Илон Маск әлемдегі ең бай адам болғаны туралы: «Біртүрлі екен»

0

Tesla және SpaceX басшысы Илон Масктың дәулеті 188 миллиард доллардан асып түсіп, ол әлемдегі ең бай адамға айналды. Ол осылайша 2017 жылдан бері көш бастап тұрған Amazon басшысы Джефф Безосты басып озды.

The Verge басылымы мәліметінше, Илон Масктың дәулеті 188 млрд долларды құрайды. CNBC мәліметінше, 2020 жылдың басында оның дәулеті небәрі 27 млрд доллар болып, ең бай 50 адамның да қатарына кіре алмаған. Алайда Tesla акциялары 9 есе қымбаттап, ол әлемдегі ең дәулетті жанға айналды.

2021 жылы Tesla жұмысын сәтті жалғастыруда: қаңтарда компания жоспарға сай, жарты миллион электромобиль шығарғанын бөлісті.

Еске сала кетсек, Forbes пен Bloomberg Жер шарындағы ең бай адамдардың тізімін жаңартпады. Ол жерде кәсіпкер әлі екінші орында тұр.

Илон Маскке оның бай адам екенін Twitter хабарлаған. Бастапқыда ол «Біртүрлі екен» деп, артынша «Олай болса, жұмысқа оралайық» деп жауап жазған.