қызметтен түскен табыс | Негізгі емес қызметтен алынатын табыстар сомасы |
5. | Салық салынғанға дейінгі қалыпты қызметтен түскен табыс | Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар сомасы |
6. | Салық салынғаннан кейінгі қалыпты қызметтен түскен табыс | Салық салынғанға дейінгі қалыпты қызметтен түскен табыстан табыс салығын шегеру арқылы есептеледі |
7. |
Күтпеген оқиғалардан түскен табыс |
Қалыпты қызметтен өзгеше оқиғалар немесе операциялар нәтижесінде түскен табыс. Мұндай операциялар көбіне көп қайталана бермейді. |
8.
|
Таза табыс
|
Қорытынды табыстарды қорытынды шығындармен салыстыру жолымен анықталады, яғни қалдық нәтижені көрсетеді |
2.3. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру жөне оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндікте-рін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топ-тастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;
2) өнімдер;
3) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.
Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі — берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.
Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:
Талданып отырған кәсіпорын мәліметтері бойынша кәсіпорынның барлық капиталының табыстылық коэффициенті, 7-кестеде берілген мәліметтермен сипатталады.
«АЗ АГАМ» АҚ — ң авансталған капиталдың (жалпы активтер) табыстылық денгейі,%
7 — кесте
№
№ |
Көрсеткіштер | Өткен
жыл |
Есепті жыл | Ауытқуы (+,-) |
A | Б | 1 | 2 | 3 |
11. | Таза табыс, мың теңге | 5040 | 6538 | +1498 |
22. | Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс ва-лютасы) | 30512 | 37254 | +6742 |
33. | Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған ка-питал), % | 16,52 | 17,55 | + 1,03 |
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке өскен және 17,55%-ды құрайды. Алайда бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып табылады.
Бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге белінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.
Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алынған ауытқуға (+1,03) ықпалын анықтау үшін, өткен жылғы табыс және есепті жылға жалпы активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициентін есептейміз. (5040:37254-100), бұл біздің мысалымызда 13,53%-ды құрайды. Одан өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып отырған көрсеткішке кері әсері 2,99 пунктті (13,53-16,52) құрайды. Таза табыстъң 1498 мың теңгеге өсуі, зерттеліп отырған көрсеткішті — 4,02 пунктке (17,55-13,53) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері, өткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (-2,99+4,02=+1,03).
Алайда айта кеткен жөн, факторлар әсерін бұл әдістеме бойынша өлшеу біршама қате, себебі оны есептеудің математикалық формуласы дұрыс және ешқандай күдіксіз болғанына қарамастан, ол көрсеткіштің экономикалық мазмұнына жауап бермейді. Таза табыс бойынша барлық активтердің табыстылық деңгейі — (қаражатты тарту көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен (1 теңге) табыстьң қанша ақшалай бірлігі альнғанын көрсетеді. Осыған қарағанда, неғұрлым кәсіпорын кеңейген сайын және оның өндірістік потенциялы өскен сайын, соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне тәуелді болуы тиіс. Осы түсініктерді қарастыра келе, біз екінші көзқарас әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз. Таза табысты қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің бірі болып саналатын өнімді өткізуден алынған табыс маңызды роль атқарады. Сондықтан да екінші көзқарасты қолдаушы мамандар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардьң әсерінен болады деп есептейді:
1) кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі — өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
2) жалпы активтердің айналымдылығы.
Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрде берілуі мүмкін:
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген (сату) өнімнің табыстылығы • активтер айналымдылығы.
Шынында:
Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір теңгесінен альнған таза табысы, өнімді өткізу табыстылығына (сату) және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.
Авансталған капиталдың (жалпы активтердің) табыстылық деңгейінің өзгеруіне жоғарыда аталған факторлардың тигізетін әсерін талдау үшін келесі аналитикалық кестені құрамыз.
«АЗ АГАМ» АҚ – ң авансталған капиталдың (жалпы активтер –
баланс валютасы) табыстылық деңгейіндегі болған ауытқуға,
активтер айналымдылығы мен өнімді өткізу табыстылығы
8 – кесте коэффициентінің өзгерісінің тигізетін ыкпалы
№
№ |
Керсеткіштер |
Өткен жыл |
Есепті жыл |
Өткен жылға қарағандағы ауытқуы (+,-) |
Оның ішінде коэффициенттер өзгерісі есебінен |
|
|
|
|
|
|
сату
табыстылығы |
активтердің айна-лымдылығы |
Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
І1 | Таза табыс, мың теңге | 5040 | 6538 | + 1498 | X | X |
22 | Өткізуден түскен табыс, мың теңге | 24392 | 23179 | -1213 | X | X |
33 | Жалпы актив-тердің орташа жылдық құны, мың теңге | 30512 | 37254 | +6742 | X | X |
44 | Жалпы актив-тердің (аванс-талған капитал) табыстылық деңгейі, % (1 қатар: Зқ*1ОО) | 16,52 | 17,55 | +1,03 | +4,74 | -3,71 |
5
5 |
Өткізілген енімнің табыстылық коэффициенті, % (1 қатар: 2қ*100) | 20,66 | 28,21 | +7,55 | X | X |
66 | Активтердің айналымдылық коэффициенті
(2қ:3қ) |
0,80 | 0,62 | -0,18 | X | X |
Бірінші қатардағы факторлар тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі. Есепті жылдағы активтер айналымдылығының нақты коэффициенті мен сату табыстылығының коэффициенті бойынша шартты көрсеткіш ретінде активтердің табыстылық деңгейін (Ду) аламыз.
Ду=20,66*0,62=12,81%.
Осы керсеткішті және кестеде келтірілген өткен және есепті жылғы активтер табыстылығы деңгейінің көрсеткішін (авансталған капитал) пайдалана отырып, бірінші қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейін есеп-тейміз. Біздің мысалымызда ол келесі мәліметтермен сипатталады:
1) өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өзгерісі:
17,55-12,81= +4,74;
2) жалпы активтердің айналымдылық коэффициентінің өзгерісі:
12,81-16,52= — 3,71.
Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) немесе қызметтің барлық түрлерінің табыстылық коэффициенті (жалпы табыстылықтың) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.
Табыстылықтың маңызды салыстырмалы көрсеткішінің бірі бұл өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі болып табылады. Ол таза табыстың материалдық айналым қаражаттарының қалдығы мен негізгі құралдардың орташа құнына қатынасы ретінде есептеліп шығарылады. Сонымен, өндірістік қорлар құны, сәйкесінше жыл басына және жыл аяғына материалдық айналым қаражаттары және негізгі құралдар құндарын қосып 2-ге бөлу арқылы анықтайды. Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейін талдау барысында А.Д. Шеремет ұсынған факторлық талдау әдістемесі, көрсеткіштің алғашқы формуласын, табыстылық деңгейін қалыптастырушы, шаруашылық қызмет тиімділігін арттыру және өндірісті интенсивтендірудің барлық сапалы сипаттамасы бойынша жіктеуді қарастырады. Деңгейді талдаудың факторлық үлгісі келесі түрде ұсынылады:
Мұнда: — өткізілген өнімнің еңбекақы сыйымдылығы;
— өткізілген өнімнің материал сыйымдылығы;
— өткізілген өнімнің амортизация сыйымдылығы;
— негізгі өндірістік қорлар бойьнша өнімнің қор сыйымдылығы;
— айналым қаражаттары бойынша өнімнің қор сыйымдылығы (айналым қаражаттарының бекіту коэффициенті);
Дч — таза табыс;
F — негізгі құралдардың орташа құны;
Е — материалдық айналым қаражаттарының орташа қалдықтары;
— өткізілген өнімнің (сатудың) табыстылық деңгейі;
— толық өзіндік құн бойынша өткізілген өнімнен алынған
табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.
Өнімнің табыстылығы неғұрлым жоғары болса (негізгі қорлардың қор қайтарымдылығы мен негізгі құралдардың айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар мен экономикалық элементтері бойынша (еңбек құралдары, еңбек материалдары) үлестік шығындары неғұрлым төмен болса), өндірістік құралдардың табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Жекелеген факторлардың өндірістік қорлардың табыстылық деңгейіне тигізетін ықпалының сандық бағасы тізбектеп ауыстыру әдісі бойынша анықталады.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінін өзгеруіне әсер етуші
көрсеткіштер
9- кесте
№ | Керсеткіштер | Символдар | Өткен жылы | Есепті жылы
|
||
A1. | Таза табыс, мың тг. | 5040 | 6538 | |||
22. | Өткізуден алынған табыс (түсім) (акциз және қосымша құн салығынсыз), мьң тг. | 24392 | 23179 | |||
33. | Негізгі қорлардың жылдық орташа қүны, мың тг. | F | 49826 | 55789 | ||
44. | Материалды айналым кара-жаттарының орташа жылдық қалдықтары, мың тг. | Е | 15244 | 14385 | ||
55. | Өндірістік қорлардың жылдық орташа құны (3 қатар+4қатар), мың тг. | F+E | 6S070 | 70174 | ||
66. | Өнімнің қор сыйымдылық коэффициенті (3 қатар : 2қатар) | 2,0427 | 2,4069 | |||
77. | Айналым каражаттарын бекіту коэффициенті (4қатар:2қатар) | KN3 | 0,6251 | 0,6206 | ||
88. | Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табыс — өткізілген өнімнің табыстылық коэф-фициенті (1қатар:2қатар), | Д | 0;2066 | 0,2821 | ||
99. | Өндірістік қорлардың табысты-лық деңгейі (1қатар:5катар)-100% | Дф | 7,75 | 9,32 | ||
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі есепті жылы 9,32%-ды құрады, ал өткен жылы 7,75% болған, яғни оның көлемі 1,57 пунктке (9,32-7,75) өскен.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің (рентабельділігі) өзгеруіне ықпал етуші факторлардың әсері келесі есептеулер бойынша тізбектеп ауыстыру әдісімен анықталады:
1) өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың кебеюі осы көрсеткіштің 2,82 пунктке өсуіне әкеледі. (10,57-7,75), мұнда 10,57 =0,2821: (2,0427+0,6251)400;
2) қор сыйымдылығының көбеюі, яғни негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымдылығының азаюы олардың табыстылық деңгейінің 1,27 пунктке (9,30-10,57) төмендеуіне әкелді мұндағы 9,30=0,2821:(2,4069+0,6251)-100;
3) материалдық айналым қаражаттарын бекіту коэффициентінің азаюы, яғни олардың айналымдылығының жылдамдауы өндірістік қорлардың табыс-тылық деңгейінің 0,02 пунктке (9,32-9,30) өсуіне әкеледі. Осылайша факторлар бойынша өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің жалпы өсімі 1,57 пунктті құрайды (+2,82-1,27+0,02), ол өткен жылғы мәліметтермен (9,32-7,75) салыстырғанда бұл көрсеткіш деңгейінің жалпы өзгерісіне сәйкес келеді.
