Жасөспірім анасын әкесінен қорғаймын деп қылмыскер атанды
Бурятияда 14 жастағы жасөспірім анасын қорғаймын деп 58 жастағы өгей әкесін пышақтап тастады, деп хабарлайды «Газета.Ru».
Ер адам әйел және оның үш баласымен азаматтық некеде тұрып жатқан. Оқиға күні ол спирттік ішімдіктер ішкен. Әйел қалған спирттік ішімдікті тығып, басқа бөлмеге баласын емізуге кетеді.
Араға біраз уақыт салып ер адам әйел отырған бөлмеге есікті бұзып кіріп, оны аямай соққыға жықты.
Сол жерде анасының көрген қорлығына шыдамаған 14 жасар бала жанындағы пышаққа жүгіреді.
«Анасын құтқару үшін асүйде тұрған пышаққа жүгірген. Кейін өгей әкесін арқа тұсынан ұрған», — деді тергеу комитетіндегілер.
Нәтижесінде ер адам оқиға орнында көз жұмды. Жасөспірім көршісіне көмек сұрап жүгірген. Ол өз кезегінде полиция мен жедел жәрдем шақырған.
Жасөспірімге қатысты «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол қамауға алынбады, үйінде.