Кәсіпорынның табыстылығын арттыру жолдары

0

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………..

  1. Кәсіпорынның табыстарын талдаудың мазмұны мен әдістері…………….

1.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және

оларды талдаудың міндеттері……………………………………………………………………

1.2. Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін талдаудың ақпараттық негізі……

  1. «ҚТЖ ҰК» ЖАҚ ЖЭЖД -ның табыстарын талдау………………………………

2.1. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау………………………….

2.2. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау…………………

  1. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру жолдары……………………………….

3.1. Кәсіпорын табыстылығының қазіргі кездегі мәселелері мен

оларды жетілдіру жолдары………………………………………………………………………..

3.2. Кәсіпорынның табыстылығының моделін болжау және өңдеу………….

Қорытынды……………………………………………………………………………………………….

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………….

Кіріспе

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жүмыс істеу келмеске кетеді.

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.

  1. Кәсіпорынның табыстарын талдаудың мазмұны мен әдістері

1.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды                талдаудың міндеттері

 

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші — бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде ”табыстар” ұғымы келесідей түрде анықталады:

“Табыстар дегеніміз — қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі”.

Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы “ Бухгалтерлік есеп туралы ” заң күші бар ҚР Президентінің 2732  Жарлығында анықталған Жарлықтың 13-бабында былай делінген: “Табыстар — бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы”. Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердіңабсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқзады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналады. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:

  • мемлекеттік бюджет табысының көзі;
  • кәсіпорын мен брлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.

Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжрибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізг шарттар қажет болады:

  1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындырын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
  2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
  3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттырда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
  4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.

 

 

 

1.2. Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін талдаудың ақпараттық негізі

 

Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

1) бухгалтерлік баланс;

2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржьшық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсі-ніктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сег-менттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарасты-рылады.

Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толты-рып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу ушін жылдық табыс ҚР заңымен көрсе-тілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;

2) қаржылық жыл  бойы  қызметкерлердің  орташа саны 50-ден аспайды;

3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

Қазіргі  кезде  бізде  қолданылып  журген  отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары  бухгалтерлік  есепті  халықаралық тәжірибеге    бейімдей   отырып   реформалау    процесі белсенді  жүргізілді,  ол  біріншіден,   негізін  құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономи-калық жүйенің қальштасуымен, екіншіден, біздің елі-міздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.

Қаржылық есептің мақсаты — бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, -бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пай-далы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын ушін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешім-дерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыс-тарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға эконо-микалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдалану-шылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалау-ды, сондай-ақ оларды айналдыру уакытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушы-ларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағ-дайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі бол-ған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылар-дың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептер-дің ақпараттық базасына айналды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс — есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардын сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кэсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстыр-малы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмүны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жүмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағыгын анықгайды^ Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жүмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпо-рынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс —қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің қүрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиім-ділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгал-терлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады

 

  1. «ҚТЖ ҰК» ЖАҚ ЖЭЖД -ның табыстарын талдау

2.1. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау

 

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады.  Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есетің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы себебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.

Кәсіпорын табыстылығының абсолютті көрсеткіштерін есептеу үшін келесі кестені талдауға болады.

Кесте мәліметтеріне сәйкес «ҚТЖ ҰК» ЖАҚ филиалы Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы 2005 жылы өнімді сатудан түскен табыстың +298650 мың теңгеге көбейгені байқалады.  Нәтижесінде өндірістік өзіндік құны өткен жылмен салыстырғанда +72325 мың тг. (235098 — 162773) көбейді.

«ҚТЖ ҰК» ЖАҚ филиалы Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы 2005 жылы жалпы табыс 520332 мың тг. құрады,  бұл өткен жылмен салыстырғанда 226325 мың тг көп, нәтижесінде негізгі қызметтен түскен табыстың көлемі жоғарылады. 2005 жылы берілген кәсіпорында негізгі

 

Кесте 1.

«ҚТЖ ҰК» ЖАҚ филиалы Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы 2004-2005 жылдардағы табыстылығының абсолютті көрсеткіштерін бағалау

 

 

Көрсеткіштер

 

Өл.

бірл.

Нақты Абсол.