Нарықтық жағдайдағы маңызды көрсеткіш — бұл негізгі қызметтен алынатын табыс, ол келесі формула бойынша анықталады:
Мұнда: Дд -негізгі қызметтен алынатын табыс;
SN-өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
Рп -кезең шығындары.
Мына бөлшектің бөлімі өткізілген өнімнің толық өзіндік құнын құрайды.
Бұл керсеткіш тек қана кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін ғана емес, сонымен қатар бағаның құрылу процестерінің тиімділігін көрсетеді. Оны өткізілген өнімнің жалпы көлемі бойынша да, және оның жеке түрлері бойынша да есептеу дұрыс болып табылады.
Өнім бірлігінің табыстылығы, сату бағасы мен өнімнің (бұйымның) өзіндік құнының арасындағы айырманьң жекелеген өнімнің өзіндік құнына қатынасы ретінде, келесі формула бойынша анықталады:
Мұнда: Д° — жекелеген өнімдердің табыстылығы;
Р — өнім бірлігінің бағасы;
S — өнім бірлігінің толық өзіндік құны.
Өнім бірлігінің табыстылығы, жекелеген өнімдерді өндіру мен өткізудің, өткізілген өнімдердің қалыптасқан құрылымы жағдайында жалпы табыстылыққа тигізетін ықпалын анықтауға, сондай-ақ сату құрылымының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш коммерциялық құпия болып табылады және де ол, басқарушылық талдауды жүргізу барысында қолданылады.
Негізгі қызмет табыстылығының (табыс нормасы) тағы бір көрсеткіші — бұл өткізілген өнімнің табыстылығы. Бұл көрсеткіш өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың мөлшерін көрсетеді. Ол келесі формула бойынша анықталады:
Мұнда: Дп -өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс.
Жалпы өнімнің. бұйым топтары мен оның жекелеген түрлерінің табыстылығы, өнімнің сол немесе басқа түрлерін өндірудің табыстылығын (зияндылығын) салыстырмалы талдауда, әсіресе өнімдердің өте көлемді ассортиментін шығарушы кәсіпорындарда өте маңызды көрсеткіш болып табылады.
Өнімнің табыстылығының модификацияланған көрсеткіші — бұл сату көлемінің табыстылығы, ол мына формула бойынша анықталады:
Мұнда: Д — сату көлемінің табыстылығы;
Д в — жалпы табыс;
Д -өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс (түсім).
Сату көлемінің табыстылық деңгейіне өткізілген өнімнің құрылымының, оның өзіндік кұнының және өнімді сату бағаларының өзгерісі ықпал жасайды.
Сату көлемінің табыстылық деңгейінің. өзгеру факторларының есебі 10-кестеде көрсетілген:
«АЗ АГАМ» АҚ – ң сату көлемінің табыстылық денгейінің өзгеруіне әсер етуші факторлар есебі
10 — кесте
№ | Табыстылық өзгерісінін, факторлары | Факторлардың
әсерін есептеу |
Факторлар әсері |
11. | Өнім құрылымы | 20,28-21,17 | -0,89 |
22. | Өнімнің өзіндік құны | 20,98-20,28 | +0,70 |
33. | Өнімнің сату бағасы (босатылу) | 26,67-20,98 | +5,69 |
44. |
Жиыны: |
26,67-21,17 |
+5,5 |
Кесте мәліметтері керсетіп отырғандай, өткізілген өнімнің табыстылық деңгейінің 5,5 пунктке өсуі үш фактордың әсерінен болып отыр. Өнімнің өзіндік құнының темендеуі мен сату бағасының өсуіне байланысты табыстылық деңгейі сәйкесінше 0,70 және 5,69 пунктке өсті. Өткізілген өнімнің құрылымының өзгерісі нәтижесінде (табыстылығы аздау, бірақ нарықта сұранысқа ие болатын өнім түрлерінің үлес салмағы өсті) оның табыстылық деңгейі жоспармен салыстырғанда 0,89 пунктке азайды.
Сату көлемінің табыстылық деңгейінің өзгерісіне әсер етуші факторларды есептеуге қажетті бастапқы ақпараттар төмендегі кестеде келтіріледі.
