Измирдегі жер сілкінісінен кейінгі цунамидің видеосы пайда болды: ҚР Елшісі үндеу жасады
Түркия мен Грекияда жойқын жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік. Салдарынан бірнеше ғимарат қирап қалған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Видеодан Измирдегі жер сілкінісінен кейінгі цунамиді көре аламыз.
Айта кетейік, жер сілкінісіне байланысты Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook парақшасында мәлімдеме жасады.
«Өте Шұғыл! Өте маңызды! 2020 жылы 30 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 14.51 шамасында эпицентрі Измир провинциясының Сеферихисар ауданына жақын жерде, Эгей теңізінде 6.6 балдық (кейбір ақпарат көздеріне сәйкес, 6,8 немесе 7 баллдық) қуатты жер сілкінісі орын алды.
Зілзала Түркияның Эгей және Мармара теңіздерінің жағалауында орналасқан провинцияларында сезілді. ҚР Елшілігі тиісті түрік мемлекеттік органдары және мекемелерімен байланыс орнатып, мән-жайды анықтауда. Әзірше зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ.
Көмек қажет азаматтарымыз болған жағдайда тікелей Елшілік +903124919100 немесе төмендегі және тікелей маған хабарласуға болады.
А. Амандықов +905384409677
А. Сыдықов +905367772827
Л.Болатова +905396903114
Измир қаласындағы ҚР Құрметті Консулы
Фатих Карадениз +905323833135
Азра Ахмедиянова +905347023135», — делінген хабарламада.