ауытқу +;-

    2004 ж.   2005 ж.
1 2 3 4 5 6
1 Өнімді сатудан түскен табыс мың тг. 456780 755430 +298650
2 Өндірілген өнімнің өзіндік құны мың тг. 162773 235098 +72325
3 Жалпы табыс мың тг. 294007 520332 +226325
4 Мерзімдік шығындар мың тг. 38887 40103 +1216
5 Негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) мың тг. 255120 480229 +225109
6 Негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) мың тг. 2166 3850 +1684
7 Таза табыс (зиян) мың тг. 257286 484079 +226793

қызметтен түскен қаржы нәтижесі 225109 мың тг. пайдаға шықты. Мерзім шығындары 2005 жылы өткен жылмен салыстырғанда 1216 мың тг көбейген.

Осыған және негізгі емес қызметтен түскен табыстың жоғарылауы есебінен кәсіпорындағы таза табыс 2005 жылы 226793 мың теңгеге көбейіп, 484079 мың геңгені құрады. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өткен жылмен салыстырғанда табыстарының жоғарылап, өсіп отырғанын көрсетеді.

Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.

Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасыныңмөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшлардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысуың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкте талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.

Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:

  • біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
  • екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
  • үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші — жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді ткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың сімі мүмкін емес.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикамық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы-материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету.

Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәспорындар үшін өте маңызды.

Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.

Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құндеңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.

Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл тбыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді.

Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі жәнеұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес.

Кесте 2.

Тауар шығару бойынша жоспардың орындалуы

 

Өлшем бірлігі 2005 жыл 2004 жыл ауытқу (+,-) Орындалу пайызы
жоспар нақты ауытқу

(+,-)

орындалу пайызы
Қызмет көрсету көлемі, барлығы мың тг 264100 298006 +33906 112,8 395751 -97745 75,3
Оның ішінде
Тауар өнімі мың тг 48000 66541 +18541 138,6 52527 +14014 126,7
Электрмен жабдықтау мың тг 21050 32144 +11094 152,7 31991 +153 100,5
Құрылыс және жөндеу жұмыстары мың тг 195050 195966 +916 100,5 307839 -111873 63,7
Басқа да қызмет түрлері мың тг 3355 +3355 3394 -39 98,9

Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігінің инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.

2005 жылы жалпы тауар щығару көлемі 298006 мың теңгені құрады, жоспар 264100 мың теңге болған немесе 112,8 пайызға артық орындалды. Тауар өнімін өндіру, қызмет көрсету жоспарға қарағанда 33906 мың теңгеге артық орындалса, өткен жылмен салыстырғанда  97745 мың теңгеге кем орындалды, бұл құрылыс-жөнгдеу жұмыстарының азаюына байланысты. Сала бойынша талдағанда тауар өнімін шығару бойынша жоспар 138,6 пайызға, құрылыс бойынша 100 пайызға, ауыл шаруашылығы бойынша 152,7 пайызға артық орындалды.

Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетнің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.

Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.

  1. Өнімнің өнірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:

П s = ∑ QiH * SiH — ∑ QiH  SiЖ

QіН — өткізілген өнімнің нақты көлемі;

SіН — өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;

SіЖ — өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.

Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.

Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды.         2.  Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсерікелесі формула бойынша есептеледі:

Пц = å QіН * РіН — å QіН  РіЖ .

Мұндағы:       РіН және РіЖ — өнім білігінің сәйкесінше нақты және               жоспарлы бағасы.

Басқаша айтқанда, бұл фактор әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.          3.  Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек.

 

Кесте 3.

2005 жылы пайданы пайдалану

 

Пайдалану мақсаттары Сомасы,

мың тг

Резервтік капиталға аударымдар, 5 % 105100
Республикалық бюджетке аударымдар, 15 % 315300
Ремэнерго ЖШС пешін жөндеуге 1288072
Дебиторлық қарыздарды есептен шығаруға 16325
Ардагерлерге сыйақы 11000
Жеңіс күніне ардагерлерге 50000
Барлығы 1785797

 

Кестеде берілгендей, «ҚТЖ ҰК» ЖАҚ ЖЭЖД-да 2005 жылы 1785797 мың теңгенің пайдасын пайдалану былай жүзеге асырылды: резервтік капиталға аударымға, республикалық бюджетке аударылды, дебиторлық қарыздарды жабуға т.б.

Жалпы табысқа тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің әсері келесі есеп арқылы анықталады:

SH

  1. NЖС =           Š100.

SЖ

Мұндағы:      NЖС — өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көле                             мі жоспарының орындалу деңгейі; SН, SЖ — өткізілген өнімнің сәйкесінше нақты және жоспарлы өндірістік өзіндік құны.