11-кесте «АЗ АГАМ АҚ – ң» бастапқы ақпараттары
№ | Өткізілген өнім табыстылығының көрсеткіштері | Өткізілген өнімнен альнған табыс (түсім) мың тг. | Өткізілген өнімнің өзіндік кұны мың тг. | Өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі % | Табыстылық деңгейіне әсер етуші факторлар | ||
өнімнің құрылымы | өзіндік кұн | өнімнің босатылу бағасы | |||||
11. | Жоспар бойынша | 20850 | 16435 | 21,17 | П | П | П |
22. | Жоспар бойынша нақты көлемі және құрылымына | 19745 | 15741 | 20,28 | Ф | П | П |
33. | Нақты жоспарлы бағасымен | 19690 | 15564 | 20,98 | Ф | Ф | П |
44. | Накты қолданыс-тағы бағасымен | 23179 | 16996 | 26,67 | Ф | Ф | Ф |
Талдау жүргізудегі негізгі ақпарат базасы — бухгалтерлік есептің мәліметтері болғандықтан, талдаудың бұл түрі тек өнім түрлері бойынша шығындардың аналитикалық есебін жүргізу барысында ғана мүмкін болады. Мұндай талдау өткізілген өнімдердің қалыптасқан құрылымы жағдайында жалпы табыстылыққа жекелеген өнімдерді өндіру мен сатудың тигізетін ықпалын анықтауға, сондай-ақ сату құрылымының тиімділігін бағадауға мүмкіндік береді.
Жекелеген бұйымдардың табыстылығының (рентабельділігінің) өзгеруіне өзіндік құн деңгейі мен сату бағасы әсер етеді. Бүл факторлардың әсері тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі (12-кесте).
«АЗ АГАМ» АҚ – ң өнім бірлігінің табыстылығының (рентабелділігінің)
12 — кесте өзгеру факторларын есептеу
Табыстылықтың өзгеруі | |||||||
№ |
Табыстылық көрсеткіші | Сату
бағасы, теңге |
өнім бірлігінің өзіндік құны |
Табыстылық |
Барлығы |
Оның ішінде сату бағалары |
Өнім бірлігінің өзіндік құны |
1. | Жоспар бойынша | 9916 |
742 |
23,45 |
х |
х |
х |
2. | Нақты өзіндік құны,жоспарлық сату бағасымен | 9
9916 |
723 |
26,29 |
х |
х |
х |
3. | Нақты | 941 | 723 | 30,15 | +6,70 | +3,46 | +3,24 |
Жеке бұйымның табыстылығын арттырудың негізгі фактор оны шығарудың өзіндік құнын төмендету болғандықтан, оның калькуляция баптары бойынша өзгеру себептерін талдауға басты назар аударылуы тиіс, сонымен бірге баға қалыптасуының дұрыстығын зерттеуге де көңіл бөлінеді.
Табыстылық көрсеткіштерінің үшінші тобы ақша қаражаттарының таза ағымының құйылуы негізінде есептеледі. Мысалы,
Ақша қаражаттары- Ақша қаражаттары- Ақша қаражатта-
ның таза ағымының ның таза ағымының рының таза ағы-
құйылуы . күйылуы мьның құйылуы
Сату көлемі Авансталған капитал Меншікті капитал
Соңғы көрсеткіштер кәсіпорынның кредиторлар, қарыз беруші және акционерлер алдында қолма-қол ақша қаражаттарымен өз міндеттемелерін орындауы жөнінде мәлімет береді. Қолма-қол ақшалардың ағымы негізінде есептелетін табыстылық нарықтық экономикасы дамыған елдерде кеңінен қолданылады. Оның артықшылығы бар, себебі ақша ағымдарымен жүргізілетін операциялар өндірістің қарқынды түрінің маңызды белгісі және кәсіпорынның қаржыльқ жағдайы мен экономикалық «кінәратсыздығының» басты нышаны болып табылады.
Осылайша, біз кәсіпорын табыстылығының негізгі салыстырмалы көрсеткіштерін қарастырып, олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды талдап шықтық
III. Кәсіпорынның қаржылық ресурс көздерін арттыру мақсатындағы
іс – шараларды жетілдіру
Ресурстар сатылатын және сатып алынатын болғандықтан олардың бағалары да болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс – қимылының болашақ нәтижесінде, баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы барлық түрлері, олардың әрбір айрықшаларын қалай болса да солай қамтиды.
Ресурстар нарығының ерекшелігі — ең алдымен олардың шектелуіне қарай өндіріс көлемінің өзінің де және ресурстар ұсынысын да шектелуінің қорытындысы болып табылады. Қоғам өндіруде мүмкіндігі болмаған жағдайда, тауарлар мн қызмет көрсету мөлшері тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыра алмайды. Соған байланысты ресурстар нарығын шоғырландыру қажеттелігі туады.
Экономикалық ресурстардың бағасы әр түрлі басқа рыноктарда ұсыныс пен сұраныстың ықпалымен сәйкестендіріп үйлестіреді. Ресурстар ұсыны олардың тікелей баға арысындағы байланысы мен нақтылы бар мөлшерін, ресурстарды иелендірушлердің мүдделеріне сәйкес олардың бағаларын жоғары қоюын көрсетеді. Ал ресурстар сұранысы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы қарама – қарсы байланысты көрсетеді: егер де баға көтерілсе, онда кәсіпорын ресурстарды аз сатып алады немесе аларды арзандату басқалармен алмастырады.
Ресурстарға сұраныстың ерекшелігіне қысқаша тоқталайық:
- Ол дайын өнімнің сұранысқа деген туындысы (тәуелділігі) болып табылады. Демек, біріншінің өзгеруі ең алдымен екіншісінің өзгеруіне байланысты болады.
- Ресурстарға сұраныс еңбек өнімділігіне тәуелді: оның дамуы экономикалық ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты, яғни орнындағы ресурстар мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі.
- Ресурстардың туынды сұранысы көбейеді, егер де өнімге сұраныс көбейсе, дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса, орнындағы ресурстардың бағасы төмендейді. Бұдан туындайтын, сұраныстың икемділігі мына төмендегі нысандарға байланысты:
- дайын өнімге сұраныстың икемділігі: ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстардың сұраныстың икемділігі де жоғары болады;
- ресурстардың алмастырылуы: оларға сұраныстың икемділігі жоғары болса, егер де баға өскен жағдайда оларды басқа ресурстармен алмастыруға немесе артығырақ кәміл технологияны өндіріске енгізуге мүмкіндігі туады;
- жалпы шығындарда ресурстардың үлесі: егер де жалпы шығында ресурстардың үлесі жоғары болса, ал ресурстарға баға өссе, онда бұл оларға деген сұраныстың төмендеуіне алып соғады. Демек, жалпы шығында ресурстардың үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сұраныс икемділігі де доғары болады.
Ресурстардың шектелуіне қарамастан, олар адамдардың ықпал жасауының арқасында алмасып отырады. Мысалы, мелиорация жұмыстарды жүргізілетін боса жерге ұсынысты арттыруға болады. Сонымен ресурстар ұсынысы заң сиректілігіне, ресурстардың шектелуіне байланысты.
Ресурстарды сақтау – бұл меншіктің әртүрлі формалары және шаруашылық тетігінің ықпалымен жүзеге асатын нақты және өткен еңбекті үнемдеу. Оның практикалық мәні еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын үнемді жарату, өнімсіз және халық шаруашылығының барлық өрісіндегі шығындарды барынша жою болып табылады. Ресурстарды сақтау болашақ экономиканың дәрежесі мен сипаттамасы ретінде экономика және басқару жүйелерін қайта құруды, олармен табиғи байланысты ұштастыруды қажет етеді. Ресурстарды сақтау экономикалық қатынастар жүйесінің және шаруашылықты жүргізу әдістерінің қамы үшін ғана болмауы керек.
Ресурстарды сақтау саясаты орасан зор потенциалдық мүмкіндіктері бар Қазақстан үшін өте үлкен принциптік маңызы бар. Себебі, республикада ұзақ жылдар бойы халық шаруашылығының өркендеуі экстенсивтік, жоғары шығындылық негізінде болып келеді. Шаруашылықты жүргізудің мұндай әдістері әлдеқашан өзінің сипатын жойып, өндірісті интенсивтендіруге үлкен тосқауыл жасады.
Экономикалық реформа жағдайында ресурстардың сақталу процесі ұдайы өндірісті арттырады. Ұлттық табыстың серпінінде тұтыну мен қорланудың арасындағы арақатынастар өзгеріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қорлану қорында ресурстарды сақтау есебінен шаруашылық қоланудың сол бөлігі үлкен орын алады. Сондықтан, практикада ресурстарды сақтау қорланудың заңдылықтарын ұдайы өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етуге пайдалану қажет болады. Ресурстарды сақтау іс жүзінде тиімді экономикалық дамудың бірден – бір басты кезеңіне айналып отыр. Мысалы, энергия мен шикізаттарды үнемдеу шараларын іске асыруға кеткен шығындар, осындай мөлшердегі шығындарға қарағанда екі есе кем болады. Алайда, өндірісті дамытудағы ресурстарды сақтау жолына өте – мөте баяу жүргізіліп келеді. Ресурстарды сақтаудың экономикалық негізінде қаржы – несие саясаты, бағаның құрылуы және ынталандыру жатады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын жұмысын жүргізудің экономикалық тетігін және оның әрбір цехтарында, әрбір еңбек ұжымдарында ресурстарды сақтаудың ынталылығының ең тиімділік амалын қолданатын болу керек. Ресурстарды сақтау проблемасын шешуде ұдайы өндіріс процестерінің барлық сатыларын, сонымен бірге, ең алдымен шикізаттарды өндіру және шала фабрикаттарды қайта өңдеуді қамту қажет, себебі, бұл саладағы материалдық шығындар әлі де болса өте жоғары болып келеді. Мұнда бірінші орынды қалдықсыз технологияны қолдану негізінде өндірісті ұтымды ұйымдастыру жұмысы алады. Шикізаттардың қай түрі болмасын жарамды өнімдерді өңдеуге пайдалы заттардың алуан түрлерінен тұрады. Сонымен, бұл шикізаттарды өндіру және қайта өңдеу кешені тиімділігінің шешуші факторы болып табылады.
