Тойға келген нағашыларым зорлады: трансгендерге айналған шымкенттік жігіт 15 жасындағы оқиғаны айтып берді (видео)

0

«Менің бұл жолға түсуіме туыстарым себепші болды» дейді Айя есімді трансген.

“Менің түбегейлі қыз болып өзгеруіме туыстарым себепші. 15 жасымда, яғни студент кезімде нағашыларым тойға келді, Шымкентке. Тойдан соң мен тұратын пәтерге келді. Ішіп алған. Содан мені түнде жыныстық қатынасқа итермеледі. Сол күннен бастап менің ойым, психологиям өзгере бастады. Көшеде ұлдарды көрсем, қарап, қызығып, мән беретін болдым. Маған ұнайтын болып кетті ұлдар. Оған дейін менде ондай сезім болған емес. Жаңағы оқиғадан соң осылай болып қалдым”, – дейді психологиясы бұзылған ол.

Бүгінде оны зорлаған нағашылары әлі күнге дейін қорқытатын көрінеді. Ал басқа туыстарынан көмек сұрағысы келгенмен, олар да баланың айтқанына сенбей, жала жауып тұр деп, өзін кінәлі етіп шығаратындай болған.

“Мен психологиям өзгеріп кеткендігін өзім сездім. Мысалы менде қазір түк өспейді, дауысым өзінен өзі жіңішкеленіп кетті. Көкірек өсіретін гармондық дәрілер іштім. Бірақ жыныс ауыстырған жоқпын. Өйткені оған біраз қаражат керек. Алдағы уақытта ауыстыратын жоспарым бар”, – дейді ол бейбақ.

Айя қоғамда өзі сияқтылар көп болмаса да бар екенін, алайда соларға еліктеп транссексуалка болмағанын айтып, ағынан жарылды.

“Қоғам бірте-бірте бізді қабылдап келе жатыр. Сіздер қоғамды бізбен бірге бөлісуге мәжбүрсіздер. Бізді қуып жібере алмайсыздар немесе өлтіріп тастай алмайсыздар. Себебі біз де қоғамның бір бөлшегіміз”, – деп түйіндеді ол сөзін.