Қазақтың тұңғыш ғарышкері: «Партия мен парламенттен көңілім қалған, сайлауға бармаймын»

1

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров өзінің саяси өмірден көңілі қалғанын, сайлауға бармайтынын жеткізді, деп хабарлайды KzNews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл пікірін журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

«Партия мен парламенттен әбден көңілім қалған. Сайлауға бармаймын. Неге десеңіздер, сайланған кісі партия не айтты соны айту керек, соны қолдау керек, өз ойын, өз пікір жариялай алмайды. Олар партия қандай шешім қабылдады, соны ғана айтып, қолдау керек» деді ғарышкен.

«Мұндай ләббәйшілдік менің ойыма сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта басқа парламентті жинау керек. Мынау қырғыздар бізге үлкен үлгі, халық парламентін жинау керек. Бұрынғы уақытта халық өз өкілдерін өздері сайлайтын, өздері тағайындайтын. Қандай у-шу болса да халық өз адамдарын жіберетін, сонда ғана олар халықтың мүддесін қорғайды. Сонда ғана ақиқат ашылады» деді Т.Әубәкіров.