Қазірдің өзінде қалдықсыз технологияны өндіріске енгізуге техникалық мүмкіншіліктер толық жеткілікті: толық немесе толыққа жақын, өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату және тағы басқа. Қалдықсыз өндірісте кешендік үнем толық іске асады. Біріншіден, мұнда материалдық ресурстарды ұтымды пайдалануда кейбір аз байланысты шаралардың едәуір толық кәдеге жаратудың түбегейлі әдістерін қамтамасыз ететін ғылыми жүйеге өту. Екіншіден, ол ірі әлеуметтік – экономикалық кешенді проблемаларды шешуге ықпал етеді: республикадағы шикізаттар ресурстарының қамтамасыз етілуі деңгейін арттыру, еңбек шартын арттыру, табиғи ортаны қорғау және тағы басқа.
Кәсіпорының меншікті капиталын басқару негізіне осы кәсіпорынның меншікті қаржылық ресурстары кіреді. Бұл процесті тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында әдетте кәсіпорындарда арнайы қаржылық саясат құрылады. Бұл саясат кәсіпорынның осы кезеңдегі даму қажеттіліктерімен сәйкес әртүлі көздерден меншіктік қаржылық ресурстарды тартуға бағытталған. Меншікті қаржылық ресурстарды қалыптастыру саясаты кәсіпорынның жалпы қаржылық стратегиясының бір бөлігі болып табылады және өзінің өндірістік дамуын қаржыландырудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
Меншікті капиталды басқарудың негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
- меншікті капиталдың мақсатты көлемін анықтау;
- меншікті капиталдың көлемін орналастырылмаған табыстық немесе қосымша шығарылған акциялардың есебінен ұлғайту;
- қайта шығарылатын акциялардың рационалды құрылымын анықтау;
- дивидендтік саясатты анықтау және іске асыру;
Кәсіпорынның меншіктік қаржылық ресурстарын қалыптастыру саясатын құру келесі негізгі кезеңдерден тұрады:
- кәсіпорынның болашақтағы меншікті қаржылық ресурстарының қалыптасуын талдау. Мұндай талдау мақсаты меншікті қаржылық ресурстардың қалыптасу потенциялымен және оның кәсіпорынның даму қарқынына сәйкестігін анықтау;
- меншікті қаржылық ресурстарға деген жалпы қажеттіліктерді анықтау. Жалпы қажеттілік ішкі және сыртқы көздер есебінен қалыптасатын
меншіктік қаржылық ресурстардың қызметті сомасын қамтиды.
- түрлі көздерден меншіктік капиталдың тартылу құнын бағалау. Мұндай бағалау ішкі және сыртқы көздерден қалыптасатын меншікті
капиталдың негізгі элементтеріне жүргізіледі. Мұндай бағалаудың
нәтижелері кәсіпорынның меншікті капиталдың өсімін қамтамасыз
ететін меншікті қаржылық ресурстардың альтернативті қалыптасу
көздерін құрумен байланысты басқарушылық шешімдерді қабылдауға
қызмет етеді.
- Ішкі көздер есебінен меншіктік қаржылық ресурстарды тартудың максималды көлемін қамтамасыз ету. Меншіктік қаржылық ресурстарды қалыптастырудың сыртқы көздерден падаланатын алдын, олардың ішкі көздер есебінен қалыптастырудың барлық мүмкіндігі іске асырылуы керек. Жоспарланған қаржылық ресурстардың ішкі қалыптасу көдерінің негізінен таза пайда мен амортизациялық аударымдар есебінен болғандықтан, 1 – ші орында бұл көрсеткіштерді жоспарлау процестерінде олардың түрлі резервтер есебінен өсу мүмкіндіктерін қарастыру қажет.
- Сыртқы көздер есебінен меншіктік қаржылық ресурстарды таратудың максималды көлемін қамтамасыз ету. Сыртқы көздерден қалыптасатын меншіктік қаржылық ресурстардың көлемі ішкі қаржыландырудың жетіспеушілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Егер ішкі көздер есебінен қалыптасқан қаржы ресурстары жоспарлы кезеңдегі қажеттіліктерді қамтамасыз ете алатын болса, онда бұл қаржыны сырттан тартудың қажеті жоқ. Қажеттіліктерді сыртқы қаржыландырудың көмегімен қаржыландыру қосымша пай капиталы мен қосымша акция эмиссиясы есебінен жүзеге асырылады.
Меншіктік қаржы ресурстарының ішкі және сыртқы көздерінің қалыптасуының оптимизациясы. Бұл оптимизацияның процесі келесідей критерийлерге негізделеді:
- меншіктік қаржы ресурстарын тарту құнын минималды дәрежеге жеткізуді қамтамасыз ету. Егер меншіктік қаржылық ресурстардың сыртқы көздер есебінен тарту құны жоспарланған құннан асып кетсе, онда мұндай меншіктік ресурстардың қалыптасуынан бас тарту керек.
