Сайлаудың арам ісіне мұғалімдерді араластырмаңыз: Мұғалім Аймағамбетовке ашық хат жазды

0
981

Әлеуметтік желідегі ұстаздардың тобында Айман Сағидулла есімді ұстаз министр Асхат Аймағамбетовқа алдағы болатын саяси науқанға мұғалімдерді араластырмау туралы ашық хат жазды, деп хабарлайды KzNews.kz ақпарат агенттігі.

«Асхат Аймағамбетов мырза! Халық үшін жасауыңыз қажет бір іс бар.

1. Мектепке сайлауды жақындатпау.
2. Мектеп мұғалімдері мен басшыларының комиссия мүшелігіне кіруіне тиым салу. (Қажет болса, заңға енгізу. )
3. Сайлау участкелерін мектеп ғимаратынан ашуға тиым салу.
Бұл сайлаудың арам ісіне мұғалімдерді араластырып, мұғалімнің беделін түсіруге жол бермеудің негізгі жолы.

Сондықтан мектеп пен мұғалімді сайлаудан қорғап, осы мәселені қолға алуыңызды сұраймын.

Құрметті әріптестер!

Қолдасаңыздар «қолдаймын» деп пікір қалдырыңыздар.

Құрметпен: Айман Сағидулла» деп қолды қойды ұстаз.