Тағдырым солай болды: 71 жастағы ақмолалық бірінші рет зейнетақы алды

0
415
Advertisement

Бұланды ауданының 71 жастағы тұрғыны бірінші рет зейнетақы алды.

Бұл туралы KzNews.kz ақпрат агенттігі inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, ведомство Бұланды ауданында пробациялық есепте тұрған тұлға жасы бойынша зейнетақы алу үшін құжаттарын рәсімдеуге көмек сұраған.

«Анықталғандай, 71 жастағы ер адам осы күнге дейін зейнетақы алмай келген, әр түрлі жұмыстан түсетін жалақыға күн көрген. Аудандық пробация қызметкерлері оның өтінішіне құлақ түріп, жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы құжаттарын рәсімдеуге көмектесті», – дейді Ақмола облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Ер адам осы күнге дейін құжаттарының рәсімделмеу себептерін түсіндірді.

«Тағдырым осылай болды. Құжаттарымның біразын жоғалтып алдым. Оның қалпына келтіру үшін ақшам болмады. Аудандық пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз. Енді аз да болса, зейнетақымды алатын боламын», – деп ағынан жарылды зейнеткер.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз