Ермахан Ибраимов: Мені медальдан ешкім айыра алмайды. Олимпиада чемпионы болмай қалмаймын

0

Спортшы Ермахан Ибраимов өз әрекеті үшін халықтан кешірім сұрай отырып «Медалінен айыру керек» дегендерге жауап берді.

«Мен оны дұрыс емес деп санаймын. Және мені одан (медальден – ред.) ешкім айыра алмайды. Ол адам солай айтты екен деп мен Олимпиада чемпионы болмай қалмаймын. Я болмаса тағы бір дүние астаң-кестең болмайды. Менің абыройым одан түсіп қалмайды», — деді боксшы.

Әрі қарай Ермахан Ибраимов көпшілік арасында беделді екенін айтты. Бұған өзіне тұсау кестіріп, шапан кигізетіндер дәлел.

«Кешірім сұраймын, әрине. Миллиондаған адам, спортсүйер қауым балаларының тұсауын кестіреді, аузына түкіртеді, мен сияқты болсын дейді. Миллиондаған адам», — деп жалғады сөзін депутат.

Еске сала кетсек, ол осы уақытқа дейін 10 қаңтар күні шерушілердің плакатын жыртқаны үшін кешірім сұрады.