ПЖ ŠNЖС

  1. ПП = .

100

Мұндағы :    ПП-тауарлы өнімді өткізу көлемінің табысқа тигізетін                                   әсері; ПЖ — жоспарлы жалпы табыс. Талдау жұмысының теориясы мен тәжрибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:

  • “өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша” есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы; 2) “өткізу көлемінің өзгеруі” факторының әсер ету соммасын “өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша„ есептелінген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық тәсілі). Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. “ Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша ” есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.

Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құрылым жағдайында алынған табыспен салыстыру арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.

Жалпы табыстың өндірістік өзіндік құнының өсуі нәтижесінде азаюын – кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнім сұрыпталымы мен өндірілетін және өткізілетін өнімдердің құрамында болатын құрылымдық өзгерістерін талдауға басты назар аудару қажет. Егер әрине нарықта оларға деген сұраныс болса, кәсіпорынға өнімнің жоғары рентабельді түрлерін өндіру мен сату тиімді болады. 2001 жылмен салыстырғандағы жалпы табыстың өзгеру себептерін анықтау кезінде, В.А. Маличет ұсынған талдау әдістемесін қолдануға болады. Нарықтық экономика жағдайында, тауарларға деген бағалар еркін болған кезде және де олардың деңгейі нарық жағдайымен анықталатын кезде осы бағалардың өзгерісі туралы ақпараттар алу қажеттігі пайда болады. Кәсіпорын өнім есебін екі түрлі бағамен, яғни нарықтағы қазіргі және өткен жылдағы бағалар бойынша жүргізбейді. Осының бәрі экономиканы басқару және бақылау мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық қана емес, сонымен қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, жарты жылдағы индекстері туралы мәлметтердің болу қажеттілігін тудырады. Мұндай мәліметтер ең алдымен кәсіпкерлерге, салық инспекцияларына және әр түрлі деңгейлердегі экономиканы басқару органдарына қажет болып табылады.

Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі өзгерістер жатады: өткізілгін өнімдердің бағасының өзгеруі; өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі; өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындрының өзгерісі.

Кестеде берілгендей, өнім шығару көлемі 112,8 % артық орындалды, ал сатудан түскен табыс 110,9 % артық орындалды. Қоймадағы дайын өнім қалдығы 7069 мың теңгені құрады.

Кесте 4.

Өнім өткізу көлемінің орындалуы

 

Есеп беру кезеңіне жоспар нақты Жоспардан ауытқу өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны, %
2005 2004 сомасы % жоспар Нақты
Тауар шығару көлемі  

264100

 

298006

 

395751

 

+33906

 

112,8

 

134651

 

-97745

Тауар сату көлемі  

264100

 

292916

 

395644

 

+28816

 

110,9

 

131544

 

-102728

 

       Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші — негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

ДН = ДЖ — РК  .

Мұндағы:      ДН — негізгі қызметтен алынған табыс;

ДЖ — жалпы табыс;

РК — кезең шығындары.

Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындарды қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады.

Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет.

Өндірістік өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтері коммерциялық құпия болып саналатндықтан және де сыртқы пайдаланушылар шығындары тұрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы табыс көлемін маржиналды табыс көлемімен теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.

Келесі тақырыпта біз, бұл көрсеткштің мәнін оның нарықтық экономикадағы ролін қарастырамыз және маржиналды (жалпы) табысты прогрессивті әдіс арқылы талдай отырып, негізгі қызметтен алынатын табыстың өзгеруіне әр түрлі факторлардың тигізетін әсерін анықтаймыз.

 

 

2.2. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау

 

 

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді: жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекеленген элементтері; ә)   өнімдер; б)  ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кәсіпорын мәліметтері бойынша жалпы активтердің табыстылық деңгейі 15,4 пайыздан 30,0 пайызға дейін көбейді, бұл кәсіпорынның активтері кәсіпорынның табыстылық деңгейіне көп үлес қосып отырғанын білдіреді .

Кесте 5.

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі

 

Көрсеткіштер

 

Өлшем

бірлігі

Нақты Абсол.

