Еуропа Ресейден мұнай мен газ алуды азайтуы мүмкін

0

Еуропалық Одақтың (ЕО) атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газын азайту жоспарына байланысты Ресейдің Еуропаға энергиямен жабдықтауы 2040 жылға қарай төмендейді деп болжам жасалуда. Мұндай болжамды «Лукойл» стратегиялық даму жөніндегі вице-президенті Леонид Федун «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында айтты.

Оның пікірінше, алдағы 20 жылда Еуропаның мұнай нарығы екі есеге қысқаруы мүмкін. Газбен қамтамасыз ету де төмендейді, бірақ егер отынның осы түріне бағалар төмен болып қалса, құлдырау онша күшті болмайды.

Федунның айтуынша, «Лукойл» Еуропадағы өз кәсіпорындарын 2019 жылдың аяғында Еуропалық Комиссия бастаған «Жасыл келісім» жобасының жол картасы талаптарына сай модернизациялауы керек. Сонымен қатар, компания ірі мұнай-газ химия кешендерін салудан бас тартады. Лукойл 2035 жылға дейін төлеуге кепілдік беретін жобаларды жүзеге асырады.

Оның айтуынша, технология дамыған сайын пластиктерді шексіз қайта өңдеу мүмкіндігі бар. Нәтижесінде күніне 3-5 миллион баррель мұнайға деген сұраныс нарықтан кетіп қалады.

Керімсал Жұбатқанов