«100% кепілдік беремін». Pfizer вакцинасын салған дәрігер көз жұмды
Америкада дәрігер Pfizer вакцинасын салдырған соң, араға екі апта салып көз жұмды. Оның әйелі ер адамның дені сап-сау болғанын айтады. Алайда вакцина салған соң, аутоиммундық ауруға шалдыққаны белгілі болған. Осының салдарынан жүрек талмасына ұшырап, көз жұмған.
Хайди Некельманн 56 жастағы күйеуіне вакцинаның 18 желтоқсан күні салынып, 3 қаңтар күні көз жұмғанын айтады. Ер адам ағзаның өз тромбоциттерін жоя отырып қан айналымы жұмысын бұзатын сирек кездесетін аутоиммундық ауруға шалдыққан.
«Меніңше, оның өлімі 100 пайыз вакцинамен байланысты. Мұны басқаша түсіндіре алмаймын», — деді әйел.
Сондай-ақ, ол Грегори Майклдың ешқашан шылым шекпегенін, тек арасында спирттік ішімдік тұтынғанын бөлісті. Күйеуі, тіпті, спортпен шұғылданып, бос уақытында балық аулаған. Рак секілді қауіпті аурулардың бар-жоғына дейін тексеруден өткен.
Вакцинаны салғаннан кейінгі үшінші күні ер адам алғаш рет аурудың асқынып жатқанын байқаған. Тері астына қан кететінін дәлелдейтін қызыл жаралар пайда болған. Тексеріс барысында дәрігерде тромбоциттер тапшылығы болғаны анықталды. Қазір аталған фактіге сай тексеріс жұмыстары жүріп жатыр.