Үржарда «жеке жұмысын істеткен» бас дәрігерге қатысты тексеру жүргізіледі

0
109

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасының бас дәрігеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Жайық Жұмақанов жанжалды реттеу үшін өңірге өзі барды.

«Аудан әкімінің қатысуымен қызметкерлермен бірігіп жалпы жиналыс өткіздім. Бүгін арнайы комиссия құрылып, аталған ауруханаға барады. Сол жерде барлық оқиғаның мән-жайын анықтайды. Жақын арада медициналық мекемеде тексеру жүргізіледі», — деді Жайық Жұмақанов.

Бұдан өзге ол 13 медицина қызметкерінің шағымын тыңдағанын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының 1-орталық аудандық ауруханасының дәрігерлері мекеме басшысының үстінен шағымданған-ды.