70 жыл некеде болған ерлі-зайыпты бір күнде бақилық болды

0

АҚШ-та 70 жыл некеде болған ерлі-зайыпты бір күнде коронавирустан қайтыс болған деп хабарлайды Nur.kz сайты.

2020 жылы желтоқсан айының соңында Огайо штатының тұрғындары 89 жастағы Дик Мик пен оның 87 жастағы әйелі Ширли шаңырақ көтерген күндерін атап өткен.

Олардың некесіне 70 жыл толған екен. Алайда жұбайар 8 қаңтарда коронавирус диагнозымен Риверсайд қаласындағы ауруханаға түскен. Ерлі-зайыптының жағдайы нашарлап, оларды аман алып қалу мүмкіндігі өте төмен болған. Сол себепті дәрігерлер туыстарынан қарияларды оңаша қалдыруларын өтінген.

Жұбайлар 16 қаңтарда бір-бірінің қолынан ұстаған күйі небәрі бірнеше минут айырмашылықпен қайтыс болыпты. Олардың артында 5 баласы, 13 немересі мен 23 шөбересі қалған. Джонс Хопкинс атындағы университеттің ақпаратынша, АҚШ-та пандемия басталғлы бері 24,2 миллион адам коронавирус жұқтырған. 401 мыңнан аса америкалық коронавирустың құрбаны болған.