- кәсіпорындарда оның бастапқы құрылымдардың басқарылуын сақтауды қамтамасыз ету. Сыртқы инвестициялық есебінен қосымша пайлық немесе акционерлік капиталдың өсуі мұндай басқарудың жойылуына алып келуі мүмкін.
Меншіктік қаржылық ресурстарды қалыптастыру саясатының тиімділігі кәсіпорынның осы кезеңдегі дамуын өз — өзін қаржыландыру коэффициентінің көмегімен бағаланады. Оның деңгейі қойылған мақсатқа сәйкес келуі керек.
Меншіктік қаржылық ресурстарды қалыптастыруға арналған саясатының табыстылығын қамтамасыз ету үшін келесідей негізгі тапсырмаларды орындау қажет:
- қаржылық тәуекелділіктің деңгейін ескере отырып кәсіпорынның табыстылығының қалыптасу максималын қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның табысын бөлу саясатының тиімділігін қалыптастыру;
- қосымша акция эмиссиясы немесе қосымша пай капиталының саясатын қалыптастыру және тиімді жүзеге асыру.
Кәсіпорынды дамытуға бағытталатын кәсіпорынның ішкі меншіктік қаржы ресурстарын құрудың негізі баланстық табыс болып табылады, ол кәсіпорынның қаржылық әрекетінің бірден – бір маңызды нәтижелерін сипаттайды. Ол кәсіпорынның келесідей табыс түрлерінің сомасын көрсетеді:
- өнімді өткізуден түсетін түсім;
- мүлікті өткізуден түсетін түсім.
Басты рөлді операциялық табыс иеленеді, оның үлесіне қазіргі уақытта табыстың жалпы сомасының 90 – 95 % тиесілі. Капитал — кәсіпорындарда баланстық табысты құрудың жалғыз дара көзі болып табылады. Сондықтан кәсіпорын табыстарын құру көбінесе операциялық таабыстарды құру процесі ретінде қарастырылады.
Операциялық табыстың қалыптасуын басқару механизмі осы көрсеткіштердің, яғни кәсіпорынның шығысымен, кірісімен және өнімді өткізу көлемімен тығыз байланыста. Бұл байланыстың жүйесі кәсіпорынның операциялық табыстың қалыптасуы және осы процесті тиімді басқаруға әсер ететін факторлардың рөлін анықтауға ықпал етеді. Кезеңдік шығыстарды басқару процесі тұрақты үнемдеуді қамтамасыз етуге негізделуі қажет. Кезеңдік шығыстарды үнемдеу резервтерінің құрамына келесілер жатады:
- негізгі және қосымша өндіріс жұмысының еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ету есебінен олардың санын азайту;
- тауар нарығында жағымсыз конъюктура орын алған кезде шикізат, материал және дайын өнім қорларының көлемін қысқарту;
- кәсіпорын үшін шикізаттар мен материалдарды жеткізудің тиімді шарттарын қамтамасыз ету .
Қаржы ресурстарын өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс процесінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай – ақ экономикалық қызметтің қаржылық нәтижесінің өсуіне жеткізеді. Еңбек өнімділігі мен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші – қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржы ресурстарын қалыптастыруға, атап айтқанда , олардың негізгі көзі – таза табыстың өсіміне сөзсіз әсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай – ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы мен амортизациялық аударымды) үнемдеудің нәтижесінде артады. Және, керісінше, қор қайтарымының төмендеуі қаржы ресурстарын азайтады.
Екінші фактор – бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесмідері. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін – материал сыйымдылығын төмендету өндірілген ұлттық табысты – қаржы ресурстарының негізгі көзін – арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.
Қаржы ресурстарының өсуіне сонымен қатар жалпы алғанда қоғамдық өндірістің, сондай – ақ өнеркәсіп өндірісінің материалдық – заттай құрылымы да әсер етеді.
Қорытынды
Бұл курстық жұмысымды қорыта келгенде, жалпы қаржы ресурстары – бұл кәсіпорынның өз қарамағындағы ақша қаражаттары болып табылады және олар ағымдағы шығындар мен өндірісті кеңейтуге жұмсалған шығындарды өтеу, қаржыға қатысты міндеттерді және еңбеккерлерді экономикалық жағынан ынталандыру ісін жүзеге асыру мақсатында құрылады. Сонымен қатар қаржы ресурстары: өндірістен тыс саланың обьектілерін дамытуға; тұтыну; жинақтау; арнайы резерв қорларын толықтыруға жұмсалады. Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы кәсіпорынның мекеме болып құрылған, яғни жарғылық капитал жинаған кезіне сай келеді. Қаржы ресурстары негізінен пайданың есебінен қалыптасады, ол сонымен қатар: тозығы жеткен мүліктерді сатудан түскен түсімдер; тұрақты пассивтер, яғни жарғылық, резервтік капиталдар, ұзақ мерзімді капиталдар, кәсіпорынның айналымдағы несиелік қарыздар; әр түрлі мақсатты түсімдер; ұжым мүшелерінің әр түрлі жарналары мен үлестірінен (пай) құрылады. Тағы да қоса кететін жағдай, кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану келесідей бағыттарда жүзеге асырылады: өнімдерді өндіру мен сатуға қатысты ағымдық шығындар; өндірісті ұлғайтуда және оны техникалық жағынан жаңартуда, материалдық емес активтерді пайдалануда инвестицияланған қаражаттарды капиталға қосу; құнды қағаздарға қатысты қаржы ресурстарын инвестициялау; қаржылық, банктік төлемдер, бюджеттен тыс қорларға тиісті жарналар төлеу; әр түрлі ақша қорларын және олардың резервтерін құру, сыйлықтар беру және басқа сол сияқты әлеуметтік сипаттағы төлемдер жасау; қайырымдылық мақсаттағы демеушілік және тағы басқа көмектер беру.