ауытқу  +;-

2004 ж. 2005 ж.
1 Жалпы табыс мың тг. 294007 520332 +226325
2 Жалпы активтер мың тг. 1907165 1733808 -173357
3 Жалпы активтердің табыстылық деңгейі  

%

15,4 30,0 +14,6

 

Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі — берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі — табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді.Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:

  • басқару тиімділігінің  көрсеткіштері;
  • кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті

табысты

жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;

  • табысты болжау әдісі;
  • шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталынған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасын индикаторыболып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді  несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

Кесте  6.

Сатылған өнімнің табыстылық коэффициентін талдау

 

 

Көрсеткіштер

 

Өлшем

бірлігі

Нақты Абсол.

ауытқу  +;-

2004 ж. 2005 ж.
1 2 3 4 5 6
1 Жалпы табыс мың тг. 294007 520332 +226325
2 Өнімді сатудан түскен табыс мың тг. 456780 755430 +298650
3. Жалпы активтердің орташа жылдық құны мың тг. 1907165 1733808 -173357
4. Жалпы активтердің табыстылық деңгейі % 15,4 30,0 +14,6
5. Сатылған өнімнің табыстылық коэффициенті Коэф 0,64 0,69 +0,005

 

және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдерқабылдауда негіз болып табылады.

Кестеде берілгендей, сатылған өнімнің табыстылық коэффициенті 2005 жылы +0,005 коэффициентке көбейді.

Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторлардың сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Алайда  айта кеткен жөн, факторлар әсерін бұл әдістеме бойынша өлшеу біршама қате, себебі оны есептеудің математикалық формуласы дұрыс және ешқандай күдіксіз болғанына қарамастан, ол көрсеткіштің экономикалық мазмұнына жауап бермейді. Таза табыс бойынша барлық активтердің табыстылық деңгейі — (қаражатты тарту көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен (1 теңге) табыстың қанша ақшалай бірлігі алынғанын көрсетеді. Осыған қарағанда, неғұрлым кәсіпорын кеңейген сайын және оның өндірістік потенциялы өскенсайын, соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне тәуелді болуы тиіс. Осы түсініктерді қарастыра келе, біз екінші көзқарас әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз. Және оның 2000 жылдардағы арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес. Таза табысты қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштердің бірі болып саналатын өнімді өткізуден алынған табыс маңызды роль атқарады. Сондықтан да екінші көзқарасты қолдаушы мамандар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардың әсерінен болады деп есептейді:

  • кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің                                                                   бірі — өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
  • жалпы активтердің айналымдылығы.

Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрдеберілуі мүмкін: Жалпы активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген (сату) өнімнің табыстылығы активтер айналымдылығы.

Формула жалпы активтердің табыстылық деңгейін жоғарылату жолдарын көрсетеді: сату табыстылығы төмен болғанда капитал мен оның элементтерінің айналымын жылдамдатуға ұмытылу керек және керісінше, сол немесе басқа себептермен анықталатын кәсіпорыннның төмен іскерлік белсенділігі, өнім өндіру шығындарын азайту немесе өнім бағасын өсіру, яғни сату табыстылығын өсіру негізінде теңестірілуі (орны толтырылуы) мүмкін.

Кесте 7.

Меншікті капиталдың табыстылық деңгейіне баға беру

 

 

 

Көрсеткіштер

           Нақты Абсол. ауытқу

(+,-)

2004 ж. 2005 ж.
1. Жалпы табыс, мың тг. 294007 520332 +226325
2. Меншікті капитал мың тг. 548551 1105136 +556585
3. Меншікті капиталдың табыстылығы, % 53,6 47,1 -6,5

 

Осы көрсеткішті және кестеде келтірілген 2001 және 2002 жылғы активтер табыстылығы деңгейінің көрсеткішін (авансталған капитал) пайдалана отырып, бірінші қатарлы факторлардың ықпадл ету деңгейін есептейміз.

Біздің мысалымызда ол келесі мәліметтермен сипатталады:

  • өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өзгерісі:
  • жалпы активтердің айналымдылық коэффициентінің өзгерісі:

Сонымен қатар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің артуына өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өсуі оң әсерін тигізіп отыр, ал активтердің айналымдылығының бәсеңдеуі, оның жылдам төмендеуіне әкеліп соқтырды.

Кәсіпорынның инвестицияланған капиталына табыстылық мөлшерлемесі, таза табыстың (салық төленгенен кейін) активтердің жалпы массасына қатынасы ретінде анықталады:

Дч (1-СН)

Да=

А

Кесте 8.

Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер ететін көрсеткіштер

 

 

Көрсеткіштер

 

Өлшем

бірлігі

       Нақты Ауытқу

(+,-)

2004 ж. 2005 ж.
1. Жалпы табыс мың тг. 294007 520332 +226325
2. Өнімді сатудан түскен табыс мың тг 456780 755430 +298650
3. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны мың тг 1899380 1705580 -193800
4. Материалдық айналым қаржыларының орташа жылдық қалдықтары мың тг
5. Өндірістік қорлардың орташа жылдық құны мың тг 6263 24341 +18078
6. Өнімнің қор сыйымдылық

коэффициенті

Коэф 0,014 0,032 +0,018
7. Сатылған өнімнің 1 теңгесіне келетін табыс – сатылған өнімнің табыстылық  коэффи-циенті Коэф 0,64 0,69 +0,05
8. Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі % 4694,3 2137,7 -2556,6

 

Мұнда: Да — активтердің табыстылығы (инвестицияланған капитал);

Дч —  таза табыс; СН —  салық мөлшерлемесі; А —  активтер; 1-СН— салық мөлшерлемесінің компанияға әсері.

 

  1. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру жолдары

3.1. Кәсіпорын табыстылығының қазіргі кездегі мәселелері мен

оларды жетілдіру жолдары

 

Кәсіпорынның қаржылық дағдарыс жағдайынан шығуының нақты жолдары оның тұрақсыздық себептеріне байланысты. Сондықтан көптеген кәсіпорындар тиімсіз мемлекеттік саясаттың әсерінен күйрейді. Кәсіпорынның қаржылық сауықтыру жолдарының бірі қаржы жағдайы нашар шаруашылық субъектілердің мемлекеттік қолдау қажеттігі болып табылады. Бірақ мемлекеттік бюджеттің тапшылығы себебінен мұндай көмекті барлық кәсіпорындар  ала алмайды. Акционерлік кәсіпорынның меншіктік айналым капиталы тапшылығын қысқарту мақсатында оны жаңа акциялар мен облигациялар шығару және орналастыру есебінен толықтыруына болады. Бірақ жаңа акцияларды шығару оның бағамының құлдырауына соқтыруы мүмкін және бұл банкроттықтың тағы бір себебі болуы мүмкін. Сондықтан батыс елдерінде көп жағдайда белгіленген проценттік кірістерімен конвертацияланатын облигациялар шығаруға тырысады және оны кәсіпорынның акцияларына ауыстыру мүмкіндігімен.

Банкрот деп танылған кәсіпорындарға бірқатар санкциялар қолданылады:

—  өндірістік қаржы қызметін қайта ұйымдастыру;

  • мүліктерін сатып, жою;
  • кредиторлар мен кәсіпорын меншік иелері арасында келісім;

Қайта ұйымдастыру процедуралары төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жолымен белгілі бір ұйымдастыру техникалық шаралар жүргізуді қарастырады.

Талдаудың нәтижелері бойынша бағдарлама жасалуы қажет және банкроттыққа жібермеу және оны «қауіпті аймақтан» шығарудың ішкі және сыртқы резервтерін кешенді пайдалану мақсатымен кәсіпорынды қаржылық сауықтыру бизнес-жоспары жасалады.

Акционерлік кәсіпорындардың банкроттығын болдырмаудың жолдарының бірі акциялар бойынша дивиденттерді төлеуді қысқарту немесе толық бас тарту, акционерлерді қаржылық сауықтыру нақты бағдарламасымен және болашақта жоғары дивиденттер төлеуге сендіру шартымен.

Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың маңызды көзі факторинг болып табылады, яғни дебиторлық қарыздарды талап ету құқықтарын банкке немесе факторингтік компанияға беру, немесе келісім-шарт  — цессия. Бұл бойынша кәсіпорын өзінің талаптарын несиені қайтаруды қамтамасыз ету ретінде дебиторларын банкке беру.

Кәсіпорынның материалды-техникалық базасын жаңартудың тиімді әдістерінің бірі лизинг болып табылады. Бұл бойынша жалға алынған мүліктің төлемін толық бір мезгілде талап етпейді және инвестициялаудың бір түрі ретінде қызмет етеді. Лизингтік операциялар бойынша жеделдетілген амортизацияны қолдану жабдықтарды оперативті жаңартуға мүмкіндік береді және өндірісті техникалық қайта жарақтауды жүргізеді.

