Роза Рымбаева: Күейуім — продюсерім ғана емес, өмірдегі ұстазым болды, сағынышымды ұлдарыма қарап басамын

0

«Тасқын – менің өнердегі ұстазым, продюсерім ғана емес, өмірдегі серігім, арқа сүйер ­азаматым болды. Бүгінде жиырма үш жыл отасқан жол­дасым Тасқынға деген сағынышымды есейіп келе жатқан ұлдарыма қарап басамын» деді Роза Рымбаева.

Бұл туралы KzNews.kz ақпараттық агенттігі Egemen.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Фонограммамен ән айту туралы заңға әнші: 

– Бұл дер кезінде қолға алын­ған, еліміздің өнер сала­сына деген жанашырлықтан ту­ған маңызды қадам. Соңғы жылдарда қоғамда көрерменнің, тыңдарманның талғамына ке­рі ықпал ететін, кәсіби дең­гейі төмен, фонограммамен танылған «жұлдыздар» кө­бейіп кеткені жасырын емес. Осының өзі әншілердің кәсіби әдебіне, мәдениетіне жат нәрсе. Тіптен тыңдарманды алдау де­сем қателеспеймін. Нағыз өнер адамы тыңдарманын та­биғи талантымен, ерекше дауысымен баурап алуы керек. Кезінде қалың көпшілікке ұсы­нылатын ән көркемдік кеңестің талқысынан өтетін. Осы орайда көркемдік кеңестің жұмысын қайта жандандыратын уақыт келген сияқты.