Home Жаңалықтар Тәуекел Мүслімге келіншегі шекесі торсықтай ұл сыйлады

Тәуекел Мүслімге келіншегі шекесі торсықтай ұл сыйлады

0
3116
Сурет: instagram.com/mahonti__/?hl=ru

Шаңырақ көтерген танымал актер әрі әнші Тәуекел Мүслім әке атанды. Сүйіктісі оған шекесі торсықтай ұл сыйлады.

Актер Олжас Әлжанов желіде жұрттан сүйінші сұрап, өнердегі досының қуанышын бөлісті.

«Сүйінші, қазақ еліне +1 палуан. МашАллах, қасиетті жұма күні» деп жазды ол.

Әншіні өнердегі ағасы Ерлан Бұхарбаев ерекше құттықтады.

«Бүгін інім ұлды болды. Шын жүректен Тәуекел мен Махаббатты құттықтаймын. Баланың бауы берік болсын! Еліміздің үлкен азаматы болып өссін», – деп жылы лебізін білдірді Бұхарбаев.

Отбасының қуанышын желідегілер де бөлісіп, ақжарма тілегін арнады.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету