Азияда әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағын құрылды
15 қарашада Оңтүстік-Шығыс Азия онлайн саммиті кезінде Азияның 15 елі әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойды.
Мемлекеттер тарифтерді төмендетуге және мәміленің барлық қатысушылары үшін бірыңғай сауда ережелерін құруға келісті. Қытай және басқа 14 Азия-Тынық мұхиты елдері әлемдегі ең ірі еркін сауда келісіміне қол қойды. Бұл туралы жапондық Nikkei Asia газеті хабарлады.
Келісімге 15 қарашада қатысушы елдер арасындағы сегіз жылдық келіссөздерден кейін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің онлайн саммиті кезінде қол қойылды. Aljazeera мәліметтері бойынша, бұл аймақ әлемдік экономиканың 30 %-ын, әлем халқының 30 %-ын және 2,2 млрд тұтынушыны құрайды.
Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестік (RCEP) келісіміне Қытай, Вьетнам, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Таиланд, Филиппин, Мьянма, Бруней, Лаос, Камбоджа, Жапония, Австралия, Оңтүстік Корея және Жаңа Зеландия қосылды.
Мемлекеттер тарифтерді төмендетуге және мәміленің барлық қатысушылары үшін бірыңғай сауда ережелерін құруға келісті. Келісімдер сауда, қызмет көрсету, инвестиция, электронды сауда, телекоммуникация және авторлық құқыққа қатысты.
Азияның ең ірі экономикалары Қытай мен Жапония үшін бұл еркін сауда туралы алғашқы бірлескен келісім. Осы келісім бойынша Қытайға экспортталатын жапондық тауарлардың 86 %-ына тарифтерді алып тасталады.
Керімсал Жұбатқанов