Билл Гейтс коронавирус туралы: Осы күзде жағдай бұрынғыдан да нашар бола
Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс осы күзде коронавирусқа қатысты жағдай бұрынғыдан да нашар болатынын ескертті. Fox Business хабарлайды.
«Күз жаздан жаман болады», — деді ол. Гейтстің айтуынша, аурудың деңгейі қазірдің өзінде өсіп келеді, ал суық ауа райының басталуымен адамдар үйде көп уақыт өткізе бастайды, бұл инфекциялардың көбеюіне әкеледі.
Сонымен қатар, Microsoft негізін қалаушы вакцина жасалмас бұрын адамдарда вируспен күресудің бір ғана әдісі болғанын және бұл олардың мінез-құлқы екенін атап өтті.
«Өкінішке орай, бізде қатты шаршау пайда болды, бұл туралы көптеген негативтер пайда болды. АҚШ-дағы бетперде режимін сақтау іс жүзінде өте нашар», — деп қосты Гейтс.
Ол сондай-ақ коронавирустық пандемия ең жақсы жағдайда 2022 жылы аяқталады деп мәлімдеді.
Керімсал Жұбатқанов