Несиелерді кәсіпорынға жоғары табыстар алып келетін пайдалы жобаларға тарту тағы да бір  кәсіпорынды қаржылық сауықтыру резервтеріне жатады. Осыған өндірісті диверсификациялау шаруашылық қызметтің негізгі бағыттары бойынша мәжбүрлік жоғалтулар бір бағыттағы басқа бағыттың пайдасымен жабылады.

Меншіктің капиталдың тапшылығын құрылыс мерзімін қысқарту, өндірістік коммерциялық циклды, қорларды жоғары нормативтік қалдығын, аяқталмаған өндірісті және т.б. қысқарту жолымен оның айналымдылығын жеделдету есебінен азайтуға болады.

Тұрғын үй, әлеуметтік, мәдениет, тұрмыс объектілерін ұстау шығындарын оларды жергілікті меншікке беру жолымен қысқарту негізгі қызметке капиталдың келуіне көмектеседі.

Негізгі өндіріс шығындарын қысқарту және тиімділігін жоғарылату мақсатында кейбір жағдайларда негізгі өндіріске қызмет көрсететін қызмет түрлерінің бірқатарынан бас тарту дұрыс және маманданған ұйымдардың қызметін пайдаланған орынды.

Егер кәсіпорын пайда алып, бірақ төлем қабілетсіз болса пайданы пайдалануды талдау қажет.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсарту резервтерін анықтау кезінде өтім нарықтарын, сұраныс пен ұсынысты зерттеу бойынша маркетингтік талдау жасау және осының негізінде өнім өндірісінің тиімді ассортименті мен өндіріс құрылымын жасау үлкен көмек көрсетуі мүмкін.

Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі және неғұрлым тиімді бағыттарының бірі өндірістің пайдалылығын ұлғайту бойынша және шығынсыз жұмысқа жету үшін ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Ол үшін кәсіпорынның өндірістік қуатын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсекелестік қабілетін жоғарылату, оның өзіндік құнын төмендету, материалдық, еңбек, және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік емес шығындарды қысқарту қажет.

Әр кәсіпорында жоғалтулардың барлық түрін жүйелі түрде анықтау үшін шығындарды немесе жоғалтуларды белгілі бір топтарға біріктіріп арнайы реестр жасау қажет:

А) брактан (жарамсыз өнім);

Б) өнім бермейтін өндіріс бойынша;

В) өнім сапасының төмендеуінен;

Г) сұраныс болмайтын өнімнен;

Д) пайдалы тапсырыс берушілер, пайдалы өтім нарықтарынан айырылып қалудан;

Е) кәсіпорынның өндірістік қуатын толық пайдалана алмағандықтан;

Ж) өнімнің бір бірлігіне белгіленген нормадан артық ресурстардың шығындалуы;

З) материалдар мен дайын өнімнің бұзылуы мен жетіспеушілігі;

И) толық тозбаған негізгі құралдарды істен шығарудан;

К) келісім-шарт тәртібін бұзғаны үшін айып санкцияларын төлеуден;

Л) мерзімі өткен дебиторлық қарыздардан;

М) Тиімсіз қаржыландыру көздерін тартудан;

Н) табиғат апаттарынан т.б.

Осы жоғарыдағы шығындар мен жоғалтулардың динамикасын талдау және оларды жою бойынша іс-шаралар өңдеу шаруашылық субъектінің қаржы жағдайын жақсартады.

 

  • Кәсіпорынның табыстылығының моделін болжау және өңдеу

 

Кәсіпорынның қаржы жағдайының болжамдық моделін  жасау кәсіпорынды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша бас қаржылық стратегия жасау үшін, оның болашақтағы мүмкіндіктерін бағалау үшін қажет. Ол кәсіпорынның шынайы қаржылық мүмкіндіктерін, ішкі және сыртқы факторларды зерттеу негізінде жасалуы қажет және негізгі, айналым қорларын, меншікті және қарыздық капиталды, пайданы бөлістіру, инвестициялық және баға саясатын  тиімділеу сияқты мәселелерді қамтиды. Бұл жерде негізгі назар ақша табыстарын өсірудің ішкі резервтерін анықтау және мобилизациялау, өнім және қызмет көрсетудің өзіндік құнын ең жоғары деңгейде төмендету, пайданы бөлістірудің дұрыс саясатын таңдап алу, кәсіпорын капиталын оның барлық айналымында тиімді пайдалануға аударылады.

Шаруашылық субъектінің қаржылық тұрақтылығын болжаудың негізгі 4 әдісін бөлім көрсетуге болады: экстрополяция, айналым мерзімі әдісі, бюджеттеу әдісі, алдын-ала (болжау) баланс әдісі.

