АҚШ тұрғындарының 50%: «Трамп ең нашар президент»

0

Америкалықтардың жартысына жуығы Дональд Трампты АҚШ тарихындағы ең нашар президенттердің бірі ретінде еске алады.

Мұндай мәліметтер NIST радиостанциясы Marist социологиялық фирмасының көмегімен жүргізген сауалнаманы көрсетті. Трамп ең нашар президенттердің бірі деген пікірді респонденттердің 47 %-ы қолдады.

Сонымен бірге, респонденттердің 16 %-ы Трампты АҚШ тарихындағы ең жақсы президенттердің бірі ретінде еске алады, 11 %-ы Трампты «орташадан жақсы» және «салыстырмалы түрде орташа», ал 13% -ы «орташадан нашар» деп санайды. Респонденттердің тағы 2 %-ы тиісті жауапты таңдай алмады. Жалпы алғанда, Трамптың мақұлдау деңгейі 38 % болды, бұл оның бүкіл президенттік кезеңіндегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

Керімсал Жұбатқанов