Ер адам әкесінің жыныс мүшесін, ерні мен мұрнын кесіп тастады

0
1982

Украиналық әкесінің жыныс мүшесін, ернін, мұрнын кесіп тастап, полициямен атысты.

Николай облысының тұрғыны әкесімен сөзге келіп қалған. 36 жастағы ер адам әкесін тынышталдыру үшін қолын кісендеп, соққыға жықты. Артынша оның жыныс мүшесін, мұрны мен ернін кесіп тастаған.

Ұлттық полиция мәліметінше, осыдан кейін құқық қорғау органдарымен атыс ұйымдастырған.

«Жұдырықпен ұрдым, алайда бұл оған көмектеспеді. Мұрны мен ернін кесуге тура келді», — дейді 36 жастағы Николай облысының тұрғыны.

Әкесін алып кеткен дәрігерлер полиция шақырған. Алайда украиналық атыс ашып, үш қызметкерді жарақаттады. Сондай-ақ, полиция оның үй ішіне түрлі қақпан құрып қойғанын айтты. Үйдің ішінен түрлі қару-жарақ табылған екен.

Қылмыскер есірткі шегетінін мойындады. Енді ол өмір бойына сотталуы мүмкін.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету