Тоқтар Әубәкіров: «Назарбаев лентасын қиған зауыттар, ол кері бұрылып кеткен соң жабылып қалады»

0

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров бұл пікірін журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

«Қазақстанда бүкіл жерде өтірік. Үкімет отыз жыл бойы тек өзін-өзі мақтаумен, өзін жарнамалаумен айналысып жатыр» дейді ғарышкер.

Тек өзім білетін сала туралы айтайын деген Т.Әубәкіров егін шаруашылығы саласындағы өтіріктер туралы да айтты.

«Назарбаев ашқан бір зауыт істеді ме? Айтыңызшы маған! Табыңдаршы Қазақстаннан! Сол кісі барып лентасын қиып, кнопкасын басқан… ол кісі бұрылды кетті, бәрі жабылды. Неге ешкім тексермейді. Солай біз өз елімізге, бүкіл әлемге өтірік айтып отырмыз. Үкіметте де, басқа жерде де басшылар тек өзінің пайдасына жұмыс істеп жатыр» деді Т.Әубәкіров.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері: «Партия мен парламенттен көңілім қалған, сайлауға бармаймын»