Бірінші әдісті пайдалану кезінде жай коэффициент (таза айналым капиталының сату көлеміне қатынасы) немесе байланыс теңдеуінің көмегімен бейнеленуі мүмкін айналым капиталы мен сату көлемі арасындағы тікелей байланыс мүмкіндігі есепке алынады:

Y=a+bx,

Бұл жерде, a – таза айналым капиталының тұрақты шамасы;

b- айналым капиталының  сату көлеміне тәуелділік деңгейін бейнелейтін регрессия коэффициенті;

Бұл коэффициенттің мәнін және болжамдық сату көлемін білу арқылы таза айналым капиталына қажеттілікті анықтауға болады.

Таза айналым капиталын анықтаудың екінші әдісі өндірістік-коммерциялық циклдың ұзақтығын зерттеуге негізделген: қорлардың айналымдылық кезеңі + дебиторлық қарыздардың айналымдылық кезеңі – сату бойынша бір күндік айналымға көбейтілген кредиторлық қарыздардың айналымдылық кезеңі.

Мысалы, жоспарланған өнім сату көлемі – 150 млн. тг, қорларды қоймада сақтау мерзімі – 80 күн, жабдықтаушылардың несие мерзімі – 30 күн, дебиторлық қарыздарды өтеу мерзімі – 35 күн. Қорытындысында меншікті айналым капиталына қажеттілік: (80+35-30) х 150/360 = 35,4 млн. тг.

Бірақ бұл әдістің де кемшілігі бар. Өйткені айналымдылық мерзімі нормативтік болып табылмайды, ол әр түрлі факторлардың әсерінен өзгереді, сондықтан болжауды және дәлдікті қажет етеді.

 

Қорытынды

 

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші — бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде ”табыстар” ұғымы келесідей түрде анықталады:

“Табыстар дегеніміз — қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі”.

Өнімнің табыстылығы неғұрлым жоғары болса (негізгі қорлардың қор қайтарымдылығы мен негізгі құралдардың айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындармен экомомикалық элементтері бойынша (еңбек құралдары, еңбек материалдары) үлестік шығындары неғұрлым төмен болса ), өндірістік құралдардың табыстылық деңгейіде соғұрлым жоғары болады. Жекеленген факторлардың өндірістік қорлардың табыстылық деңгейіне тигізетін ықпалының сандық бағасы тізбектеп ауыстыру әдісі бойынша анықталады.

Тәжірибеде қаржылық салымдардың табыстылығы деп аталатын көрсеткіш те қолданылады, ол бірлескен кәсіпорындарда үлестік қатысудан және құндықағаздар бойынша алынатын табыстардың, қаржылық салымдардың

Қаржы салымдарының табыстылық деңгейі кәсіпорынның инвестициялық қызметті қаншалықты тиімді жүргізетінін көрсетеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Артеменко В.Г., Беленндир М. В. Финансовый анализ: Учебное пособие – М: Издательство «Дис», 2002 –128 с.
  2. Алборов Р. А. Аудит в организациях промышленности, торговли и АПК. –2 – е изд., перераб. и доп. – М: Издательство «Дело и сервис», 2000 – 432с.
  3. Баканов М. И, Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности.2 – е изд. М.: Финансы и статистика, 2004 – 320 с.
  4. Балабанов И. Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. Пособие. – М.: Финансы и статистика, 2003 –112 с.
  5. Барнгольц С. Б.,Белобжецкий И. А. Экономический анализ хозяйственной деятельности предприятий и объединений. Учебное пособие –М.: 2004 –320с.
  6. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2000 – 293 с.
  7. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие / К.Ш Дюсембаев.,С.К. Егембердива, З.К. Дюсембаева. – Алматы: «Каржы – Каражат», 2005 –512 с.
  8. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами (Теория и методология). Алматы: Экономика, 2000 – 293 с.
  9. Демченко В. С., Милета В. И. Системный анализ деятельности предприятия М.: Финансы и статистика, 2000 – 400 с.
  • Ермолович Л. П.,Ермолович В. В. «Анализ эффективности промышленных предприятий и объединений »(справочное пособие) – Минск: Высшая школа, 2004 – 496 с.
  • Ковалев А. И., Привалов В. П. Анализ финансового состояния предприятия.М.: Центр экономики и маркетинга, 2003 – 380 с..