16 қарашаға арналған ауа райы болжамы

0
394
Advertisement

Бүгін елдің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Синоптиктер бүкіл республика аумағында ауа температурасы төмендейді деп болжады. Түнде елдің басым аумағында 10-18 градусқа дейін аяз болады. Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында – 2-13 градусқа дейін аяз. Республика аумағының кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстік жартысында көктайғақ болады.

Дүйсенбіде Солтүстік Қазақстан облысының басым аумағында түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы таңертең және күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.  

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райы

Астанада қар жауады. Күндіз 7 градусқа дейін, түнде 17 градусқа дейін аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 4 градус жылы.

Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы – 1 градус нөлден жоғары.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз