Зейнетақының бір бөлігін алғаны үшін салынатын салықты төлеу мерзімі шегерілді

0
102
Сурет: depositphotos.com
Advertisement

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын алғанда жеке табыс салығын кейінірек төлеу құқығына ие болды. Мәжіліс осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Депутаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады.

Заң жобасында:

— біржолғы зейнетақы төлемдерін қолданған кезде жеке табыс салығын төлеуді кейінге қалдыру құқығын беру, сондай-ақ, оны есептеу, ұстау және төлеу тәртібін айқындау;

— пандемия салдарынан зиян шеккен секторларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне бөлшек сауда салығын төлеу құқығын беру үшін бөлшек сауда салығына арнайы салық режимін енгізу;

— микро, шағын және орта бизнес субъектілеріне бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салықтың мөлшерін анықтау құқығын беру.

Аталған заң жобасы ел президентіне жолданады.