Әрбір кәсіпорын өз ресурстарын көбейту үшін табыс табуы қажет. Яғни сол табысты екі көрсеткіш арқылы талдайды. Ол абсолютті және салыстырмалы көрсеткіш арқылы. Табыстың абсолютті көрсеткіштеріне өнімді өткізуден түскен түсім, жалпы табыс, негізгі қызметтен түскен түсім, негізгі емес қызметтен түскен түсім, салық салынғанға қызметтен түсетін дейінгі түсім, салық салынғыннан кейінгі қызметтен түсетін түсім және жалпы табыс жатады. Ал табыстың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық қызметін жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорынның қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Бұл көрсеткіштерге жалпы активтер және олардың жекелеген элементтері; өнімдер; ақша қаражаттарының ағымы негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштер жатады.
Кәсіпорындарда өздерінің ресурс құрылымын қамтамасыз етуіне де көп көңіл бөлуі қажет. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында ресурстардың сақталу процесі ұдайы өндірісті арттырады. Ол ұлттық табыс серпінінде тұтыну және қолдану арасындағы қатынастар өзгеріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қорлану қорында ресурстарды сақтау есебінен өндірістік қорланудың бөлігі үлкен орын алады. Сондықтан, практикада ресурстарды сақтау қорланудың заңдылықтарын ұдайы өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етуге пайдалану қажет. Сонымен қатар қаржы ресурстарын өсірудің маңызды жақтары да бар. Атап айтқанда, бірінші фактор қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс процесінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай – ақ экономикалық қызметтің қаржылық нәтижесінің өсуіне жеткізеді. Еңбек өнімділігімен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші – қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржы ресурстарын қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі – таза табыстың өсіміне сөзсіз әсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай – ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен амортизациялық аударымдар мен жалақы) үнемдеудің нәтижесінде артады. Және керісінше, қор қайтарымның төмендеуі қаржы ресурстарын азайтады. Екінші маңызды фактор – бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін – материал сыйымдылығын төмендету өндірілген ұлттық табысты – қаржы ресурстардың негізгі көзін – арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады. Сонымен қатар қаржы ресурстарының өсуіне жалпы алғанда қоғамдық өндірістің, сондай – ақ өнеркәсіп өндірісінің материалдық – заттай құрылымы да әсер етеді. Ресурстарды сақтауды экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық сипатының шаралар кешені ретінде пайдаланылған инвестиция, еңбек және басқа да ресурстармен салыстарғанда озық сапалық және сандық өнімнің өсуін аса ұстамдалықпен қарау қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый аналыз: Учебное пособие. – Издат. «ДИС», НГАЭ и У, 2000.
- Басовский М.Е. Управление качеством. Учебник. – М: Инфра – М; 2001.
- Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г., Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау/ Оқу құралы. – Алматы: экономика. 2001
- Джумабаев С.К. Управление человеческими ресурсами. – Алматы: Ғылым, 2000.
- Коволев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М: Центр экономики и маркетинга, 2000.
- Қазақстан – цифраларда: Статистикалық жинақ. – Алматы: 2005.
- Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003.
- Основные средства: Нормативные акты Республики Казакстан. – Алматы: «Lem», 2000.
- Риполь – Сарачоси Ф.Б. Основы финансового и управленческого анализа. – М: «Приор», 2000.
- Сергеев И.В. Экономика предприятия: Учеб. Пособие. М: Финансы и статистика 2000.
- Үмбеталиев А., Керімбек Ғ. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: Оқу құралы. – Алматы: «Бастау», 2002.
- Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. – М: ИНФАРМ, 2000.
- Экономика предприятия: Учебник. Под ред. Н.А Сафронова. М,: Юрист 2000.
- Экономический рост предприятий Республики Казакстан. Под общ. ред. Н.К Мамырова. Алматы: Экономика 2000.
- Экономический анализ. Учебное пособие для вузов. – М; «Финансы и статистика», 2000.
- Экономика предприятия: Учебник. Под ред. Горфинкеля. 3 – е изд. М: Юнити 2000.
- Экономика предприятия / Под ред. В.Я. Хрипача. Минск: Экономпресс. 2000.