40 кг салмақ тастаған әйел арықтауының құпиясын ашты
Үндістан елінің тұрғыны 5 ай ішінде 40 килограмға арықтап, Times of India газетіне берген сұхбатында табысының басты құпиясын ашты.
32 жастағы Саан Шеттидің айтуынша, дәрігерлер холестирин мен қандағы қант мөлшерінің шектен тыс көптігін анықтаған кезде қатты таңғалған.
«Дәрігер маған «Не арықтайсың, не әртүрлі жаман ауруға шалдығасың» деді. Сол кезде артық салмақтан арылғаным дұрыс деп шештім», — дейді салмағы 125 кг болған әйел.
Әйелдің сөзінше, арықтаудың құпиясы қандай тамақ ішетінімізде емес, қалай бөліп ішетінімізге тікелей байланысты.
«Арықтап, денсаулықты жақсарту үшін өлшеп тамақтанған жөн. Аз уақыт ішінде арықтауымның басты себебі — порциялардың мөлшерінде болып отыр», — деді ол.
Сондай-ақ, Шетти асты жақсылап шайнайтынын жеткізді. Тіпті, аузына әр салған тамақты 32 реттен шайнайды екен.
Әйел, сондай-ақ, қант, ұн тағамдары және еттен бас тартқанын бөлісті. Бұдан өзге йогамен айналысуды, күнделікті кемінде 1,5 сағат тоқтамай жүруді қолға алған екен.